14
бірлесе отырып оқып, (мұғалім оқиды, оқушылар топпен
қайталайды) таныс емес сөздер кездессе, белгілеп
отыру тапсырылады. Бұл сөздерді тақтада жаздырып,
аудармасы таныстырылады. Оқушылар аудара алмаса,
мұғалім өзі аударып, тақтада жазады, оқушылар сөздік
дәптерге жазып, жаңа сөздер қатарын толықтырады. Содан
соң балалар мәтіндегі сөйлемдерді тізбектей оқи отырып,
аударады. Соңынан әр сөйлемнен қиын деп санаған
сөздерді балалар дәптерге теріп жазады. Оларды әдетте
тірек сөздер деп атап, оқушылар тақтада жазып көрсетеді.
Осы сөздерге көңіл аударта отырып, мәтіндегі сөйлемдер
бойынша сұрақ қойылады. Бұл жерде сұрақты түрлендіріп
қою баланың сөйлеу тіліне, сөздік қорының молаюына
мүмкіндік береді.
Сұрақтар:
1. Мектептің жанында не бар?
2. Бақта не өседі?
3. Қандай жеміс ағаштары болады?
4. Жазда жеміс ағаштарын кім күтеді?
5. Күзде не піседі?
6. Күзде оқушылар не істейді?
7. Алма қандай жеміс?
Алдымен балалар бір-бірлеп жауап береді. Мәтінді
іштерінен тағы бір оқып, тірек сөздер көмегіне сүйене
отырып, тұтас әңгімелеп шығуға тырысады. Соңынан
толықтырушылар өз тілектерімен мазмұндаушының қате
тұстарын түзетеді.
Бұл бақта қандай жеміс өсетіндігіне көз жеткізген соң,
алма суретін көрсете отырып, оған сипаттама бергіземіз.
Тақтада алма суреті тұрады. Оның айналасына сызықтар
жүргізу арқылы, алманың қандай жеміс екендігін
оқушылардың өздеріне дәлелдетеміз. Олар әр сызықтың
тұсына өздері білетін сөздерді жазу арқылы алмаға
15
толықтай сипаттама беріп шығады. Қазіргі сабақ талабы
бойынша мұғалім тек бағыт-бағдар беріп ұйымдастырып
отыратын адам болғандықтан, ол алмаға сипаттама
бергізгенде оның түсі, көлемі, дәмі, күйі (қатты, жұмсақ
екендігі) туралы айту керектігін ескертіп отырады. Осы
тұста топты екіге бөліп, жарыс ұйымдастыруға да болады.
Ең соңында мынандай кесте пайда болады.
дәмді
қызыл домалақ
сары тәтті
көк қышқыл
үлкен кішкентай
ащы дәмсіз
Алғашында балалардың жауап беру мүмкіндігіне қарай
бірлесе отырып, шағын кесте жасатып, оның аумағын
кеңейтуді үйге тапсырма ретінде беруге болады. Немесе
жемістің бір түрін үлгі ретінде көрсетіп, әр оқушы жеке
өздеріне ұнайтын жеміс суретін салып, сол жеміс туралы
айтуына болады.Сабақ тақырыбына қарай сипаттама
беретін сөздер ауыстырылып отырады.
Жалпылама жеміс бағының суретін сала отырып, онда
өсетін жеміс аттарын да осылайша жасатуға болады.
Бақта адамдар қандай жұмыстар істейді деген сұраққа
жауап талап етіліп, етістіктер арқылы да кесте құратуға
болады.Оны былай да жазғызуға болады:
суарады
күтеді
Адамдар жинайды
салады
жасайды
жейді
алма
16
Үйге тапсырма ретінде бақтың суретін салып, ол
туралы мәтін құрауға тапсырма береміз. Балалар суретті
сала отырып, меңгерген сөздерді қатыстыра отырып,
сөйлемдер құрайды. Бала өз суретіне қарай отырып, сөйлем
құрауда қазақша-орысша сөздікті пайдалануды үйренеді.
Әдетте үй тапсырмасын беруде бала қабілетін ескереміз.
Тіл үйренуге бейім оқушылар сурет бойынша мәтін
құрап, оны ауызша айтатын болса, кейбір оқушыларға
суретті сала отырып, кітаптағы дайын мәтінді айтып беру
тапсырылады. Ал әлсіздеу қабілет көрсеткен оқушыға
мәтінді оқып аудару жұмысы беріледі.
Үй тапсырмасын айтқанда оқушы өз суретін қолға
ұстап, тақта алдында жауап бергенде, оларға қиындық
тумау үшін интерактивті тақтада өткенде меңгерген
сөздер аудармасымен шығып тұрады.Өзі үйде дайындаған
суретпен қоса жеке бетке өзі құраған сөйлемдерін
мұғалім тексеріп шыққаннан кейін (қатесі көп болса, қайта
көшіріп), оны жеке папкаға салып отырады.
Қазіргі оқулықтар модульдік оқытуға негізделіп
жазылғандықтан, бір модульге қатысты бірнеше тақырыпты
өткен соң, қорытындылау мақсатында үйге шығарма
беруге болады. Оқушылар тақырыпқа байланысты өздері
салған суреттерді жинақтай отырып, үйренген сөздері
арқылы бұл жұмысты зор ынтамен орындайды. Шығарма
мынадай сипатта болуы мүмкін:
Ауылда жеміс бағы бар. Бақта жеміс ағаштары
өседі. Олар: алма ағашы, өрік ағашы, алмұрт ағашы, шие
ағашы.Жазда адамдар бақты суарады. Күзде жемістер
піседі.
Адамдар жемістерді жинап, жәшіктерге салады.
Жемістер адамға пайдалы. Алма тәтті, ащы, жұмсақ,
қатты, кішкентай, үлкен болады. Күзде жемістер көп
Достарыңызбен бөлісу: |