5-тарау. ЭЛЕКТИВТІК КУРС БАҒДАРЛАМАЛАРЫН ӘЗІРЛЕУ ЖӘНЕ
ОЛАРДЫҢ МАЗМҰНЫ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
Элективтік курстар – бұл оқушылардың таңдауы мен сұраныстарына негізделе оты-
рып әзірленетін қысқа мерзімді тақырыптық курстар (модульдер).
Элективтік курстарды шартты түрде мынадай типтерге бөлуге болады:
• оқу жоспарының инвариантты бөлігіндегі пәндер бойынша оқушылардың білімін
тереңдету және кеңейтуге бағытталған элективтік курстар;
• оқу жоспарына енбейтін пәндер бойынша элективтік курстар;
• бір білім беру аймағындағы бірнеше пәндерді кіріктіруге бағытталған элективтік
курстар.
Элективтік курстар типтік оқу жоспарының вариативті (өзгермелі) бөлігіндегі мек-
теп компоненті есебінен жүзеге асырылады және олар, негізінен, мына мақсаттарда
әзірленеді:
• пәндер бойынша халықаралық емтихандарға дайындау;
• білім беру сапасын тексеретін халықаралық мониторингтік зерттеулерге (TIMSS,
PISA, PIRLS) дайындау;
• бейіндік пәндер бойынша ҰБТ-ға дайындау;
• бейіндік пәндерді тереңдете және кеңейте оқыту;
• ерте кәсіби бағдар беру.
Элективтік курстардың бағдарламаларын әзірлеуде авторға/құрастырушыға мынадай
жайттарды ескеру керек, олар:
•
курстың өзектілігі мен қажеттілігі;
•
оқушылардың қызығушылығы мен таңдауына/сұранысына жауап беруі;
•
курсты жүргізуге қажетті ресурстардың болуы және білім беру ұйымының мүм-
кіндігі;
•
курстың қысқа мерзімділігі (34 сағаттан аспауы);
•
бағдарламаларды рәсімдеу ережелеріне сай болуы.
Элективтік курс құрылымын рәсімдеуде төмендегілер қамтылады:
• мұқаба;
• титулдық бет;
• қысқаша аңдатпа жазылған титулдық беттің теріс жағы;
• түсінік хат;
• оқу-тақырыптық жоспар;
• курстың қысқаша мазмұны;
• әдістемелік нұсқаулар;
• пайдаланылған әдебиеттер/дереккөздер тізімі;
• қосымшалар және глоссарий (қажет болған жағдайда).
Мұқабаның
ортасында элективтік курстың атауы, бағдарламаның қай сыныпқа арнал-
ғаны жазылады. Төменірек, беттің ортасында, қала немесе аудан атауы мен бағдарлама
әзірленген уақыт (жылы) көрсетіледі.
Титулдық беттің
жоғарғы жағында бағдарламаны әзірлеп, ұсынушы ұйымның атауы,
ортаңғы бөлігінде элективтік курс бағдарламасының атауы, бағдарламаның қай сыныпқа
18
арналғаны; ал төменгі бөлігінің ортасында қала немесе аудан атауы және әзірленген
жылы көрсетіледі.
Титулдық беттің теріс жағында
бағдарлама туралы мәлімет белгілі бір тәртіп
бойынша жазылады: элективтік курс бағдарламасының атауы, сыныбы, әзірлеушілердің
тегі мен аты-жөні, басылым орны, жарық көрген жылы, бет саны. Одан төменірек 3-4
сөйлеммен қысқаша аңдатпа (аннотация) беріледі. Аңдатпада:
• бағдарламаның қандай көмек беруді мақсат ететіні;
• мақсатты аудиториясы көрсетіледі.
