8-тапсырма. Осы норманы сақтай отырып, мына сөздерді айтып,
жаттығыңыздар:
бара ек – барʼек
не айтты? – нʼәйтты?
не алдың? – нʼалдың?
сабақты етістік - сабақтʼетістік
сабақты ине – сабақтʼійне
бірге өсу – біргʼөсүу
еті өсу – етʼөсүу
өте ерте – өтʼерте
кісі есігінде – кісʼесігінде
арманда өту – армандʼөтүу
Енді ықшамдалып айтылудың екінші түрі – сөз ішіндегі қысаң
ы, і
дыбыстарының көмескі айтылуы және мүлде сусып, түсіп қалуы туралы сөз
етелік.
1.Соңғы бітеу буындағы қысаң дауысты тәуелдік жалғау мен жұрнақ
қосылғанда түсіп қалады:
ерік – еркі, дауұс – даусы, ауұл – аулы, халық –
халқы, бұйұр – бұйрұу, бұйрұқ, корұқ – қорқақ, көрүк – көркү, мүлүк – мүлкү,
қарын – қарны, қалып – қалпы, ерін – ерні, мұрұн – мұрнұ, қайын – қайны,
нарық – нарқы, ырық – ырқы, құлұқ – құлқұ, ауұз –аузы, бүйүр – бұйрөк, ерін
– ернеу
т.с. (сөздер орфоэпиясы бойынша жазылған).
Бұл редукция жазуда да белгіленеді, өйткені жаппай құбылыс емес.
Мысалы:
салық – салығы (салқы емес), балық – балығы (балқы емес), көрік
(ұстаның) – көрігі (көркі емес), жерік – жерігі, солық – солығы
деген сияқты
сөздерде екінші буындағы
ы , і
–лерді ықшамдап айту мүмкін емес.
Бірақ екі варианты да қатар айтылатын сөздер болады. Мысалы
: бөрүк
– бөрүгү, бөркү, ауұл – ауұлұ, аулы, ғұрұп – ғұрұбұ, ғұрпұ, мұрұн – мұрұнұ,
мұрнұ, ойұн – ойұнұ, ойнұ, әріп – әрібі, әрпі, нарық – нарығы, нарқы, кеуіл –
кеуүлу, кеулі, қалып, қалыбы, қалпы, мүлүк – мүлүгү, мүлкү.
Мұндайда соңғы
варианты әдеби норма болып табылады. Ал өлең жолдарында буын санын
толтыру үшін көбіне алдыңғы нұсқасы қолданылады.
2. Екі буынды сөздердің ортасындағы қысаңдар көмескі немесе мүлде
түсіріліп айтылады. Мысалы: самаурын – самау рын, айырықша – ай рықша,
наурыз – нау рыз, даурық – дау рық, қызмет – қыз мет, ресми – рес мій,
рахмет – рах мет, зәулім – зәу лім құрлық – құр лұқ, құрылыс – құр лұс,
саңлақ – саң лақ, саңылау – саң лау, қабілет – қәб лет, мәжіліс – мәж ліс. (32
бет) Бұлар жазуда таңбаланбаса да
(ауру, самаурын, наурыз, даурық,
жирен,айрықша
т.б.), таңбаланса да (
айырым, мейірім, қайырым, жауырын,
ақырын, қорытынды, мәжіліс, қазына, дәрігер, тәжірибе, саңылау,
қойылым
) айтылуда
ы, і, ұ, ү
дауыстылары сәл көмескі дыбысталады және
естіледі. Ал бірақ оларды толық стильде сақтап айту орфоэпиялық
заңдылыққа жатпауы тиіс. Әдетте қысаң дауыстыдан кейін келген буын да
қысаң болса, онды
Достарыңызбен бөлісу: |