Строительные нормы республики казахстан


(Өзгерт.ред. – ҚТҮКШІК 05.10.2022 ж. №192-НҚ бұйрық)



жүктеу 2,52 Mb.
Pdf просмотр
бет12/81
Дата10.10.2023
өлшемі2,52 Mb.
#43732
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   81
СН РК 1.03-00-2022

згерт.ред. – ҚТҮКШІК 05.10.2022 ж. №192-НҚ бұйрық).
 
4.9 Объект құрылысы басталғанға дейін тапсырыс беруші (құрылыс салушы) 
мердігерлік құрылыс ұйымына құрылыс-монтаж жұмыстарының басталғаны туралы 
хабарламаны қабылдау туралы талонның көшірмесін береді. 
4.10* Мердігер құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуге мемлекеттік сәулет-
құрылыс бақылауы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы 
органның құрылымдық бөлімшесінде тіркелген құрылыстың басталғаны туралы хабарлама 
(құрылысқа мұндай хабарлама алу талап етілмейтін объектілерден басқа), сондай-ақ 
құрылыс саласында құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту 
қағидаларына сәйкес тіреу және қоршау (сыртқы) конструкцияларын, инженерлік жүйелер 
мен жабдықтарды өзгертуге байланысты қолданыстағы ғимараттар мен құрылыстардың үй-
жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта 
жабдықтауға) рұқсат беру құжаттары болған кезде ғана кіріседі.
 (Өзгерт.ред. – ҚТҮКШІК 
05.10.2022 ж. №192-НҚ бұйрық).
4.11 Тапсырыс беруші (құрылыс салушы) шарт (келісімшарт) негізінде құрылысты 
жүзеге асыратын мердігерге ол бекіткен жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын, 
барлық объектіге немесе жұмыстардың белгілі бір кезеңдеріне арналған жұмыс 
құжаттамасын, сондай-ақ құрылыс қалдықтары мен қоқыстарды оларды қайта өңдеу және 
(немесе) кәдеге жарату орындарына шығару жөніндегі жұмыс құжаттарын береді. 
4.12 Жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын Тапсырыс беруші (құрылыс салушы) 
жұмыстарды жүргізуге «Жұмыс өндірісіне» мөртабанын қою арқылы және Тапсырыс 


