Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі с. У. Қалдыбаев, А. С. Бижанова


2. АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН ЖҮЙЕЛЕРДІҢ



жүктеу 3,87 Mb.
Pdf просмотр
бет17/76
Дата02.04.2023
өлшемі3,87 Mb.
#41962
түріОқулық
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   76
АСУ қаз

40
2. АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН ЖҮЙЕЛЕРДІҢ 
ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУШІ БӨЛІГІ
2.1 АБЖ ақпараттық қамтамасыз етілуі
Ақпараттық қамтамасыз ету – АБЖ-ның аса маңызды қам-
тамасыз етуші бөлігі. Ол қағаз жəне басқа тасымалдағыштармен 
ЭЕМ-де сақталатын деректердің жиынтығын жасау мен қолдану 
əдістерін қамтиды.
АБЖ ақпараттық қамтамасыз етілуі деректерді сипаттау-
шы тілдердің, ақпараттық массивтерді өңдеудің бағдарламалық 
құралдарының, сонымен қатар, деректерді сақтау, жинау жəне 
АБЖ абонентінің АБЖ функционалдық міндеттерін жəне анық-
тамалық ақпараттарды беру барысында барлық қажетті ақ-
па 
раттармен қамтамасыз ететін əдістердің жиынтығы болып 
табылады. Ақпараттық қамтамасыз етуге келесі маңызды эле-
менттер кіреді: деректер, деректерді формалды сипаттау құрал-
дары, бағдарламалық жасақтамалар, сонымен қатар деректер 
массивтерін құру мен жүргізудің ұйымдық принциптері. Дерек-
тер жүйеленеді жəне арнайы массивтер түрінде реттеледі. Осы 
ақпараттық база немесе АБЖ-нің ақпараттық қоры болып табы-
лады.
Деректерді формалды сипаттау құралдары массив тердегі қа-
жетті ақпаратты іздеу жəне идентификациялау үшін, сондай-
ақ, АБЖ сыртқы абоненттерінің деректеріне қатынасты ұйым-
дас тыру үшін қолданылады. Бұл құралдар 
нысандарды жіктеу 
мен кодтаудың қолданыстағы құралдары (қарапайым деректер) 
жəне ақпараттық қорға жасалатын сұрау мен жүйе жауаптарын 
сипаттауға арналған ақпараттық тілдерді қамтиды. 
Бағдарламалық құралдар енгізілетін деректерді бақылауды 
ұйымдастыру, ақпараттық базаны енгізу, яғни, АБЖ-не деректер-
ді сақтау, жинақтау, оларға өз алдына өзгерістер мен бақылау 
енгізу үшін арналған. Ұйымдық принциптер массивтерді сақтау, 
оған өзгерістер мен қосымшаларды енгізу, деректер массивтеріне 


41
қатынаспен қамтамасыз ету жəне олардың сақталушылығын 
бақылау кезінде қолданылады. Осылайша, ақпараттық қамтама-
сыз етудің негізгі мақсаты басқару нысаны туралы ақпаратты 
сақтау, оны ұдайы жаңартудан, сонымен қатар, АБЖ функцио-
налды міндеттерін шешу немесе жүйенің сыртқы абоненттерінің 
сұраулары бойынша оны беруден тұрады.
Жоғарыда айтылған мақсатты ескере отырып АБЖ ақпарат-
тық қамтамасыз етуге келесі негізгі талаптар қоюға болады:
1) Басқарылатын жүйе күйін көрсетудің толықтығы жəне 
АБЖ міндеттерін шешу үшін қажетті əрі абоненттер сұраулары 
бойынша берілетін ақпараттың дұрыстығы. 
2) Деректерді жинау, сақтау, жаңарту, іздеу жəне беру əдістері 
мен құралдарының жоғары тиімділігі. 
3) Ауыспалы ақпарат пен оның көп мақсатты қолданылуы ның 
бір реттік тіркелуі жəне бір реттік енгізілуі. 
4) Ақпараттық база деректерін пайдаланудың қарапайым-
дылығы мен ыңғайлылығы. 
5) Ақпараттық базаға деректердің қайталануын барынша 
азайта отырып, негізінен базалық ақпаратты жəне базалық көр-
сеткіштерді енгізу жəне жинақтау. 
6) Құжат-айналымының жүйесін ұйымдастыру. 
Ақпараттың пайдалылығы түрлі шараларды басқарудың сан 
алуан деңгейлеріне немесе түрлеріне жауап береді. 
Дифференциалды пайдалылық - ағымдағы бақсаруға сəйкес 
келеді, себебі мұнда ағымдағы уақыт сəтіндегі басқару нысаны 
туралы ақпарат есепке алынады.
Интегралды пайдалылық - бірнеше қадаммен орташа мəні 
анықталған тактикалық басқаруға жауап береді.
Жалпыландырылған пайдалылық - ең жақсы оператордың 
стратегиялық басқаруына жауап береді.
Ақпарат пайдалылығы шараларын жасақтау жəне қолдану 
басқару процесінің ақпараттық қамтамасыз етілуінің ең маңыз-
ды міндеттерінің бірін қалыптастыру жəне шешу мүмкіндігін 
береді. Бұл - оператор-адамның немесе ақпарат беру мен өңдеу-
дің техникалық құрылғылардың өткізу қабілеттігіне шектеу қо-
йылғанда оңтайлы ақпараттық ағымды қалыптастыру.
АБЖ құру барысында басқару кезіндегі ақпараттың фор-
мальдық (синтаксистік) жəне мазмұндық (семантикалық, бағдар-