Бағдарламаның
түсінік хаты
мына ақпараттарды қамтиды:
• аталмыш курсты мектепке енгізу қажеттілігі мен өзектілігі (оқушылардың таным-
дық қызығушылығын белсендіру және оларды болашақ мамандығына ерте бас-
тан бағдарлау мақсатындағы бейіндік оқытуда курстың қандай рөл атқаратыны,
курсты оқытуда қандай пәнаралық байланыстардың жүзеге асатыны, қандай білік
пен дағдыларды дамытатыны) негізделеді, дәйектеледі;
• курстың мақсаты мен міндеттері (курстың мақсаттары – оның не үшін оқытыла-
тыны, оқушылардың, мұғалімдердің, мектеп қауымдастықтарының қандай та-
лаптарына жауап бере алатыны; курс міндеттері – қойылған мақсаттарды жүзеге
асыру үшін қандай іс-әрекеттер қажет екені) сипатталады;
• бағдарламаны жүзеге асыру мерзімі (курсты оқыту ұзақтығы, кезеңдері) көр-
сетіледі;
• материалдарды жинақтау мен құрылымдаудың негізгі қағидаттары түсіндіріледі
(қажет болған жағдайда);
• әдістері, оқыту түрлері, оқу режимі беріледі;
• күтілетін нәтижелер анықталады;
• курсты оқыту нәтижесін бағалау құралдары (қажет болған жағдайда) ұсынылады.
Оқу-тақырыптық жоспарда
мына мәселелер қамтылады:
• тақырыптар (бөлімдер/модульдер) тізбесі;
• әр тақырыпты оқуға арналған сағаттар саны;
• сабақ түрлері, қажетті ресурстар.
Курстың
қысқаша мазмұнынд
а әр бөлім (тақырып) бойынша негізгі мазмұндық ком-
поненттер ашылады және олардың қысқаша сипаттамасы беріледі.
Әдістемелік нұсқауларында
әдістемелік кеңестер мен ұсыныстар, білім беру үдерісін
ұйымдастыру құралдары, сабақ түрлері, қажет жағдайда білім берудің жаңа технология-
ларын қолдануға арналған нұсқаулар, дидактикалық материалдар сипатталады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізіміне
әдебиеттер, сондай-ақ мұғалімге де, оқушылар-
ға да қажетті басқа да оқу-әдістемелік құралдар, дидактикалық материалдар тізімі кіреді.
Қосымшалард
а әртүрлі дидактикалық материалдар (сызбалар, кестелер, суреттер,
тест тапсырмалары, өзіндік жұмыстарға арналған парақшалар, электронды материалдар
жазылған дискілер және т.б.) беріледі.
Элективтік курс бағдарламаларының мазмұнына қойылатын негізгі талаптар мыналар:
•
өзектілігі және жаңалығы
(мазмұнында жаңа материалдарды қамтуы, пәндер
бойынша оқу бағдарламаларының тақырыбы мен материалдарын қайталамауы);
•
ғылымилығы
(мазмұнының ғылым мен техниканың соңғы жетістіктеріне сай болуы);
•
мақсатқа бағытталуы
(элективтік курстың барлық тақырыптары оқу бағдарла-
масының мақсаттарына сай болуы: пәндер бойынша білімді тереңдету немесе
19
кеңейтуге, танымдық қызығушылықты арттыруға, болашақ мамандықты таңдауда
көмек беруге бағытталуы);
•
тәжірибеге бағытталуы
(кәсіби бағдар беру тұрғысынан оқушылардың сұра-
нысын қанағаттандыруға; олардың өмірлік, тәжірибелік, зерттеушілік және сыни
ойлау дағдыларын дамытуға бағытталуы);
•
жүйелілігі және сабақтастығы
(өтілетін тақырыптардың барлығының алдыңғы
сабақтарда берілген материалдармен мазмұндық байланыста болуы);
•
толықтығы және аяқталғандығы
(курс мазмұны қойылған мақсаттарға сай барлық
қажетті материалдарды қамтуы, сондай-ақ курс аяқталғанда белгілі бір нәтижеге
қол жеткізілуі);
•
бағдарламаның қолжетімділігі
(оқушылардың жасына сәйкестігі, қойылған мақ-
саттар мен міндеттердің, күтілетін нәтижелердің шынайылығы);
•
тілдік нормаларға сай болуы
(баяндау тілі мен стилінің жатықтығы, тақырыптар
атауының дәлдігі мен нақтылығы, грамматикалық және орфографиялық жағынан
сауаттылығы).
|