ҚР ҚН 1.03-00-2022 

беруші тарапынан объектіні салуға жауапты лауазымды тұлғаның қолымен құжаттайды.
4.13 Объектіні немесе оның бір бөлігін салу жөніндегі жұмыстарға тапсырыс беруші 
жергілікті атқарушы органдардан осы құрылыс нормаларына Б
-
қосымшаға сәйкес нысан 
бойынша құрылыс үшін нақты жер учаскесін беру туралы шешімді алғаннан кейін ғана 
дайындық кезеңіндегі алаңнан тыс және алаңішілік жұмыстарды толық көлемде орындауға 
кірісуге рұқсат етіледі. 
4.14 Геодезиялық бөлу негізін құру топырақтың өсімдік қабатын кескеннен және 
алдын ала тік жоспарлау орындалғаннан кейін геодезиялық жұмыстар өндірісінің арнайы 
жобасы бойынша орындалады. Бұл ретте күрделі және эксперименттік объектілерді, 
сондай-ақ технологиялық жабдықтарды монтаждау үшін жоғары сапалы геодезиялық 
жұмыстарды орындауды талап ететін өнеркәсіптік объектілерді тұрғызу үшін геодезиялық 
жұмыстар өндірісінің жобасын әзірлеу талап етіледі. 
4.15 Күрделі емес объектілерді салу кезінде ҚҰЖ және ЖӨЖ түсіндірме 
жазбаларында «Геодезиялық жұмыстар» бөлімін әзірлеу талап етіледі. 
4.16 Ғимараттар мен құрылыстарды салу басталғанға дейін құрылыс уақытында 
қажетті және ҚҰЖ және ЖӨЖ-де көзделген су бұру, алаңнан тыс және алаңішілік тұрақты 
және уақытша жолдарды және инженерлік желілерді (су, жылу, энергиямен жабдықтау 
және су бұру) орнату жөніндегі жұмыстарды жүргізу қажет. 
4.17 Егер ҚҰЖ немесе ЖӨЖ-де (тұрғызу ЖӨЖ жобасында басқа мерзімде көзделген 
жер асты құрылымдарын қоспағанда) өзгеше көзделмесе, ғимараттың (имараттың) немесе 
оның бөлігінің жер асты бөлігін (жер асты құрылымдарын) салу және шұңқырларды, 
траншеялар мен қуыстарды топырақты табиғи жағдайда тығыздыққа дейін немесе жобада 
берілген тығыздыққа дейін нығыздап қайта көму жөніндегі жұмыстарды бастауға жол 
берілмейді. 
4.18 Егер құрылыс алаңы қолайсыз табиғи құбылыстар мен геологиялық процестердің 
(селдер, көшкіндер, батпақтану, опырылу, су басу және тағы басқа) әсеріне ұшыраған 
аумақта орналасса, геодезиялық бөлу негізін құрғаннан кейін алаңішілік дайындық 
жұмыстарын орындау басталғанға дейін бірінші кезекте арнайы жобалар бойынша бірінші 
кезектегі іс-шаралар мен аумақты көрсетілген процестерден қорғау жөніндегі жұмыстар 
орындалады. 
4.19 Жобада көзделген мерзімде объектінің құрылысын қамтамасыз ететін көлемде 
алаңнан тыс және алаңішілік дайындық жұмыстарының аяқталуы осы құрылыс 
нормаларына Б-қосымшаға сәйкес нысан бойынша актімен расталады, мердігерлік 
ұйымның қатысуымен Тапсырыс беруші мен мердігердің (бас мердігердің) қолдарымен 
ресімделеді. 
4.20 Объектінің құрамында типтік және бірнеше рет қайталанатын ғимараттарды, 
құрылыстар мен олардың бөліктерін (қазандық, компрессорлық және сорғы станциялары, 
трансформаторлық 
қосалқы 
станциялар, 
транспортер 
галереялары, 
өндірістік 
ғимараттардың жапсарлас үй-жайлары және тағы басқалар) тұрғызу кезінде технологиялық 
желілерді, агрегаттарды, қондырғылар мен инженерлік жабдықтарды монтаждау кезінде 
дайындаушы-кәсіпорындарда және құрастыру-жинақтау цехтарында жабдықтарды, 
инженерлік жүйелер мен құрылымдарды блоктарға біріктіру жолымен құрылыс алаңынан 
тыс жұмыстардың ең көп көлемін орындау көзделуі тиіс, сондай-ақ монтаждау 
ұйымдарының базаларында және оларды құрылысқа блоктар түрінде жеткізу. 
4.21 Жиынтықты-блоктық әдісті қолдана отырып құрылыс өндірісін ұйымдастыру 
жобалау құжаттамасында көзделген шешімдерге сәйкес құрылыс алаңына блоктар 
жиынтықтарын, ірілендіретін құрастырмаларды дайындауды, жеткізуді және олардан 
объектіні салуды көздейді. 
4.22 
Блоктарды 
дайындаушы-кәсіпорындардан, 
құрастыру-жинақтау 
кәсіпорындарынан және базалардан оларды жобалық жағдайға орнату орнына жеткізу ҚҰЖ 


ҚР ҚН 1.03-00-2022 

және ЖӨЖ-де көзделген объектіні салудың қатаң технологиялық реттілігімен жүргізіледі. 
4.23 Желілік объектілерді (көлік және байланыс, мелиоративтік жүйелер, электр беру 
желілері және тағы басқа) және құрылыс ұйымдарының тұрақты орналасқан жерлерінен 
едәуір қашықтықта орналасқан объектілерді салу кезінде, сондай-ақ қажет болған жағдайда 
аса маңызды құрылыстарда мамандандырылған ұйымдардың жекелеген жұмыс түрлерін 
орындауы үшін күштерді шоғырландыру қажет болған кезде жұмыстарды негізінен ұтқыр 
құрылыс құралымдары жүргізуі қажет және энергетикалық қамтамасыз ету 
құрылғыларымен, сондай-ақ құрылыс қажеттілігі үшін өндірістік, қоймалық, қосалқы, 
тұрғын 
және 
тұрмыстық 
мақсаттағы 
ұтқыр 
(мүкәммалдық) 
ғимараттармен 
жарақтандырылған. 
4.24 Мамандандырылған жабдықтардың және тиісті даярланған кадрлардың болуын 
талап ететін жұмыстарды (әлсіз топырақты жасанды химиялық, криогендік және термиялық 
бекіту, жер асты коммуникацияларын траншеясыз төсеу, мұнара үлгісіндегі биік 
құрылыстарды монтаждау, химиялық және ыстыққа төзімді жабындарды орнату және тағы 
басқа) мамандандырылған құрылыс ұйымдары орындауы қажет. 
4.25 Объектілерді салу процесінде құрылыстың барлық қатысушыларының жобалық 
құжаттаманың, нормативтік құқықтық актілердің және нормативтік техникалық 
құжаттардың талаптарын, ал күрделі және эксперименттік объектілерді, сондай-ақ 
өндірістің аса күрделі әдістері бар объектілерді тұрғызу кезінде құрылысқа арналған 
жобалық құжаттамада қамтылған ерекше нұсқауларды сақтау қажет. 
4.26 Дайындық кезеңінде ғимараттар мен құрылыстардың құрылыс өндірісін 
ұйымдастыру кезінде тұрақты және уақытша жолдарды, кірме жолдар мен айлақтарды салу, 
қойма шаруашылығын құру, жобаланған тұрақты ғимараттар мен құрылыстарды уақытша 
пайдалану мүмкіндігін ескере отырып, құрылыс қажеттілігі үшін қажетті көлемде тұрғын 
үй және әлеуметтік-тұрмыстық мақсаттағы және коммуналдық шаруашылық үй-жайларын 
дайындау орындалады. 
4.27 Шағын аудандарды, қалалар мен ауылдық жерлерде ғимараттар мен құрылыстар 
топтарын салу жөніндегі жұмыстарды уақтылы өрістету және қажетті жұмыс шегін құру 
үшін құрылыс ұйымдарына бірінші кезекте көлік коммуникациялары мен инженерлік 
желілерді жүргізуді қамтамасыз ету қажет. 
4.28 Жолдар топологиясын және олардың параметрлерін (ұзындығы, орналасуы, 
жабыны) таңдау барлық автокөлік құралдарының қызмет көрсетілетін аймақтарға кедергісіз 
өтуін көздейтін құрылыс алаңындағы автокөліктің қозғалыс сызбасының негізінде жүзеге 
асырылады. 
4.29 Жол құрылысының реттілігі келесі кезеңдерден тұрады:
автокөлік қозғалысының сызбасын жасау; 
жол түрін таңдау; 
жолдардың сипаттамалары мен құрылымдарын анықтау. 
4.30 Қажет болған жағдайларда (егер жобада көрсетілгенмен және белгіленген 
тәртіпте келісілген жағдайда объект құрылысы кезеңінде жұмыс өндірісінің шекарасы 
ұлғайтылса) ҚБЖ ЖӨЖ әкімшілік полиция органдарымен (құрылыс алаңына кіретін 
жолдарды орналастыру кезінде көшелерді толық немесе ішінара жабу жағдайларында) 
және жергілікті атқарушы органдармен келісу қажет. 
4.31 Әрбір құрылыс объектісінде: 
Тапсырыс берушінің, мердігердің, жобалау ұйымының атауын және олардың жауапты 
өкілдерін, Тапсырыс берушінің техникалық қадағалау басшыларын, құрылыстың (қайта 
жаңартудың) басталу және аяқталу мерзімдерін, объектінің сызбалық сызбаларын және 
жалпы ситуациялық сызбаны, құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізудің басталуы туралы 
талондағы тіркеу нөмірін көрсете отырып, хабарлама деректерін көрсете отырып, салынып 
жатқан (қайта жаңартылып жатқан) «Объектінің паспорты (ақпараттық қалқан)» объектісі 
туралы ақпаратты көру үшін қолжетімді жерде орналастыру қажет; 