42
ламалық) қасиеттерінің қатынасы мəселесі туындайды, ал ақ па-
раттың бұл қасиеттері ақпараттық процестің түрлі кезеңде-
рін де зерттеледі.
Сонымен, ақпараттың синтаксистік қасиеттері бастапқы де-
ректерді қалыптастыру кезеңінде қарастырылады. Бұл кезеңде 
бастапқы құжаттар ақпараттық тілдің таңбалары мен белгі 
ле-
рінен жасалады. Ақпаратты тіркеу мен арналар арқылы берілу 
жыл дамдығын арттыру, сонымен қатар қажетті нақ 
тылық пен 
сенімділікпен қамтамасыз ету мəселелері зерттеледі.
Ақпараттың семантикалық қасиеттері ақпаратты өңдеу ке-
зеңінде қарастырылады, бұл ретте жүйе үшін ақпарат құн дылығы 
мəселелері маңызды болады. Алынған ақпараттың мазмұны тал-
данады, параметрлердің іс жүзіндегі мəндері жоспарланған пара-
метрлер мəндерімен салыстырылады жəне ауытқуларға талдау-
лар жасалады.
Бағдарламалық қасиеттер (яғни нақты тұтынушыдан есеп-
теледі) шешімдер қабылдау кезеңінде қарастырылады, бұл рет-
те ақпараттың құндылығы мен пайдалылығы ғана емес, оны 
нақты пайдаланушының тəжірибеде пайдалануы да маңызды 
болады, сондықтан, оны талдау, синтездеу, интерпретациялау 
жəне қолдануға қатысты басқарушылық шешімдер шығаратын 
тұлғаның ақпаратты қабылдауы зерттеледі.
АБЖ ақпараттық қамтамасыз етілуі – жүйеде қабылданған 
базалық сипаттамалардың (жіктеушілер, типтік үлгілер, авто-
маттандыру элементтері т.б.) жəне автоматтандырылған басқару 
нысанының бүкіл қызмет мерзіміндегі (ҚМ) күйі туралы өзекті 
деректерді сипаттайтын жүйеге бағытталған деректер жиынтығы.
Бұл анықтама бойынша деректер деп ЭЕМ немесе адамның 
өңдеуі үшін қабылданатын формада ұсынылатын ақпарат тү-
сініледі. ЭЕМ-де деректер бағдарламалар сияқты нөлдердің 11 
дана реті түрінде сақталады. Жұмыс барысында бұл реттіліктер 
интерпретацияланады, яғни сандарға, таңбаларға, кестелерге ау-
дарылады. ЭЕМ-нен тыс деректер қағазда схемалар, кестелер т.б. 
түрінде сақталады. Бұл деректер əр түрлі өңделеді, сондықтан, 
ақпараттық жасақтаманы машинада жəне машинадан тыс деп 
бөлу қабылданған.


