ІІ БӨЛІМ.
Қазақ әдебиеттану ғылымының туу дәуірі 1900-1904 жж.)
құралында Сәкен қазақ фолькло-
рын заман талабына орай маркстік-
лениндік әдіснама тұрғысынан жү-
йелі түрде зерттеуді мақсат еткен.
М. Әуезов пен Х. Досмұхамедов
сияқты автор да халық әдебиетінің
барлық жанрларын ғылыми жү йе-
де классификациялап, оның ішкі
түрлерін саралап, көне тарихты көр-
кем туындыларымен сабақ тас ты ра
қарау негізінде тың бағыт, ғы лыми-
зерттеушілік ой-пікірдегі үл кен
арнаға айналған жаңа жол бастады.
Бұл еңбек С. Сейфуллин шығар-
машылығын зерттеген Т. Кәкішев,
С. Қирабаев, М. Ғабдуллин, Р. Бер-
дібаевтардың монографиялық ең-
бек терінде, С. Мұқановтың Сәкен
шығармаларының VІ томына жаз-
ған алғы сөзі мен Т. Кәкішевтің
мақаласында, бірнеше коллективтік
зерттеу еңбектер мен мақалаларда
өз бағасын алды. Осы ғалымдардан
асырып айта алмасақ та оқулықтың
сол кездегі ұлттық әдебиеттану
ғылымының туу дәуіріндегі ғылыми-
зерттеушілік ой-пікірге қосқан жа-
ңашылдық сипаты мен іздену, зерт-
теу жолында орын алған кейбір
кемшіліктерін атай кеткенді жөн
саналық. 1928 жылы қазақтың ал-
ғашқы университетінің ашылуы
кезінде заман талабына сай оқулық
тапшылығынан туған бұл еңбек –
ұлттық әдебиеттану ғылымының туу
кезеңі үшін үлкен жаңалық бол ды.
Осы университетте халық әдебиетінен
лекция оқыған С. Сей фуллин бұл
еңбекті жазудағы мақсатын: «Бү-
гінге дейін қазақ әдебиеті туралы
жазылған ештеңе жоқ. Әсіресе ескі
ел әдебиеті туралы жазылған ештеңе
жоқ. Ескі ел әдебиеті туралы ештеңе
жоқтығы былай тұрсын, сол ескі
ел әдебиетінің жинақтары да жоқ.
Сондықтан «Қазақ әдебиеті» тура-
лы бірдеме жазу ескі ел әдебиетін
іздеп, құрастырып жинастыру өте
қажет екендігі соңғы жылдарда қатты
сезілді», – деп атап көрсетеді. Автор
қазақ әдебиетінің тарихын екі дәуір-
ге бөліп, әрқайсысын жеке тексе ру-
ді жоспарлаған. Біріншісін – билер
дәуірінің әдебиеті десе, екіншісін –
қазақ елінің Ресей патшалығына ба-
ғынған дәуір әдебиеті деп жіктеудегі
мақсатын кіріспеде айтып өтеді.
Қазақ әдебиеттану ғылымында қа-
зақ әдебиетін дәуірге бөлуде тұрақ-
ты терминге айналмаған осы «би-
лер дәуірінің әдебиеті» деп бөлу
еңбекте автордың кейбір пікір қай-
шылықтарына ұшырауына себеп
болған. Әдебиет тарихын зерттеудегі
маркстік-лениндік әдіснаманы бас-
ты бағыт ретінде ұстағандықтан да
С. Сейфуллин «Ауыз әдебиеті – тіл
өнері де сол замандағы үстем таптың
қызметінде мықты құралы болған»
деген пікір білдіріп, батырлар жы-
рын талдағанда «Шора батыр» жы-
рын «қанаушы тап идеологиясы
ту ғызған» десе, «Қамбар» жырын
ең бекші, яғни қаналушы таптың са-
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У
135
Достарыңызбен бөлісу: |