57
Күләш ШАЙДАЗЫМҚЫЗЫ,
Астана қаласындағы
№36 орта мектептің
қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі.
САБАҚ ЖОСПАРЫ –
МҰҒАЛІМНІң БАСТЫ ҚҰРАЛЫ
Мұғалімнің сабаққа дайындалуы – аса жауапты іс.
Мұғалім өзі оқытатын пәнді қанша жақсы білгенімен, әр
сабағына жеке даярланып отырмаса, оның сабақ оқытуында
ірі кемшіліктер болары сөзсіз.
Егер сабақ көңілсіз өтсе, мұғалім сабақты босаң және
енжарлықпен өткізсе, онда, сөз жоқ, бұл мұғалімнің сабаққа
дайындалу ісіне немқұрайдылықпен қарауы, сабаққа
деп бөлінген 45 минут уақытты толық әрі жан-жақты
пайдалануға деген оның ұмтылысының жоқ екендігінде деп
қарауға болады. Мұғалім әр кез «40 жыл мұғалім болып
істесең де, 45 минут сабағыңа әзірленуді ұмытпа!» дегенді
есте ұстауы керек.
Жақсы жоспарланған, мұғалімнің нәтижелі даярлығын
бейнелейтін сабақ сыныптағы оқу жұмысын ойдағыдай
өткізудің ең жақсы кепілі болады. Сондықтан сабаққа мұқият
дайындалу, оның мазмұны мен ұйымдастыру әдістемесін
ойластыру жұмысын әрбір мұғалім «өзімнің ең басты
міндетім» деп сезінуі тиіс.
Қазақ тілінен сабақ беретін мұғалімнің басты мақсаты
– оқушының қазақша ойлауын дамытуға көмектесу.
Ауызша сөйлеуге үйретуде мұғалім үнемі коммуникативті
сөйлеу мақсатындағы жағдаяттық тапсырмаларды сабақта
пайдаланғаны жөн, себебі оқушы мұндай тапсырмаларды
58
орындау үшін ізденеді, ойланады және әңгімеге араласады.
Осындай тапсырмалар негізінде оқу үдерісінің құрылымы
жаңғыртылады, өзгереді, сабақтың тиімділігі артады,
оқушылардың еркін ойлауына, қызығушылығын арттыруына
және жаңа сөздерді есінде тез сақтауына көмектеседі.
Осы тұрғыда мұғалім мен оқушы үнемі ынтымақты жұп
құруға және қарым-қатынасқа құрылған коммуникативті
тапсырмаларды орындауға әрекет етеді. Бұл мақсатта
интерактивті әдістерді қолдануға болады.
Мұғалім сабақты оқушы интерактивті қарым-
қатынасқа түсе алатындай жағдайда бастауы керек. Мұғалім
оқушылармен күнделікті жаңалықтар, ауа райы, тіршілік
және қоғам мәселелері тақырыптарында әңгімелесіп, уәж
тудырады. Сабақта уәж тудыру үшін тақырыпқа қатысты
1-2 танымдық сұрақ беруге болады. Жаңа тақырыпты
түсіндіру кезеңінде инновациялық әдістемені қолданудың
берері мол. Жаңа тақырып бойынша меңгеруге арналған
мәтін, сөйлеу жағдаяттық тапсырмалар арқылы оқушылар
тақырыпқа қатысты ойларын, жеке пікірлерін айтып,
талқылап, әңгімелесіп, бір-бірімен қарым-қатынасқа түсу
мүмкіндігіне ие болады.
Төменде мұғалімдерге әдістемелік көмек ретінде оқу
орыс тілінде жүретін жалпы білім беретін мектептердің
жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-сыныбына
арналған бір сабақтың толық жоспарын беріп отырмыз. Әр
сабақты нақты жоспарлап, тіл үйретуде амал-тәсілдерді
дұрыс таңдай білуіне септігін тигізер деген ниетпен сабақ
барысында пайдаланылған оқу материалдарын игертудің
амал-тәсілдерінің әрқайсысына жеке-жеке әдістемелік
түсініктеме берілді.
САБАҚ ЖОСПАРЫНЫң үЛГІСІ
Сабақтың реттік саны_____ Өткізілетін уақыты ___
Сабақтың тақырыбы: Отбасылық бюджетті басқару.
59
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға коммуникативтік
бағытта берілген тапсырмаларды меңгерту, коммуникативтік
дағдысы мен білігін қалыптастыру.
