53
Мемлекеттік жалау көгілдір түсті, ұзындығы – 2 метр, ені
– 1 метр. Жалаудың ортасында шұғылалы Күн бейнеленген.
Оның астында – қыран құс. Жалаудың сол жағында ұлттық
өрнек бар. Жалаудың авторы – Шәкен Ниязбеков.
«Таңбасыз ел болмайды, найзасыз ер болмайды»,-
дейді қазақ. Мемлекеттер елтаңбасында өсімдіктер немесе
жануарлар мен құстар суреттеледі. Мысалы, Австралияда
– түйеқұс, Ресейде – екі басты бүркіт, Қазақстанда – аңыз
пырақтары. Мемлекеттік Елтаңбада шаңырақ бейнеленген,
айнала уықтар шаншылған, оны пырақтардың қанаттары
көмкеріп тұр. Елтаңбаның жоғары жағында жұлдыз, ал
төмен жағында «Қазақстан» деген жазу бар. Елтаңбаның
авторлары : Шота Уәлиханов, Жандарбек Мәлібеков.
2006 жылы қаңтардың 7-де қабылданып, 11-де жаңа
әнұран алғашқы рет орындалды. Әнұранның сөзін жазған
– Нұрсұлтан Назарбаев, Жұмекен Нәжімеденов, ал, әні
–
Шәмші Қалдаяқовтікі.
Тапсырмалар:
- мәтіннің мазмұнын айту;
- мәтінде берілген мәлімет әр Қазақстан азаматына
керекті, неліктен?
- әңұранды айтып бер.
Қызықты мәлімет алуға арналған тапсырмалар:
І. «Хабар» арнасы, «Мысырлық ұлы адамдар»
бағдарламасы, «Ел-Арна»-«Азамат» жастар Парламенті»,
«Қазақстан»-«Көкпар» бағдарламасы
- не туралы;
- бір бағдарламаның мазмұнын айту;
- өз пікірін айту.
Диалог құру дағдыларын тексеруге арналған
тапсырмалар:
І. Досымен үй жануарлары туралы әңгімелеу, өз пікірін
айту;
54
ІІ. Серуенде сыныптасымен қызықты кітап, қала, отбасы
туралы әңгімелеу, өз пікірін айту.
Монолог құру дағдыларын тексеруге арналған
тапсырмалар:
І. Сүйікті пәні туралы әңгімелеу;
ІІ. Отбасының ұнайтын салт-дәстүрлері туралы әңгімелеу.
Жазбаша тіл дамыту дағдыларын тексеруге арналған
тапсырмалар:
І. Сіз Ресейдегі досыңыздан хат алдыңыз. Жауап беріп хат
жазыңыз: қала өмірі, өзіңіз туралы.
II. ҰБТ-ға арналған тестілердегі мәтіндермен жұмыс 5
тақырып бойынша берілген : 1) «Қазақстан Республикасы –
тәуелсіз ел», 2) «Қазақстан Республикасының географиялық
орны», 3) «Қазақстанның мәдениеті, өнері», 4) «Елтану»,
5) «Қоршаған орта».
11-сыныпта сабақты «разминка» ретінде тақырыптар
бойынша сұрақтармен бастаймын. Мысалы:
Қазақстан – тәуелсіз ел
1. Бұқаралық ақпарат құралдары.
2. Қазақстан ұлттық валютасы қай жылы енгізілген?
3. Елтаңбаның түсі қандай?
4. Елтаңбаның бес бұрышты жұлдызы ненің белгісі?
5. Елбасының «Қазақстан
–
2030» жолдауы жарияланған
жыл.
6. «Невада-Семей» қозғалысының президенті.
7. ҚР Мемлекеттік жаңа әнұран сөзінің авторлары.
8. Мемлекеттік туымыздың түсі ненің белгісі?
9. Мемлекеттік елтаңбаның авторлары.
10. ҚР рәміздері қабылданған жыл.
