«Қызмет адамының жеке-бас қасиеттері» Адалдық пен туралық


Жамағат рухына ие болудың белгілері қандай?



жүктеу 1,1 Mb.
Pdf просмотр
бет91/127
Дата01.11.2023
өлшемі1,1 Mb.
#44106
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   127
Шынайы адам

Жамағат рухына ие болудың белгілері қандай? 
1.
Ешкімді қорламау, басқаларды ренжітетіндей әрекеттерден сақтану. Мүмін 
адам ӛзіне айыптаушы, ал басқаға қорғаушы кӛзімен қарауы керек. Адамның 
кемшіліктерін іздеу - әдепсіздік, оларды әркімге айту - кешірілмес қателік. 
Жеке адамдардан байқалған қате әрекеттер жұмсақ және жылы сӛздермен 
жойылуы керек.
2.
Адам ӛзін қатардағы адамдардың бірі деп санауы керек, қарапайымдылықты 
ӛзінің ерекшелігі етуі керек. Тәкаппарлық пен менмендікке шақыратын 
жағдайларға бой алдырудан аулақ болуы керек, жоғары мақам және жоғары 
деңгейде болған кездерінде де ӛзін әрдайым қарапайым адам қатарында 
санауы керек. Адамның осындай байсалды әрекетке енуі оның ӛзінің 
кемелдігімен қоса сол жамағаттың рухтық жетілгендігін де кӛрсетеді.
3.
Мүмін адам бүлік пен арандатушылықтан барынша аулақ болуы тиіс
әрдайым жақсартудың, оңалтудың жағында болуы тиіс. Ақиқат мүміндер 
әрдайым бейбітшіліктің, тыныштықтың және қауіпсіздіктің қорғаушылары 
болып табылады.
4.
Жамағат рухына ие адамдардың арасында мықты сенім бар. Олар бір-
бірлеріне сенеді және басқаларға сенімді үйретеді. Жолдастарын ешқашан 
депрессияға ұшыратпайды және олардың иман және Құран қызметіне деген 
құштарлығына нұқсан келтірмейді.
5.
Қол жеткізілген жетістіктер жеке қызмет пен жетілудің нәтижесі деп емес,
жамағатқа келген иләһи жақсылықтан деп танылуы керек, солай әрекет 
жасалуы тиіс. Бұл уахдет пен махаббатқа себеп болумен қатар рухани бір 
шүкіршілік те болып саналады.
Жамағат 
Суфиян бин Уейне былай дейді: «Адамдар бір жерге жиналып, Аллаһ (жәллә 
жәләлуһ) туралы айтса шайтан және (пәнилігіне байланысты) дүние ол жерден 
алыстайды. Шайтан ренжіп дүниеге:
-
Мына адамдардың істегенін кӛріп тұрсың ба?- дейді. Дүние оны жұбатып: 
-
- Сен оларға қазір жақындама... Бұл жерден шыққан соң мен оларды 
біртіндеп ұстап, саған әкелемін,- дейді.
Сондықтан да Аллаһтың рақымшылығы жамағатта. Кӛптеген қайырлы істердің 
шешімдері сол жамағаттарда қабылданған, берекелі нәтиженің алғашқы тұқымдары сол 
жамағаттарда егілген.
Адам сондай жиындарда қаншалықты кӛп болып, үйін, ісін сондай жағдайға 
ыңғайласа шайтан мен дүниенің тұзақтарынан соншалықты құтқарылады. Сол 
жиындардың атмосферасы кӛп жерге таралып, барлық жерде солар сӛйлеуі керек, 
ӛмірімізді сол жердегі нұрлы түсініктермен түрлендіруіміз қажет.
«Мен келмесем де сіздермен біргемін» дейтіндер - нұрлы жауын жауған сол ауа 
райы мен сол қазынаның мәнін сезіне алмағандар. «Жүрегім сендермен бірге» 
дегендердің сӛзі дастархан басындағы адамдарға «Ойым сендерде» дейтін адамның 
сӛзіндей ӛтімсіз, медицина факультетін оқымай диплом сұрап, «Ойым сендермен бірге 
еді» деген студенттің жазғыруы секілді жеткіліксіз болып табылады
160
.

жүктеу 1,1 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   127




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау