3-тарау. ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК БАСЫЛЫМДАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ЖАЛПЫ ТАЛАПТАР
Оқу-әдістемелік басылымдар арқылы өз тәжірибесімен бөлісіп, оны басып шығарып,
педагогикалық ортаға тарату үшін белгілі бір талаптар ескерілуі тиіс. Солардың негізгілері
төменде сипатталады.
Өзектілігі мен жаңалығы:
• оқу үдерісін ұйымдастыру үшін қажеттілігі мен өзектілігі;
• оқу бағдарламасына, жоспарына, оқу мақсаттарына және бағдарлама ерекше-
ліктеріне сәйкестігі;
• оқыту тәсілдерін, технологияларын, әдістемелік әдістер мен стратегияларын
қоданудағы жаңашылдығы;
• инновациялық идеялары.
Практикалық маңыздылығы:
• мұғалімдердің кәсіби қызметіндегі және оқушылардың оқу-танымдық үдерісін
ұйымдастырудағы әдістемелік көмекке деген сұраныстарын қанағаттандыруы;
• оқытуда жүйелі-белсенділік пен коммуникативтік әдістерді, белсенді оқыту әдіс-
терін, зерттеушілік дағдылар мен сыни ойлауды дамытуға ықпал ететін жаңа
әдіснамалық технологиялар мен стратегиялардың маңызды түрлерін ұсынуы.
Ғылымилығы:
• келтірілген фактілердің сенімділігі мен шынайылығы;
• ғылымның соңғы жетістіктеріне сәйкестігі.
Сабақтастығы:
• білім беру жүйесінің барлық деңгейлерінде бөлімдерді немесе тақырыптарды
оқып-үйрену кезінде алынған білімнің сабақтастығы мен спиральділігін қамта-
масыз ете алуы.
Жүйелілігі:
• бөлім/тарау/сабақ құрылымының сабақтастығы мен жүйелілігі;
• оқу материалдарын (тапсырмалар, жаттығулар және т.б.) ұсынудың реттілігі мен
бірізділігі.
Тілі мен стилі:
• лингвистикалық нормалардың сақталуы (жазу тілі түсінікті және есте сақталатын-
дай болуы тиіс; материалды қажетсіз терминологиямен және шетелдік сөздермен
шамадан тыс жүктеуге болмайды);
• баяндау (жазу) тілінің жүйелілігі, тұжырымдар мен қағидалардың логикалық
дәйектілігі;
• грамматикалық, стилистикалық, орфографиялық және пунктуациялық норма-
лардың сақталуы.
Материалдың мазмұны мен ұсынылуы:
• фактілердің негізделуі;
• мәтіндердің ақпараттылығы мен мазмұндылығы;
• берілген оқу материалдары мен тапсырмалардың оқушылардың танымдық және
кең ауқымды дағдыларын (сын тұрғысынан ойлау, функционалдық сауаттылық
және т.б.) дамытуға бағытталуы;
• тапсырма нұсқаулығының дұрыстығы, дәлдігі және қысқалығы;
14
• тапсырмаларды, сабақтарды, бөлімдерді, тараулар мен абзацтарды, сондай-ақ
кестелерді, суреттерді, формулаларды және басқа элементтерді нөмірлеудің
реттілігі мен бірізділігі;
• әртүрлі материалдарды (мәтін, аудиомәтін, бейнежазба, карта, сурет, фотосурет,
кесте, диаграмма, инфографика және т.б.) қолданудың орындылығы.
Плагиат (көшірме)
Оқу-әдістемелік әдебиеттерді әзірлеушілердің көпшілігі дереккөздерден алынған
мәтіндік материалдарды, сызбаларды, кестелерді оның авторларына сілтеме жасамай,
көшіріп қолданады.
Оқу-әдістемелік басылымдарды әзірлеу кезінде кез келген материалдарды басқа
ресурстардан көшіріп алу (авторына сілтеме жасамай) халықаралық авторлық құқыққа
қайшы келетінін ұмытпау қажет.
2014 жылғы 3 шілдедегі №226-V ҚРЗ-ның «Қазақстан Республикасының Қылмыстық
кодексіндегі» «Авторлық және (немесе) сабақтас құқықтарды бұзу» туралы 198-бабында
авторлық және (немесе) сабақтас құқықтарды бұзу қылмыстық және қаржылық жауап-
кершілікке әкеп соқтыратыны ескертілген.
Сонымен, плагиат дегеніміз:
• өзін автор ретінде көрсете отырып, бөтен автордың шығармасын өз атынан
ұсыну, заңсыз пайдалану;
• дәйексөздер мен басқа да ақпараттарды авторын көрсетпей және дереккөзге
сілтеме бермей заңсыз пайдалану.
Осы орайда әдістемелік құралдар жазып, баспаға ұсынуға ниет білдірушілерге
Қазақстан Республикасының авторлық құқықты реттейтін нормативтік құқықтық актіле-
рімен танысуға кеңес беріледі.
|