Б. К. Копжасаров «Өсімдік коргау жоне карантин» кафедрасынын



жүктеу 16,49 Mb.
Pdf просмотр
бет161/190
Дата01.10.2023
өлшемі16,49 Mb.
#43615
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   190
2b0936db-98be-4c50-b1dc-5b5d01e6f4e9

-С һ . P e r la
L.
342


Жылына 2 үрпақ беріп көбейеді. Бұл түрдің қуыршағы пілләга 
оранган күйінде жерге түскен жапырақтардың астында, топырак 
арасында, кейде агаш қабығының астында қыстап шыгады. 
Ересектерінің ұшып шығуы мамырдың үшінші онкүндігінде, ал 
жаппай үшуы 
маусымның басында байқалады. 
Бүл түрдің 
ересектері негізінен өсімдік бітелерімен қоректенеді, өте қомағай 
болады. Олардың бір жүбы 10 күн ішінде орта есеппен жеміс 
бітелерінің 700-ден астамдарагын жеп қүртатыны анықталды. Біраз 
күн қоректеніп алған соң (5-6 күн) аналықтары жүмыртқалауға 
кіріседі. Олар жүмыртқаларын жеміс бітелерінің арасына жекелеп 
орналастырады. Маусымның бірінші онкүндігінде дернәсілдер 
шыға бастайды. Басқа алтынкөздердің дернәсілдері сияқты оларда 
жылдам қозғалады және өте қомагай келеді. Әрбір дернәсіл өзінің 
даму кезеңінде жеміс бітелерінің 900-ден аса дарагын жеп қүртады.
Ақжолаңты алтынкөз.
Алматы жеміс аймагында кең таралган. 
Ересектері ақшыл жасыл түсті, арқасында үзынынан созылған ақ 
жолагы бар. Қанаттарының өрісі 27-29 мм. Дернәсілдері жеміс 
бітелерімен және жеміс кенелерімен қоректенеді. Ақжолақты 
алтынкөз қуыршақ фазасында пілләға оранған күйінде қыстайды. 
Ересектері маусымның бірінші онкүндігінде ұшып шыгады. Бір 
аналық орта есеппен 248 жұмыртқа салады. Дернәсілдері 
хризоопа
вентралистің
дернәсілдеріне үқсас, денесін қоқым жауып түрады. 
Зертхана жағдайында дернәсіл фазасы 16-17, куыршақ фазасы 12- 
15, ал толық кезеңі 35-37 күнге созылады.
Кәдімгі алтынкөз
басқаларына Караганда өте кең таралған, 
сондықтан ол жиі кездеседі. Ересек алтынкөздердің түсі ақшыл- 
жасыл, кеудесі мен қүрсақ жагыньщ арка жагында сары жолагы бар. 
басында қара дақтары жоқ. Қанаттарының өрісі 24-26 мм (4-сурет). 
Қазақстанның оңтүстік-шығыс бөлігінде ол жылына 2 ұрпақ беріп 
өсіп-өнеді. 
Өзбекстанда 
олар 
сарай 
мен 
түргын 
үйлердің 
саңылауларында, ал Молдавияда от жагылмайтын ағаштан жасалган 
әртүрлі құрылыстардың жарық-сызаттарында, ағаш қабықтарының 
астында кыстайды.
Алматы жеміс аймағында кэдімгі алтын көздердің басым 
көпшілігі қысқа қарай Іле Алатауының қарагайлы биік беткейлеріне 
қарай 
ауысып. 
сонда 
жуан 
кәрі 
қарагайлардың 
қопсыған 
қабықтарының астын мекендейді.
343


4-сурет.К әдім гі алты нкөз (C h .cam ea S tep li.),
(Ch.dubits MacLach.,Ch.vittata Wesm.).
Олар таудың қарагай өсетін биік белдеулерінің ең жоғарғы 
шегіне дейін көтеріледі. Олардың ең көп молшерде шогарланып. 
жиналатын қыскы мекендері теңіз деңгейінен 2500-2800 метр 
жогары орналаскан. Суық күзде және ерте көктемде жүргізілген 
зерттеулерге 
Караганда 
қарағайлардың 
кейбіреулерінің 
кабықтарының астынан табылған алтынкөздердің саны 800-ге 
жеткен.
Алтынкөздер 50-60 болып топтанып, қабықтардың ең астына 
діңгектіц жылтыр бетіне бауырлай жабысып, ағаштың өн бойын 
өрлей (3-4 м биіктураке дейін) үйқыга кетеді. Бірақ алтынкөздердің 
түстері өзгермей жап-жасыл күйінде сақталады. Ал миграция 
жасамай 
егіншілік 
аймагында 
эртүрлі 
ағаштардың 
ескі 
қабықтарының астында, сарай, қора және басқа адам түратын және 
түрмайтын үйлердің қабыргаларыныц жарықтарына, басқа да 
паналарга еніп қыстап шыгатын алтынкөздердің түстері жаздың 
аягында қызғылттанып қоңыркай тартады. Алтынкөздердің қысқы 
ұйқыдан оянуы және төмен жазыққа қарай миграция жасауы 
олардың орналасқан қысқы мекендерінің бпіктігі мен ауа райы 
жагдайына байланысы әртүрлі мерзімде басталады. Ауа райы 
қалыпты жылдары олар сәуірдің соңгы күндерінде оянады да, 
мамырдың бас кезінде жаппай үша бастайды. Жоғарыда көрсетілген 
биіктуратегі 
тау 
беткейлері 
қардан 
түгел 
босаган 
кезде 
алтынөздердің 
миграциясы 
да 
аяқталады. 
Қыстап 
шыққан 
алтынкөздер 
біраз 
қоректеніп 
алган 
соң 
(негізінен 
гүл
шырындарымен қоректенеді), мамырдың бірінші жартысында 
жұмыртқа салуға кіріседі.
344