11. Ғылым Академиясының тұңғыш президенті.
12. Қазақстан елінің ақшасы.
13. ҚР Конституция күні.
14. ҚР Мемлекеттік Елтаңбасында не бейнеленген?
55
15. Ата Заңымыз қай жылы қабылданды?
16. Қазақстанда облыстар қай жылы құрыла бастады?
ҚР географиялық орны
1. Батыс Қазақстанда өндірілетін кенді анықтаңыз.
2. Шабғар деп Қазақстанда қай қаланы атаған?
3. Қазақстанның көне қалалары.
4. Қазақстанның орналасқан жерін анықтаңдар.
5. Қазақстанның ең ірі өзендері.
6. Әбу Насыр әл Фарабидің туған қаласы.
7. Қазақстанның солтүстігінде орналасқан қалалар.
8. Қазақстан солтүстігі мен батысында қай елмен
шектеседі?
9. XIX ғасырдың басында «Ақмешіт бекінісі» атанған
қала.
10. Арал теңізінің солтүстік-батыс бөлігінде орналасқан
қорық.
11. Қазақстанның көне қалалары.
12. «Екінші Мекке» деп атанған қала.
13. Қазақстанның ең биік шыңы.
14. Еліміздің көмір ошағы қай қала?
15. Алтай неге бай?
16. Батыс Қазақстанда не өндіреді?
17. Қостанай облысында не шығарады?
Қазақстанның мәдениеті, өнері
1. Қазақтың тұңғыш кинорежиссері.
2. Құрманғазының шәкірті.
3. Ш.Уәлихановтың шын аты.
4. «Отырар сазы» оркестрін ұйымдастырған композитор.
5. Қазақ бейнелеу өнерінің негізін салған суретші.
6. Сахнада Еңлік, Қыз Жібек бейнелерін ойнаған бұлбұл
әнші.
7. Қазақ, қырғыз халықтарының әдеби мұраларын
зерттеген ғалым.
56
8. Ш.Айманов еңбек еткен сала.
9. Қазақтың алғашқы академигі.
10. Қазақтың тұңғыш журналистері.
11. «Диуани лұғат-ат түркі» кітабының авторы.
12. Қазақтың ұлттық саз өнері аспабы.
13. Ә.Қастеевтің «Қарындасым» портреті қай өнер түріне
жататынын анықтаңыз.
14. Қазақ театрының алғаш шымылдығын ашқан пьеса.
15. 1925 жылы Парижде ән шырқаған әнші.
16. Әбілхан Қастеев кім екенін анықтаңыз.
17. Қай жылы қазақтың ұлттық театры ашылды?
Елтану. Қоршаған орта.
1. Қазақ халқының ежелгі баспанасы.
2. Қазақтың алғашқы академигі.
3. Мектепте қосымша кітап оқитын орынды анықтаңыз.
4. Қазақстанның жер көлемін анықтаңыз.
5. Кіші планетаға аты берілген қазақтың ғалымы.
6. Қаз дауысты Қазыбек қай жүздің биі?
7. Сидней олимпиадасының чемпионы атанған Қазақстан
спортшысы.
8. Талғат Мұсабаев кім екен?
9. Қабанбай батырдың шын аты.
10. Қазақ хандығында ең жоғары билеуші.
11. «Жеті Жарғы» заңдар жинағын жазуға қатысқандар.
12. Абылай ханның кеңесшілері болған билер.
Тапсырмалардың түрлері оқушыларды: ерекше ойлауға;
өз идеяларын ашық айтуға; болжамдар жасай білуге; берілген
мәселеге тереңірек бойлауға; білімге деген жетіспеушілігін
сезінуге (дискомфорттық); белгісізге қарай табысты түрде
қадамдар жасай білуге үйрете отырып, олардың бойларына
құзыреттілік қасиеттердің белгілерін қалыптастыратындай
орта жасауға болады екен деген пікірге келдім.
Достарыңызбен бөлісу: |