Ӛмір кейде бізді қинауы мҥмкін
Жағымсыз жағдайларды ешнәрсе бомағандай қабылдау да дұрыс әрекет емес.
Жағымсыз жағдайлар орын алғанда адамның ішінде пайда болған реніш, ашу, қайғы
сияқты сезімдерді толығымен басып тастау дұрыс емес. Маңыздысы - осы сезімдерді
салмақтылықпен қабылдап, бақылауға алу. Біздегі бар сезімдер бізге Аллаһ тарапынан
берілген. Бұл сезімдердің адам денсаулығы тұрғысынан сезінілуі керек және олар
бақылауда болуы керек. Реніш пен ашу адамды алға ұмтылдыруы керек. Бетіміз
қайтарылғанда ренжиік, бірақ бұл біздің жігерімізді қамшыласын.
Болған жағдайлар кейде адам үшін дүниенің соңы секілді болып кӛрінуі мүмкін.
Егер ондай жағдайдан жол тауып шықса дүниенің соңы емес екендігін түсінеді. Тіпті,
біраз уақыттан соң ол жағдай күлкілі болып қалуы да мүмкін.
Мына нәрсені ұмытпау керек, дүние проблемасыз болмайды және адамның ӛмірі
де осыған байланысты қиындықсыз болмайды. Ол мәселелерге немқұрайлы қарамау
керек, бірақ оларға артық мӛлшерде мән беріп, кӛпіртудің қажеті жоқ. Ӛмір ӛзгеріп
отырады, бір жүйемен ақпайды. Адам сол ӛмірдің бір жағын ғана басынан кешірмейді.
Яғни, адам сүрген ӛмірін әрдайым бақытты немесе әрдайым бақытсыз етіп ӛткізбейді.
Реніш те, қуаныш та адамдар үшін.
Аспанның әрдайым ашық болып, жұлдызы жарқырап тұрмайтынын білетін адам
жаңбырлы күні қайғырмайды. Ұлы Жаратушының жаратқан барлық нәрсесіне
шүкіршілік етіп, тәуекел етуі керек. Шүкіршілік етіп, жағымсыз сезімдерді жағымды
сезімдерге айналдыру адамның ӛз қолында. Ал, бұл адамның сезімдерін бақылауда
ұстауына байланысты.
Ӛмірдің ащы қиындықтары
Қарт шебер шәкіртінің үздіксіз жасай берген шағымдарынан жалығып кетеді.
Бір күні оны тұз әкелуге жұмсайды. Ӛміріндегі барлық нәрсеге ризалық танытпайтын
шәкірті келгенде қарт шебер оған бір уыс тұзды бір стақан суға салып ішуін сұрайды.
Шәкірті қарт адамның айтқанын істейді, бірақ іше сала аузындағысын түкіре
бастайды. «Дәмі қандай екен?» деп сұраған қарт адамға ол ашумен «Ащы» деп жауап
береді. Сонда шебер шәкіртінің қолынан ұстап, сыртқа шығарады. Үнсіз басып, кӛлдің
жағасына апарып, шәкіртіне бір уыс тұзды кӛлге тастап, сосын одан су алып ішуін
сұрайды.
Айтқанын істеген шәкіртіне шебер «Дәмі қандай?» деп сұрайды. Шәкірті
«Жақсы» дейді. «Тұздың дәмі бар ма?» деп сұрағанда шәкірті «Жоқ» деп жауап береді.
Сонда қарт адам судың жағасында отырған шәкіртінің жанына келіп, былай
дейді:
«Ӛмірдегі қиындықтар тұз секілді. Бірақ, оның ащылығы оның неге
салынғанына байланысты. Қиындығың болған кезде жасайтын нәрсең сол қиындық
туғызған нәрсеге қатысты сезімдеріңді кеңейту. Сондықтан сен де енді стақан емес, кӛл
болуға тырыс».
Кӛңілін иләһи Нұрдың рақымымен нұрландырып, шүкіршілік пен тәуекелмен
кеңейткен адамның кӛңілі бір стақан суға қарағанда кӛл секілді. Міне, дәл сол секілді
рухани қуаныштарға жету үшін кӛл болу керек.
|