Редакциялау күні
31.10.2018
Сақтау күні
15.01.2019
Дата редакции
31.10.2018
Дата скачивания
15.01.2019
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов
Республики
Казахстан в электронном виде
3) қарым-қатынастың коммуникативтік мақсаты
мен кәсіби саласына сәйкес
ауызша және жазбаша сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.
6. Бағдарламаны меңгеру нәтижесінде білім алушы келесі оқу нәтижелеріне
ие болады:
1) лексиканы, грамматикалық білім жүйесін, интенцияны (ниеттерін)
білдірудің прагматикалық құрамын жеткілікті көлемде білу негізінде тілдік және
сөйлеу құралдарын дұрыс таңдау және пайдалану;
2) мәтіннің нақты мазмұнын беру, олардың тұжырымдамалық ақпаратын
қалыптастыру, бүкіл мәтіннің және оның жеке құрылымдық элементтерінің
қорытынды бөлімдерін (прагматикалық фокус) сипаттау;
3) мәтіндік ақпаратты түсіндіру, әлеуметтік-мәдени, қоғамдық-саяси, ресми-
іскерлік және кәсіби салалардағы қарым-қатынас мәтіндеріне стильдік және
жанрлық ерекшеліктерін сертификаттау талаптары көлемінде түсіндіру;
4) қарым-қатынас жағдайына сәйкес ақпарат сұрату және хабарлауға,
қатысушылардың іс-әрекеттеріне баға беру, сертификаттау талаптарына сәйкес
таным мен қарым-қатынас жағдайында әңгімелескен адамға әсер ету құралы
ретінде ақпаратты пайдалану;
5) тілдің,
мәдениеттің, қарым-қатынас саласы ерекшеліктерінің
сертификаттау талаптарына сәйкес жеке тұлғалық, әлеуметтік және кәсіби қарым-
қатынас жағдайларында сөйлеу мінез-құлық бағдарламаларын құруға;
6) пікірталастарда этикалық, мәдени, әлеуметтік маңызы бар мәселелерді
талқылауға, өз көзқарасын білдіруге, оны дәлелді түрде қорғауға,
әңгімелесушілердің
пікірін сыни бағалауға;
7) өзінің жеке ниеттері мен қажеттіліктерін (тұрмыстық, оқу, әлеуметтік,
мәдени) жүзеге асыру, оларды этикалық жағынан дұрыс, мағыналы толық,
лексика-грамматикалық және прагматикалық тұрғыда жеткілікті дәрежеде
жариялау мақсатында әртүрлі қарым-қатынас салаларындағы жағдаяттарға қатыса
алуға;
8) жалпы қабылданған нормаға, функционалдық бағытқа сәйкес белгілі бір
сертификаттау деңгейіне сай келетін лексика-грамматикалық және прагматикалық
материалдарын
пайдалана отырып, тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени, ресми-іскерлік
мәтіндерді құрастыруға қабілетті бола алады.
Редакциялау күні
31.10.2018
Сақтау күні
15.01.2019
Дата редакции
31.10.2018
Дата скачивания
15.01.2019
Қазақстан Республикасының электронды нысандағы нормативтік құқықтық
актілердің эталонды бақылау банкі
Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов
Республики Казахстан в электронном виде
Достарыңызбен бөлісу: