ІІІ БӨЛІМ.
Қазақ әдебиеттану ғылымының қалыптасу жолдары
мократтық бағыттағы ақын-жа зу-
шылар шығармашылығы жан-жақ-
ты қарастырылған. Олар туралы
тарихи деректердің молдығы мен
көбісінің шығармаларының жарық
көруі зерттеушілерге ғылыми және
теориялық тұрғыда терең талдаулар
жасауға кең мүмкіндік бергені анық
байқалады. Солай дей тұрғанымызбен,
енді ғана зерттеу нысанасына түсіп,
әдебиет тарихындағы орны белгілене
бастаған Жаяу Мұса, Әріп, Балуан
Шолақ, Бекет секілді ақындардың
шығармашылығын сөз етуде био-
графизм мен монографиялық очерк
сипатына бой ұру басым. Қазақ
аулындағы тап тартысын жырлаудағы
«шеберлігін» танытуға қарай көбірек
ден қою, ағартушылығын танытуға
ұмтылу маркстік-лениндік қағидалар
шеңберінен
шығармай
қойған.
Өнерпаздық, ақындық тұлғасы мен
шығармашылық мұрасы кеңінен та-
ныстырылған С. Торайғыров, С. Кө-
беев, С. Дөнентаевтардың өзі екі
түрлі мәдениет туралы лениндік
қағиданы дәлелдеуге деген тұсаулы
ой өлшемімен қарастырылды. Оның
заман талабынан туындаған себептер
де жоқ емес еді. В. Ленин көрсеткен
«буржуазиялық-ұлтшылдық» әдебиет -
тің бағыт-бағдары мен сипатын
танытуға ерекше көңіл аударылып
отырылған кезеңде қалыптасып
отыр ған әдіснама ықпалынан шығу
еш мүмкін болмады. Содан да болар
еңбекте «ескішіл, діншіл, ұлтшыл»
деп табылған ақын-жазушыларға
же ке орын беруден көрі, олар ту-
ралы атылар ой-түйіні мен берілер
баға «ХХ ғасыр бас кезіндегі қазақ
әдебиеті» аталатын алғашқы тарау-
да тұжырымдалып тасталған. Онда
бұлардың осы дәуір әдебиетінің өкілі
ретінде орын ала алмау себептері бір
түсіндірілсе, екіншіден «тұрпайы
социологизм» ықпалында айтылған
ой-пікір ғылыми әдіснамалық тұр-
ғыда дәйектелді. Дегенмен еңбек-
тің орта және жоғары мектепте осы
дәуір әдебиетті өкілдерінің шы-
ғармашылығын оқыта бастауға негіз
болуы мен ғылыми зерттеу нысана-
сына жан-жақты алуына жолбасшы
болғанын жоққа шығаруға болмайды.
Мысалы, «Оқу-ағарту жүйесі және
баспасөз» атты тараудың тарихи де-
ректерге негізделген танымдық си-
паты ұлттық баспасөз тарихын зерт-
теуде жаңа қадамдар жасауға негіз
салды.
«Қазақ әдебиеті тарихының» ке-
ңестік замандағы дәуіріне арналған
ІІІ томның екі кітабы 1967 жылы жа-
рық көрді. Олардың ғылыми-зерт-
теу шілік ой-пікірдің бағыт-бағдары
мен жалпы сипаты өзімізде қазақша
(1958), орысша (1960) және Мәскеуде
1960 жылы басылған «Қазақ совет
әдебиеті тарихының очеркіндегі»
жүйеден көп ауытқи қойған жоқ.
Кеңес дәуіріндегі әдебиетті іштей
кезеңдерге бөлгенде «соғысқа де-
йінгі бесжылдықтар дәуіріндегі
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У
358
Достарыңызбен бөлісу: |