Кәдімгі алтынкөз жұмыртқаларын бір-бірлеп ағаш. бұта және 
шөптесін өсімдіктердің әртүрлі мүшелеріне салады. Мәселен, 
жүргізілген зерттеулерде, алма агашынан жиналған 8000-ға жуық 
жүмыртқалардың 67% жапырақтың үстіңгі бетіне, 28,2% астыңғы 
бетіне, 2% жапырақ жиегіне, 1,1% жапырақ сагагына, 1,3% алма 
жемісіне, 0,1 ағаштың бүтағына орналасқан екен. Жұмыртқалаудың 
дамуы үш күннен 21 күнге дейін созылады. Жұмыртқа салу кезеңі 
өте шұбалаңқы. Қыстап шыққан үрпақтың дарақтарын ерте 
көктемнен бастап. жаздың ортасына дейін кездестіруге болады. 
Олардың өсімталдығы да әртүрлі жағдайларға байланысты озгеріп 
түрады. Әр аналық дарақтың өсімталдыгы орта есеппен 800 
жүмыртқаға тең.
Алматы жеміс аймагында кәдімгі алтынкөздің дернәсілдері 
мамырдың екінші онкүндігінде шыға бастайды. Бірақ олардың 
табиғатта көп мөлшерде кездесуі маусымның бірінші онкүндігінде 
байқалады. Дернәсілдер 3 рет түлейді. Жүмыртқадан ең алғаш 
шыққан дернәсілдің жалпы түсі қоңыр болады. Олар өте жылдам, 
тез қозгалады. Жүмыртқадан шыға салысымен тамақ іздеуге 
кіріседі. Егер қоректік заттар жоқ болса, онда қасындагы ішінде 
дернәсілі бар басқа жүмыртқаны сорып қояды. Кэдімгі алтынкөз 
дернәсілдерінің негізгі қорегі-өсімдік бітелері. Дернәсілдердіц 
қоректік заттарды талдау қабілеттілігі жақсы жетілгендігін көрсетті. 
Тәжірибеде алтынкөздің дернэсілдеріне 6 түрлі өсімдік бітесі 
берілді (алма, өрік, алхоры, қарақат, алмүрт агаштарынан). Сонда 
дернэсілдердің 
басқаларынан 
гөрі 
алманың 
жасыл 
бітесін 
ұнататындығы 
анықталды. 
Бұл 
түрдің дернәсілдері 
өсімдік 
бітелерімен 
қатар 
өрмекші 
кенелерді, 
эсіресе 
олардың 
жүмыртқаларын қарқынды түрде жеп қүртады. Алтынкөздердің 
дернәсілдері өте қомағай келеді. Бір дернәсіл өзінің даму кезеңінде 
жеміс бітелерінің бір мыңдай дарагын құртатындығы анықгалды. 
Дернәсілдердің даму үзақтыгы ауа райы жагдайына және қоректік 
заттардың қорына байланысты 25°С-да 13, ал17°С- 22 күн дамиды. 
Қоректенуі тоқталған соң дернәсілдер ақшыл сары түсті борпылдақ 
піллэ тоқиды да, соның ішінде қуыршаққа айналады. Олардың 
пілләларын 
шнратылып 
қалған 
жапырақтың 
ішінен, 
аташ 
қабыгының 
астынан 
және 
баска 
да 
қалтарыс 
паналардан 
кездестіруге болады. Қуыршақтың дамуы 11-15 күнге созылады. 
Одан кейін қуыршақтан келесі үрпақтың дарағы шығады.Кәдімгі
345


алтынкөз өсімдік бітелері мен өсімдік кенелерінен басқа да бірқатар 
зиянкестермен қоректене алады. Кейбір мәліметтерге Караганда ол 
50 шақты зиянды Бөжектердің пәрменді энтомофагтары. Осыган 
байланысты ол кейбір зиянкестерге қарсы биологиялық күресте 
қолданылады. Біздің елімізде кэдімгі алтынкөзді негізінен көкөніс 
және техникалық дақылдардың, әсіресе жылыжайларда өсірілетін 
көкөніс дақылдарының зиянкестеріне қарсы пайдалану жақсы 
нәтиже берген.
Тапсырма:
Торканаттылардың 
негізгі 
топтарын
анықтамасын дәитерге толтыру және суретін салу.
Биқылау сураңтары:
1. Қазақстанның оңтүстік-шыгысында қапша түрі табылды?
2. 
Зиянды 
жәндіктерді 
жеп, 
шаруашылыққа 
пайдасын 
тигізетіндері қандай түрлерін білесіңдер?
3. 
Кәдімгі 
алтынкөзбен 
ақжолақты 
алтынкөздің 
негізгі 
айырмашылығы неде?
346



жүктеу 16,49 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   190




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау