Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е



жүктеу 2,48 Mb.
Pdf просмотр
бет36/282
Дата21.09.2023
өлшемі2,48 Mb.
#43484
түріОқулық
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   282
Таубаева Ш.Т., Иманбаева С.Т.,Берикханова А.Е.Педагогика Оқулық. 2018 (1) (1) (1) (2)

Педагогтың авторитеті
оқушыларға деген 
қатынасын анықтайтын, маңызды шешімдерді қабылдауға құқылы,
басқаларды бағалай алатын, оларға кеңес бере алатын мұғалімнің ерекше 
кәсіби позициясы. Шынайы мұғалімдік авторитет оның жасының үлкендігі 
мен лауазымына емес, оның жеке тұлғалық, адами қадір-қасиеттеріне қарай 
анықталады. Абыройлы ұстазға оқушылар сенеді, оны ұстаз ретінде 
мойындайды, оның идеяларын қолдайды. 
Педагогикалық авторитеттің 
құрылымы
4 компоненттен құралады: 
-
кәсіби компонент
(білімі, әдістемесі, құзыреттілігі, танымының 
тереңдігі, т.б.). 
-
тұлғалық компонент
(көзқарастары, өмірлік ұстанымы, құндылық
бағдары, мінезі, мәдениеттілігі, т.б.). 
-
әлеуметтік компонент
(кәсібінің әлеуметтік мәнін түсінуі, кәсіби 
табыстылығы, т.б.). 
-
рөлдік компонент
(лауазымы, қызметтік рөлдері, құқықтары мен 
кәсіби міндеттері, т.б.). 
Педагог кәсібімен айналысатын адам үнемі көпшілік бақылауында 
болады. Олар оқушылар ұжымының, ата-аналар қауымының, әріптестерінің 
тікелей болмаса да жанама түрдегі назарында болатыны анық. Мұғалімдікті 
таңдаған адам басқаларға үнемі үлгі-өнеге көрсете алуы керек, себебі бұрыннан 
бері халық арасында ұстаз беделі, ұстаз абыройы жоғары бағаланған. Оның 
білімімен, ақылдылығымен қатар сөйлеген сөзі, киген киімі, жүріс-тұрысы, 
айналасындағы адамдармен қарым-қатынасы барынша үйлесімді, жарасымды 
болуы шарт. Кәсіби-педагогикалық қабілеттердің жоғары деңгейде дамуы 
педагог беделінің
қалыптасу негізі.
Педагогтық кәсіпті таңдау бейімділікке, қабілеттілікке негізделгенімен, 
кейбір зерттеушілердің пікірінше, педагог мамандығын таңдаудың басқа да 
мотивтері кездеседі: саяси, экономикалық ақыл-ой, қоғамдық және жеке мақсат. 
Оларды екі түрге ажыратуға болады: 1) айқын анықталған белгілі мотивтер (яғни 
бір нәрсені жақсы көру, оған деген ұмтылыс); 2) анық емес мотивтер (яғни 
мұнда негізгі себепті табу қиын). 
Е.А.Климов жастардың кәсіби таңдауларын анықтайтын мынандай
8 негізгі факторларды атап көрсетеді: отбасының, үлкендердің пікірлері; 
құрдастарының пікірлері; мектептегі педагогикалық ұжымның пікірі (мұғалімдер, 
сынып жетекшісі т.б.); жеке кәсіби және өмірлік жоспарлары; қабілеттері және 
олардың байқалуы; қоғамдық құрметке иеленуге талпыныс; кәсіби іс-әрекет 
жайлы хабардар болуы; бейімділіктер.
Көптеген психологиялық-педагогикалық әдебиеттерде студенттердің 
педагогикалық кәсіпті таңдау мотивтерін
жан-жақты зерттеу мақсатында түрлі 
әдістемелер құрастырылған. Мысалы, И.П.Ильина студенттердің жоғары оқу 


35 
орындарында оқу мотивтерін анықтау әдістемесі бойынша олардың оқуға 
келулерінің үш шкаласын анықтайды:
-
«
білімді меңгеру
» шкаласы (нақты бір пәнге деген қызығушылықтың 
басым болуы, білімдерді игеруге деген құлшыныс, білім алуға деген талпыныс);
-
«
кәсіпті, мамандықты меңгеру
» шкаласы (кәсіптік білімдерді меңгеруге 
құлшыныс, кәсіптік маңызды сапаларды қалыптастыру); 
-
«
диплом алу
» шкаласы (білімдерді үстіртін меңгеріп диплом алуға 
тырысу, емтихандар мен сынақтарды өтуде жеңіл жолдарды іздестіруге ұмтылу).
Сондықтан да мектеп қабырғасындағы мұғалімдердің барлығының 
дипломдары біркелкі болса да, олардың кәсіби шеберліктерінің деңгейлері әр 
түрлі. Бұлай болуы заңды да шығар, өйткені педагогикалық жоғары оқу 
орнының дипломы –үлкен де күрделі іске кірісуге жас маманның құқығы бар 
екенін білдіретін құжат қана. 

жүктеу 2,48 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   282




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау