7
сол сияқты басқа жүйелермен арадағы сыртқы байланыстарды
қолданады.
Көлік қозғалысын басқару процесі технологиясы үш кезеңде
жүзеге асырылады: көлік нысандары туралы ақпаратты жинақ-
тау, дайындау жəне жіберу; басқару
бойынша қажетті шешімдер
шығару мақсатында алынған ақпаратты өңдеу; басқарушылық
ұй ғарымдар мен түрлі жарлық ақпаратын шығару жəне атқару-
шыларға жеткізу.
Басқару процесі басқару нысаны мен басқару органының
өзара əрекеттестігі негізінде жүзеге асырылады.
Басқару нысаны алдына қойылған мақсатты жүзеге асыру
үшін функциялар немесе əрекеттерді іске асырады, мысалы, жүк-
тер мен жолаушыларды тасымалдау операцияларын орындайды.
Басқару органы (БО) таңдалған мақсатқа сəйкес басқару нысаны
элементтерінің қалыпты қызмет етуін қамтамасыз етеді.
БО мен басқарылатын нысан арасындағы қарым-қатынастар
басқару үрдісі технологиясы шеңберінде кері байланыс заңдары
бойынша құрылады: БО нысан туралы ақпарат алады,
оны тал-
дайды (өңдейді), шешім қабылдайды жəне қажет болған жағдайда
жарғылық ақпаратты жасап шығарады, оны басқару нысанына
береді.
Осылайша, кез келген көлік нысанын басқару өз мақсаттары,
міндеттері мен мазмұны тұрғысынан жіктеле отырып, үздік
сіз
циклдық процесс болып табылады жəне жүйе жұмысын тоқтат-
пайынша жүзеге асырылып отырады.
Ішкі жүйелер мен жүйенің ішкі элементтері арасындағы көп-
те ген ықтимал қарым-қатынастар құрылымдық жүйе деп ата-
лады.
АБЖ ендіру қолданыстағы басқару жүйесінің функцио
нал-
дық құрылымдарына бірқатар түзетулер енгізуді қажет етеді.
Бұл қызмет тасымалдаулар процестерін
басқару саласында
ана
ғұр
лым күрделі болып табылады. Сондықтан, бұл ішкі са-
ланың барлық құрылымдық бөлімшелеріне арнайы лауазымды
тұл ғалар немесе толық бөлімшелер енгізілген. Тасымалдаулар-
ды басқаруда бұл функцияларды техникалық бөлім, ал жолдар-
да АБЖ бойынша тасымалдаулар қызметтері басшыларының
8
орынбасарлары, бөлімшелерде АБЖ бойынша тасымалдаулар
бөлімі басшысының орынбасарлары атқарады.
Бекеттер мен
жол бөлімшелерінде ақпараттық пунктер (АП) немесе ақпаратты
шоғырландыру пунктері құрылған.
Есептеу орталықтарында есептеу техникасы шоғырланған-
дықтан олар ұжымдық пайдаланылатын деректерді өңдеу орта-
лықтары (ДӨО) болып табылады. Есептеу орталықтарында
бар
лық əрекеттегі функционалдық ішкі жүйелердің ақпараты
өңделеді, олар ақпарат алмасу жүргізілетін байланыс арналары-
мен жалғанған. АБЖ функционалдық құрамының дамуымен,
ақпарат көлемінің артуымен жекелеген ішкі жүйелер үшін тех-
ни
калық құралдардың бөлінуі орын алады. Мысалы, барлық
дерлік АЕО-да тасымалдауларды оперативті
басқару ақпараттық
жүйелерінің (ТОБАЖ) мəліметтерін өңдеу осы мақсатқа арнайы
бөлінген техникалық құралдар кешенінде орындалады.
Есептеу техникасы мен байланыс құралдарының дамуы соң-
ғы кездері басқару құрылымын жетілдіруге мүмкіндік берді. Бұл
ретте жетілдіру деп басқару деңгейлерін, соның ішінде, ішкі
дең гейлерді (бір құрылымдық бөлімше шеңберінде) қысқарту,
басқарушыларды сəйкесінше қысқарта отырып, қолмен орында-
латын функциялар (есепке алу, орылдалған қызметтің графигін
жүргізу, есептеу жəне т.б.) көлемін қысқарту үрдісі ұғынылады.
АБЖ жетілдіру автоматтандырылған
диспетчерлік басқару
орталықтарын (АДБО) құру арқылы жүзеге асырылады. Ондай
мамандандырылған бөлімшелер меншікті техникалық құ
рал-
дар мен, соның ішінде ұжымдық жəне жеке автоматтанды рылған
жұмыс орындарымен (АЖО) жасақталған.
Қазіргі заманға сай техникалық жасақталған ірі бекеттерде
диспетчерлік басқару орталықтары жұмыс жасайды.
Тасымалдау процесін басқару саласындағы есептеу техни-
касы мен байланыс құралдарының одан əрі дамуы мен жетіл-
дірілуі осы процестерді басқаруға қатысушылардың барлығы
ав то маттандырылған жұмыс орнымен (АЖО) жасақталған ав то-
маттандырылған басқару орталықтарын (АБО) құруға əкеледі.
АБЖ негізгі жəне функционалды бөліктен тұрады.
АБЖ жалпы
құрылымдық схемасы (КАБЖ үлгісінде) 1.1-суретте берілген.