ҚР ҚН 1.03-00-2022 
10 
осы құрылыс нормаларына В-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жұмыстарды жүргізу 
журналы және арнайы журналдары болуы керек; 
объектінің күрделілік деңгейін ескере отырып, тапсырыс беруші мен мердігер 
арасындағы мердігерлік шартқа енгізілетін арнайы журналдар туралы тармақтарға сәйкес 
қабылданған жұмыстардың жекелеген түрлері бойынша журналдары болуы тиіс; 
жасырын жұмыстарды куәландыру, жауапты құрылымдарды аралық қабылдау, 
жабдықтарды, жүйелерді, желілер мен құрылғыларды сынау және сынау актілерін жасау 
керек; 
мердігердің жекелеген жұмыс түрлеріне сәулет, қала құрылысы және құрылыс 
саласындағы нормативтік техникалық құжатта көзделген атқарушылық құжаттаманы 
ресімдеуге, сондай-ақ объектіде осы сызбалар немесе нобайлар бойынша (сәйкес) заттай 
орындалған жұмыстардың сәйкестігі туралы және жобалау ұйымы мен тапсырыс берушінің 
келісімі бойынша оларға енгізілген өзгерістер туралы журналдардағы жазбалары бар 
жұмыс сызбалары жиынтығының болуы міндетті. 
4.32 «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Қазақстан Республикасы 
Заңының шеңберінде іске асырылатын объектілерде құрылыс объектісіне қатысты 
қоршаудың қасбетінде орналастырылатын маңдайшаларда, тақтайшаларда және ақпараттық 
сипаттағы басқа да аспалы элементтерде үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсаттың не 
Тұрғын үй құрылысы бірыңғай операторының кепілдігінің бар/жоқ екендігі туралы ақпарат, 
сондай-ақ сондай-ақ жергілікті атқарушы орган берген тиісті рұқсаттың/тұрғын үй 
құрылысы бірыңғай операторының кепілдігінің нөмірі мен күні көрсетіледі.тиісті 
рұқсаттың нөмірі мен күні міндетті түрде көрсетіледі. 
Осы талап «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Қазақстан Республикасы 
Заңының 3-бабының 4-тармағында көрсетілген құрылыс объектілеріне қолданылмайды. 
Алаңға кіру кезінде объектінің атауы, құрылыс салушының (Тапсырыс берушінің), 
жұмыстарды Орындаушының (мердігердің, бас мердігердің) атауы, объект бойынша 
жауапты жұмыс жүргізушінің және мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау 
органы немесе құрылысқа жетекшілік ететін жергілікті атқарушы орган өкілінің тегі, 
лауазымы және телефон нөмірлері, объектінің схемалары, құрылыс-монтаж жұмыстарының 
басталу және аяқталу мерзімдері көрсетілген ақпараттық қалқандар орнатылуы қажет. 
«Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 
шеңберінде іске асырылатын объектілерде ақпараттық қалқанның жоғарғы оң жақ бөлігінде 
үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсаттың болуы/болмауы туралы мәліметтер 
орналастырылады,бірыңғай оператордың рұқсаты мен кепілдігінің нөмірі мен күні туралы 
мәліметтерді көрсете отырып (мәтін көлемі ақпараттық қалқанға орналастырылатын кез 
келген басқа мәтін үшін 2 кеглядан кем болмауы тиіс. 
Жұмыстарды Орындаушының атауы мен телефон нөмірін құрылыс алаңынан тыс 
жұмыс орындарының мүкәммалдық қоршауларының қалқандарында, ұтқыр ғимараттар мен 
құрылыстарда, ірі габаритті жабдықтау элементтерінде, кабель барабандарында және т. б. 
жазады. 
4.33 Жұмыстардың жекелеген кезеңдері аяқталғаннан кейін (ғимараттардың жер асты, 
жер үсті бөліктерін тұрғызу және тағы басқа) алаңды қажеттілігі жоқ уақытша ғимараттар 
мен құрылыстардан уақтылы босату қажет. Сонымен бірге уақытша су, энергия және 
жылумен жабдықтау желілерін уақтылы ажырату және бөлшектеу қамтамасыз етіледі. 

жүктеу 2,52 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   81




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау