Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі с. У. Қалдыбаев, А. С. Бижанова


-сурет. ДИСКОР-ды ақпараттық жабдықтаудың типтік  бағдарламалық кешендері 151



жүктеу 3,87 Mb.
Pdf просмотр
бет47/76
Дата02.04.2023
өлшемі3,87 Mb.
#41962
түріОқулық
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   76
АСУ қаз

3.9-сурет.
ДИСКОР-ды ақпараттық жабдықтаудың типтік 
бағдарламалық кешендері


151
«ДИСКОР» жол бөлігінің хабарламасы түрінде, сəйкес деректер 
базасына көрсеткіштерді енгізу арқылы қалыптасады.
«ДИСКОР» жүйесінің қызметтеріне мүмкіндік жүйенің 
клиент 
тік бөлігінің қатысуымен жүзеге асырылады. Жүйенің 
басты мүм кіндіктерінің бірі тұтынушыға күн сайын жаңаратын 
шығыс формаларын жеткізу жəне өңдеу болып табылады. 
Формаларды көру үшін тұтынушыға бағдарламаның бас-
ты терезесінен қажетті форманы таңдап «Сұраныс» пернесін 
басудың өзі жеткілікті немесе «Excel»: форма бағдарламаның 
жаңа терезесінде ашылады (Web немесе Excel). Формаларды құру 
үшін кең тараған электрондық кестелерді құру бағдарламалары-
на ұқсас арнайы қолданбалы құралдар пайдаланылады. Негізгі 
айырмашылық «ДИСКОР» деректер базасындағы белгілерді жəне 
олардың туындыларын (орташа тəуліктік, жинақтаушы жəне т.б.)
қолдану мүмкіндігі болып табылады. Формалардың жазылу 
тілі «ДИСКОР» mainframe тіліне негізделген, бұл mainframe-де 
«ДИСКОР» мен жұмыс жасау тəжірибесі бар технологтарға осы 
жүйе үшін форма өңдеуге мүмкіндік береді.
Жол жұмысы көрсеткішінің ретроспективті талдау мүм кін ді-
гін «ДИСКОР» талдау көрсеткішінің бағдарламасы береді. «Ана-
лиз» пернесін басқаннан соң аталған бағдарлама тұтынушы 
ға 
талданатын параметрді, тəуелділік параметрі мен уақыттық ин-
тервалды таңдауға мүмкіндік береді. Шығатын ақпаратқа жоғары 
талап қоятын тұтынушылар үшін өздерінің жеке шығыс форма-
ларын құру мүмкіндігі беріледі. Формалар орталықтандырылған 
түрде серверде сақталады жəне оларға кіру мүмкіндігі жұмыс 
орнына қатыссыз жүзеге асырылады. Жеке формаларды редак-
циялау терезесінің интерфейсі жалпы түрде шығыс формала-
рын редакциялау бағдарламасының интерфейсін қайталайды. 
Басты айырмашылық – жүйе көрсеткіштерін ДИСКОР-дың ескі 
көріністегі тізімінен таңдап алу ғана емес, сонымен қатар оларды 
тұтынушыларға түсінікті түрде беру болып табылады. 
Жеке формаларды жергілікті сақтау мүмкіндігі (тұтыну шы лар 
арасында алмасу үшін), сондай-ақ оларды жүйенің жалпы фор-
масы ретінде қолдану мүмкіндігі бар. Бұл жүйе формаларының 
жинағын сəтті жеке формалармен толықтыруға мүмкіндік береді.


152
ДИСКОР жүйесі мүмкіндіктерінің бірі оның анықтамалық 
қызметі. Бұл қызмет бір немесе басқа көрсеткіш (немесе 
көрсеткіштер тобы) мəні туралы оперативті ақпарат алуға, со-
нымен қатар көрсеткіштер иерархиясының анализін жүргізуге 
мүмкіндік береді.
Мəндерді көрсету жəне көрсеткіштерді талдаудан бөлек 
анықтамалық түрлі көрсеткіштер есебі нəтижелерін топтау 
жо 
лымен шығыс формаларын құру мүмкіндігін де жасайды. 
Құрылған формаларды ары қарай өңдеу үшін жеке формаларға 
сақтауға болады. 
«Анализ», «Жеке формалар» жəне «Анықтамалық» форма-
ла рындағы ескі түрдегі көрсеткіштер тізімін редакциялау жəне 
құру үшін арнайы бағдарлама қолданылады. Бұл бағдарлама 
тұтынушыға түсінікті, ДИСКОР тілі формуласына сəйкес атау-
ды қоюға (мысал үшін – «НОД-1 бойынша вагондар тиел-
ген») мүмкіндік береді. Осыған байланысты, анықтамалықта 
шығыс формаларын құру жəне оларды іздеуді жеңілдету үшін 
көрсеткіштерді логикалық иерархияларға біріктіру мүмкіндігі 
пайда болды.

жүктеу 3,87 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   76




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау