Дернәсілдері қырыққабат түн
көбелегінің барлық жастагы
жұлдызқұрттарына шабуыл жасайды, бірак солардың ішінде
ұнататыны III жастағы жұлдызқүрттар. Қоректенуін тоқтатып,
есейген дернәсілдер иесінің денесінен шыгады да,
топырақ
арасында
қуыршаққа
айналады.
Қырыққабат
көбелегі
жұлдызқүрттарыныц паразиттермен залалдануын жоғаргы жастагы
жұлдызқұрттардың даму немесе олардың жаппай қуыршақтану
кездерінде анықтайды.
Фороцера-Рогосега agilis
R. шыбыны сыңар көбелек пен
буынтық
көбелек
жұлдызқұрттарының
бейімделген
сыртқы
паразиті. Паразит шыбындардың әрекеті әдетте зиянкестердің
жогаргы жастагы жұлдызқұрттарының
даму кезеңінде немесе
олардың қуыршақка айналган кезінде білінеді. Фороцераның даму
кезеңі біржылдық. Олар
маусым айынан бастап келесі жылгы
көктемге дейін
диапауза
күйінде жатады. Шыбындар қыстаған
мекендерінен маусым айының басында
сыңар көбелектің екінші
және үшінші жастагы жүлдызқүрт-тарының дамуы кезінде шығады.
Фороцера
үшып шыққаннан кейін 5-7 күн өткен соң жүмыртқалауға
кіріседі. Шыбындар жүмыртқаларын үшінші-бесінші жастагы
жүлдызқүрттарда аяқтайды да. топырак арасында жалган піллә
жасап, сонда қыстайды.
Блефарипода-Blevariplwda schineri
Mesn. сыңар көбелек пен
буынтық
көбелек
жүлдызқұрттарының
ішкі
паразиті.
Шыбындардың жыныс мүшелерінің жетілуі 1
айга созылады және
ол үшін олар міндетті түрде
долана, шеңгел, сүттіген
және басқа
гүлді
өсімдіктердің
гүл
шырындарымен
қоректенуі
керек.
Блефариподаның өсімталдыгы өте жогары-бір аналық шыбын 500
жүмыртқага
дейін
салады.
Жүмыртқаларын
өсімдік
жапырақтарының үстіңгі бетіне орналастырады. жүмыртқаларының
түсі
ңара,
өте үсақ келеді. Көбелек жүлдызқұрттары жапырақпен
паразиттердің жүмыртқаларын коса жүтады. Паразит дернәсілінің
дамуы иесінің қуыршақ фазасында аяқталады. Жетіліп, қоректенуін
тоқтатқан дернәсілдер
иелерінің денесін тастап, топыракқа енеді де,
сонда жалган пілләға айналып қыстап қалады.
Блефарипода
жогарыда аталган зиянкестердің икемделген
паразиттері болгандықтан олардың 90%-га жуыгын залалдап
қүртады. Бүл паразит шыбын қарагай көбелегінің жүлдызқүрггарын
залалдап, олардың сан мөлшерін 30-40% -га дейін кемітеді.
372