Сусындар
173
Б
ұ
хари, Зебаих, 13, М
ү
слим, Зебаих, 52
174
Ба
қ
ара, 2\173
175
Ә
н
ғ
ам, 6\121
176
Ба
қ
ара, 2\173
177
Маида, 5\96; Фатыр, 35\12
178
Ә
бу Дауыт, Тахарет, 41; Тирмизи, Тахарет, 52
92
Дінімізде адамды мас қылатын, ақылдық және рухтық тепе-теңдікті бұзатын,
жүйке жүйесін құртатын барлық сусын түрі харам етілген
179
. Пайғамбарымыз да бұл
мәселеге қатысты былай дейді: «Барлық мас қылатын нәрсе - хамр (шарап), әр хамр -
харам»
180
, «Кӛбі мас қылатын нәрсенің азы да харам»
181
.
Осы аяттар мен хадистерден ала отырып барлық фыкых мезхептерінде мас
қылатын ерекшелігі бар барлық сусын түрлері харам деп қабылданған. Ӛйткені, мас
қылатын сусындар әдетке айналып, оны аз ішетін адам бара-бара кӛп ішуге бет алады,
әдеттену артқан сайын сол мӛлшер әсер етпейтіндіктен адам бара-бара мӛлшерін де
арттыра береді.
Пайғамбарымыз бір хадисінде ішімдікті шығарушының, шығартушының,
ішушінің, тасушы мен тасытушының, таратушының, сатушының, одан пайда
түсірушінің, сатып алушының, ұсынушының, пайдасын кӛрушінің лағнеттелгенін
білдіріп мұндай адамдарды ауыр түрде айыптаған
182
. Ислам ғалымдарының кӛпшілігі
осы хадис пен күнә істеуде ешкімге кӛмек беруге болмайтыны туралы қағидаға сүйене
отырып
183
шарап шығаратын адамға жүзім сатуды да, ішімдік ӛндіру мен тұтынуға
кӛмектесуді де дұрыс деп санамайды.
Темекі шегу харам ба?
Тәуелділіктердің кең тараған түрі және кӛп сӛз болатыны - темекіге тәуелділік.
Темекінің зарарсыз екенін айту қазір ғылыми және медициналық тұрғыдан
мүмкін емес болғанына қарағанда мәселені діни тыйымдар шеңберінен толығымен тыс
ойлауға болмайтыны күмәнсіз. Ғалымдар темекінің құрамындағы никотиннің және
темекі түтінінің денеде қатерлі ісіктен жүйке жүйесінің бұзылуына дейін бірқатар зарар
мен ауруларға жол ашатынын айтады. Құранда «Ӛздеріңді ӛз қолдарыңмен қатерге
тікпеңдер...» (Бақара, 2\195) деп бұйырылған, пайғамбарымыз да «Тікелей зарар
келтірме, зарарға зарармен жауап қайтарма»
184
деп, адамның ӛзіне де, басқаларға да
зиян тигізбеуін негізгі діни қағида екенін айтқан. Темекінің шеккен адамға да,
айналасындағы адамдарға да зиян келтіретіні назарға алынатын болса Аллаһ
қақысының да, құл ақысының да бұзылатынын айтуға болады.
Мәселенің ысырап жағы да бар. Ысырап – мал-мүлікті бос жұмсау деген сӛз.
Құранда «Жеңдер, ішіңдер, бірақ ысырап етпеңдер» (Араф, 7\31) деп бұйырылған,
расулуллаһ та әрдайым мӛлшермен әрекет жасауды бұйырған, мал-мүліктің босқа
жұмсалуына тыйым салған. Темекіге жұмсалатын шығынның темекіге тәуелді адамның
осы тәуелділігі назарға алынса ысырап болмайтындығы, тіпті маңызды бір
қажеттілігінің ӛтелуі деп саналады деген пікір дұрыс емес. Ол адамның бай болуы
оның ысырап екендігінің алдын алмайды.
Мына нәрсені де ұмытпау керек: отағасы әйелінің, балаларының және отбасы
мүшелерін асырауға, мұқтаж туыстарына қарайтын еркектер сол мұқтаж жандарды
асырауға міндетті. Осындай қаржылық міндеті бар адамдардың осы жауапкершілігін
ақсататындай түрде темекіге ақша жаратуы діни тұрғыдан және адамдық және
моральдық тұрғыдан қабылданбас жағдай болып табылады.
Темекі шегудің фыкыхтық үкімі зарар, ысырап және асырау жауапкершілігі
сияқты түрлі жақтардан қарастырылуы мүмкін. Осыларға қарап темекі шегудің харам
екенін айтуға болады. Қорқор, насыбай сияқты әдеттер де осы шеңберде
бағаландырылады. Сондай-ақ, наша, апиын, героин, кокаин, морфин сияқты есірткі
179
Ба
қ
ара, 2\219; Ниса, 4\43
180
Б
ұ
хари, Едеб, 80; М
ү
слим, Ешрибе, 73
181
Тирмизи, Ешрибе, 3;
Ә
бу Дауыт, Ешрибе, 5
182
Ә
бу Дауыт, Ешрибе, 2; Тирмизи, Б
ү
й
ү
, 58; Ибн Маже, Ешрибе, 6
183
Маида, 5\2
184
Ибн Маже, Ахкам, 17; Муватта, Акзие, 31
93
заттар алкогольді ішімдіктердің денеге әкелетін әсерінен кӛп әсерге ие болғандықтан
харам болып саналады.
Достарыңызбен бөлісу: |