Сабақтың міндеттері: білімділік - экономика, отбасылық
бюджет, қаржы саласындағы жиі қолданылатын лексика
мен грамматиканы сөз, сөз тіркестері, сөйлем деңгейінде
меңгерту; дамытушылық - қатысымдық тұрғыдағы әр түрлі
тапсырмаларды орындау барысында оқылым, тыңдалым,
сөйлесім, жазылым дағдыларын, өзіндік көзқарасын
қалыптастыру, экономикалық ой-өрісін дамыту; тәрбиелік
- оқушылардың қаржылық сауаттылығын арттыру, жеке бас
және отбасы бюджетін басқару негіздері бойынша білімін
жетілдіру.
Типі: аралас сабақ. Әдісі: сұрақ-жауап, қатысым әдістері.
Көрнекілігі: компьютер, интерактивті тақта, электронды
оқулықтар. Оқыту формасы: жеке-дара, жұптық.
Пәнаралық байланыс: экономика, математика.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі (2 минут):
1. Балалармен сәлемдесу.
2. Ұйымдастыру сұрақтары (кезекшімен сұхбат,
күнделікті жаңалықтар, ауа райы, қоғам мәселелері туралы
әңгіме өрбіту).
ІІ. үй тапсырмасын сұрау (10 минут).
ІІІ. Жаңа сабақ (25 минут):
1. Тыңдалым. Жаңа сөздер мен сөз тіркестерін
тыңдаңдар, сөздіктен қарап аударыңдар.
Отбасы мүшелері, басқару, жоспарлау, анықтау, кіріс,
шығыс, төлем, жарату, қаржылық мақсат, қаржылық
жоспар, нұқсан келтірмеу, құн, қатаң тәртіп, қаражат,
сұраныс, еңбекақы, қажеттіліктерге жұмсау.
2. Айтылым. Берілген сөз тіркестерін қатыстырып,
сөйлем құрастырып айтыңдар.
60
Отбасы мүшелері, бюджетті жоспарлау, қаржылық
жоспар, қатаң тәртіп, еңбекақы, қажеттіліктерге
жұмсау.
3. Тыңдалым. Мәтінді мұқият тыңдаңдар.
Отбасылық бюджетті басқару – тұтас бір өнер. Шын
мәнінде, бұл
–
әдетте, бір айлық мерзімге құрылатын
отбасының ақшалай кірісі мен шығысын реттеу жоспары.
Отбасылық бюджетті жылдам әрі қалай болса солай
жұмсай беретін болса, онда ол ешқашан ең негізгі
қажеттілікке де жетпейтін болады. Отбасының бюджетін
жоспарлап, оны кішкентай балаға дейінгі отбасының барлық
мүшелері сақтауы тиіс.
Отбасының әрбір мүшесі өзінің жеке кірісі мен шығысын
анықтап алуы қажет және өзінің құрған бюджетінің орындалу
жауапкершілігін өз мойнына алуы тиіс. Мектеп жасындағы
оқушының да, студенттің де “өз” ақшасы болуы мүмкін,
егер бірінші айдың өзінде олардың жұмсаған шығыны өзінің
қаржы шегінен асып кетсе, онда екінші айда оған тәбетін
азайтып, шығын жұмсау ісіне салмақтырақ қарауға тура
келеді.
Біз әркез ақшаның жетіспеушілігіне шағымданамыз.
Ақшаны біз, әрине, табамыз, бірақ ол құм сияқты қолдан
сусып кете береді. Балалар еркелікпен қажеті шамалы
заттарды сатып алуды талап етулерін азайтса, үлкендер
жағы сәнділік пен бос шығынға әкеп соқтыратын жаман
әдеттеріне ақшаны аз жұмсайтын болса, бұл – отбасы
бюджетіне нұқсан келтірмей, әр отбасының өз қаржылық
мақсаттарына жетуіне мүмкіндік берері сөзсіз.
Үнемделген ақшаның тапқан ақшадан еш өзгешелігі
жоқ. Еңбекпен келген 1000 теңге мен үнемделген 1000
теңгенің құны бірдей. Ең бастысы, жеке қаржы есебі мен
отбасылық бюджетті жоспарлау ғана отбасының жарқын
болашағына үміт беретінін отбасының әрбір мүшесі терең
Достарыңызбен бөлісу: |