43
Ішкі машиналық ақпараттық қамтамасыз ету - бұл ең ал-
дымен ЭЕМ-ның «сыртқы» жадында сақталатын деректердің 
жиын 
тығы. ЭЕМ-дегі деректердің басым көпшілігі деректер 
базасы (ДБ) деп аталатын ұғымға ие. Біз ДБ-ға «көптеген пай-
даланушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қыз мет 
ететін, машиналық өңдеуге арналған деректер жиынтығы» деген 
анықтама берейік. Деректер базасы динамикалық (айнымалы) 
жəне статикалық (оперативті жұмыс барысында өзгермейтін) 
бөліктерден тұрады. Динамикалық бөлік «ағымдағы» жағдай 
мен технологиялық процестің «тарихын» қамтыса, статикалық 
бөлік – түрлі нормативтік-анықтамалық ақпаратты (НАА) қам-
тиды. НАА-ға, мысалы, деректерді кодтарды интерпретациялау 
үшін қолданылатын ЭЕМ жадында берілетін жалпы одақтық 
жəне салалық жіктелулер жатады.
Деректер базасы ұғымы автоматтандырылған жүйелерде 
бірден пайда бола қойған жоқ. Басында мамандар «файл» жəне 
«файлдар жүйесі» терминдерін қолданған. Біртұтас нəрсе ретін-
де файлдар тек нақты бағдарламалау тілі көмегімен ұйым 
дас-
тырылды. Ақпарат алу үшін құрылымы жағынан əртүрлі бірнеше 
файлды өңдейтін қол данбалы бағдарламаны жазу қажет болады. 
Файл дық жүйе лердегі ақпарат айқын түрде емес, «бағдарлама-
файл» тірке 
сінде жасырын сақталады. Файлдық жүйелердегі 
деректер дің логикалық тұтастығын сақтау қиын, себебі деректер 
түрлі файлдарда қосарланады жəне бір мезгілде жаңартылмайды.
Біртіндеп деректерді орталықтандырылған басқару қажет-
тігі туындады. Деректер базасы интеграцияланған сақтау орны 
болып табылады. Түрлі міндеттер үшін жалпы болып табыла-
тын деректер ДБ-да бір рет беріледі, оларды жаңарту ретті түрде 
өткізіледі, бұл деректердің қарама-қайшылығын жояды. Мұ-
ның үстіне, ДБ сақталатын деректер құрылымдарының өңдеуші 
бағдарламалардан тəуелсіздігін қамтамасыз етеді.
Деректер базасын басқару жүйелері (ДББЖ) атауына ие болған 
бағдарламалық жүйелер жасақталған. Қазіргі заманғы əмбебап 
ДББЖ мыналарды қамтамасыз етеді: деректерді жинау, деректерді 
сақтау жəне деректерді іздеу мен өңдеу, барлық пайдаланушылар 
мен ДБ арасындағы өзара əрекеттестік, деректерді аппараттың 
бұзылуы мен рұқсатсыз кіруден сақтау. Сəйкес алгоритмдер де-


