педагогтың кәсіби стандарты
әзірленген. Кәсіби
стандартты әзірлеу мақсаты-педагогқа қажетті іскерлік пен дағдылар,
білімдер мен құзыреттерді сипаттау. Бұл стандарт бойынша мұғалімдердің
санаттары өзгертіледі, мұғалімдердің еңбек функцияларының даму
деңгейлері анықталатын болады. Педагогтың кәсіби стандартында бес еңбек
функциясы анықталған: оқыту, тәрбиелеу,әдістемелік,зерттеу,әлеуметтік-
коммуникативтік.
Қазақстан Республикасының
«Білім туралы»заңында
педагогтардың
негізгі құқықтары мен міндеттері анықталған. Аталған заңның 7-тарауының
50-51-баптарында
педагог қызметкердің мәртебесі, құқықтары, міндеттері
мен жауапкершілігі
анықталған.
2.3.Мұғалімнің кәсіби іс-әрекетінің сипаттамасы.
Іс-әрекет ұғымы
ғылымаралық ұғымдар қатарына жатады, себебі ол педагогика, психология,
әлеуметтану, философия, мәдениеттану сияқты көптеген әлеуметтік-
гуманитарлық ғылымдардың зерттеу нысандарының бірі. Кез келген жеке
тұлғатек өзінің белсенді іс-әрекеті арқылы ғана дамитыны белгілі.
Сондықтан адамтану ғылымдарының барлығы өз тұрғысынан адам санасы
мен іс-әрекеттін зерттеуге тырысады.
Психологиялық тұрғыдан қарастырғанда,
іс-әрекет
-адамның қоршаған
дүниемен белсенді қарым-қатынаста болуы арқылы өзін субъектілік
позицияға қоюы ретінде қарастырылады. Педагогикалық көзқарастар
бойынша,
іс-әрекет – қоғамдық және жеке тұлғалық маңызды нәтиже
беретін бір мақсатқа бағытталған белсенділік.
Өзіндік жеке іс-әрекеттері
арқылы адам басқа әлеуметтік іс-әрекеттерге араласады. Іс-әрекеттің
25
құрылымына мотив, мақсат, құрал, іс-қимылдар, нәтиже, бағалау сияқты
компоненттері кіреді .
Педагогикалық-психологиялық
ғылымдар
саласында
іс-әрекет
теориясының
дамуынаС.Л.Рубинштейн, А.Н.Леонтьев,П.Я.Гальперин т.с.с.
психологтардың зерттеулері негіз болған. Іс-әрекет компоненттері бір-
бірімен тығыз байланыста болып біртұтас жүйені құрайды. Бұл жүйедегі
компоненттер өзара бірі-біріне тәуелді, олардың кез келген компонентін
алып тастасақ, толыққанды атқарылған іс-әрекет болуы мүмкін емес. Әрбір
компонент өзіндік маңызды рөл атқарады.
А.Н.Леонтьевтің пікірінше,
мақсат
кез келген іс-әрекеттің жүйе
құрастырушы компоненті болып табылады. Шынымен, мақсатсыз іс-әрекет
болуы екіталай. Әр адамның алдына қойған жақын және алыс мақсаттары
болады.
Мотив
деген компоненттің ішіне адам үшін маңызды рухани,
материалдық, әлеуметтік, табиғи-биологиялық қажеттіліктері кіреді.
Іс-қимылдар, операциялар
– іс-әрекеттің негізгі компоненттерінің бірі.
Кез келген іс-әрекет жүйелі түрде орындалатын түрлі іс-қимылдар тізбегінен
құралады. Мысалы тұру, жүру, отыру, көтеру, әкелу, ашу, жабу, жүгіру
сияқты қимылдар мен қатар қарау, тыңдау, есту, оқу, талдау, тұжырымдау
т.с.с. ойлау операциялары да бар.
Іс-әрекет мақсатына қарай
құралдар
таңдалады. Құралдардың өзіндік
ерекше орын алатыны белгілі. Олардың өзі іс-әрекет мақсатына байланысты
таңдалып еңбек құралдары, ойын құралдары, тіл құралдары, оқыту
құралдары т.с.с. бөлінеді.
Іс-әрекет
нәтижесі
деген компонент тұлға үшін маңызды
компоненттердің бірі. Жоғарыда аталып келе жатқан компоненттердің
барлығы осы
нәтижеге
қол жеткізуге бағытталған.
Бағалау
компоненті – іс-әрекет мақсатына жетудің өлшемі. Тұлға
орындаған іс-әрекетінің табысты немесе табыссыз аяқталғанына баға береді.
Білім беру саласындағы іс-әрекеттік тұрғыдан қарау теориясы
сана
мен
іс-әрекеттің
бірлігі деген психологиялық теорияға негізделеді. Бұл
теорияны түбегейлі меңгеру болашақ мұғалімдер үшін өте маңызды.
Адамдардың іс-әрекеттері мазмұнына, орындалу сипаттарына,
кәсіптеріне байланысты бірнеше
түрлерге
бөлінеді. Адамның шұғылданатын
кәсібінебайланысты
іс-әрекеттер
медициналық,
педагогикалық,
конструкторлық, инженерлік, бухгалтерлік, т.с.с. түрлерге бөлінеді.
Мазмұны жағынан
іс-әрекеттерді: танымдық (
қоршаған әлем туралы
білімдермен қарулану, дүниені танып білу
); зерттеушілік (
белгісіз
құбылыстарды зерттеу үдерісі
); коммуникативтік (
қарым-қатынас орната
алу, тіл табыса алу үдерістері
); білім берушілік (
басқаларға білім
беруүрдісі
);өзгертушілік
(қоғамды, өзін жетілдіру үдерісі)
болып
ажыратылады.
26
Әртүрлі
белгілеріне қарап
педагогика-психология ғылымдарында іс-
әрекеттің негізгі түрлері ретінде:
ойын, қарым-қатынас, еңбек, оқу
іс-
әрекеттері қарастырылады.
Қазіргі қоғамда мыңдаған еңбек түрлері бар. Тұлғаға қойылатын
талаптар жиынтығымен сипатталатын еңбек іс-әрекетінің белгілі бір түрін,
адамның дене және рухани күшінің шектеулі бір саласын
Достарыңызбен бөлісу: |