44
ректер мен сұрауларды сипаттаудың мамандандырылған тілдері 
көмегімен ДББЖ-ға беріледі.
АБЖ ішкі жүйелері əдетте көп деңгейлі болады, олардың 
деректер базасы үлестірілген болып табылады, яғни есептеу 
желісінің ЭЕМ-не қатысты болады. Сондықтан, бірнеше өзара 
байланысты, бір-бірін қайталамайтын динамикалық бөліктерді 
жүргізу қажеттігі туындайды. Осыған байланыс ішкі машина-
лық ақпараттық қамтамасыз ету деректер алмасуға арналған ішкі 
машиналық хабарлар кешенін қамтиды.
Машинадан тыс ақпараттық қамтамасыз ету – пайдала-
нушылардың жүйемен қатынас жасауын қамтамасыз ететін құ-
ралдар кешені. Машинадан тыс ақпараттық қамтамасыз етудің 
негізгі элементтері деректерді кодтау жүйесі мен қатынас жа-
саудың тіл құралдары болып табылады.
Деректерді ЭЕМ-ге қосуға дайындау кезінде пайдаланушы 
əдетте мəтіндік хабарларды кодтайды. ЭЕМ жадындағы дерек-
тер де кодталған түрде сақталады. Бұл деректерді тиімді өңдеу 
жəне шағын етіп сақтау үшін қажетті шарт болып табылады. 
Мəтіндік хабарларды кодтау барысында басқару нысандарының, 
технологиялық процестер атаулары т.б. код түрінде беріледі. 
ЭЕМ-нен пайдаланушыға ақпарат берілген кезде кодтар мəтіндік 
атаулармен ауыстырыла отырып, кері кодтау жүзеге асуы мүмкін.
Пайдаланушының ЭЕМ-мен қатынасының тілі деп ЭЕМ-ге 
деректерді жіберу мен қабылдауға ар налған кез келген таңбалық 
жүйені атауға болады. Басқа кез келген тіл сияқты, қатынас 
тілінің семантикасы мен синтаксисі бар. Қатынас тілі семан-
тикасы - тіл сипаттамасының мəтін мағынасын анықтау үшін 
жəне оны адам мен ЭЕМ-нің интерпретациялауы үшін бекітетін 
келісімдер жиынтығы. Семантикадан ерекшелігі қатынас тілі 
синтаксисі мағынасынан тəуелсіз формасы жағынан «дұрыс» 
мəтінді құруға арналған ережелер жиыны болып табылады. 
Пайдаланушының есептеуіш жүйеге жіберетін кез келген хаба-
ры синтаксис (форматтық бақылау) пен семантика (логикалық 
бақылау) тексеруінен өтеді.
АБЖ-да қазір негізінен машинаға бағытталған хабарлар, со-
нымен қатар, «мəзір» жəне «анкеталар» сияқты диалогтық тілдер 


45
қолданылады. Бұл типтегі тілдер регламенттелген болып табыла-
ды, себебі оларға алдын ала жоспарланған жəне жадқа салынған 
қатынас сценариі тəн болады. Регламенттелген тілдер қатынас 
үшін салыстырмалы түрде аса үлкен емес қатынас мүмкіндіктерін 
береді: бастамашылық қатынасқа қатысушылардың біріне қатаң 
бекітіледі; пайдаланушыдан толық жəне қарама-қайшы емес 
ақпаратты енгізу талап етіледі; пайдаланушының қатынас тіліне 
арнайы оқуы талап етіледі. Икемді əрі сəйкес қатынас үшін кəсіби 
қатынас тілін құру жұмыстары жүргізіледі.
Машинадан тыс ақпараттық қамтамасыз етуге қағаз бас-
палары мен дисплей экранындағы бейнеграммалар түріндегі 
шығыс құжаттар, сонымен қатар, автоматтандырылған жүйеде 
азайтылған жəне түрі өзгертілген дəстүрлі «қағаз» құжат айна-
лымы жатады. Жүйенің ақпараттық қамтамасыз етілуі келесі 
прин циптерге сай құрылуы тиіс: технологиялық оқиғалар туралы 
ақпаратты бір рет енгізу жəне оны технологиялық процестер ба-
рысында көп рет пайдалану негізіндегі ақпараттық ағымдар ин-
теграциясы; ақпаратты рұқсатсыз кіруден қорғаумен қамтамасыз 
ету; деректерді сыртқы тасымалдағыштарда қосарланған сақтау 
жолымен ақпараттық қамтамасыз ету жұмысының сенімділігін 
арттыру.
АБЖ адам осы процеске белсенді қатысатын деректерді өң- 
деу жүйелерінің (ДӨЖ) бір түрі болып табылады, сондықтан 
соңғы пайдаланушылардың ЭЕМ-мен өзара əрекеттестігін анық-
тау маңызды болып табылады, өйткені жұмыс техно логиясы мен 
пай 
даланушының ақпараттық қажеттіліктері ақырында сақта-
ла тын деректер құрамы мен пайдаланушының ДӨЖ-мен өзара 
əрекеттестігінің сипатына қойылатын талаптарды анықтайды. 
Бұл үшін пайдаланушылардың автоматтандырылған жүйемен 
жұмысы технологиясының сөзбен берілетін сипаттамасы жа-
салады. Бұл сипаттама əдетте «Технологиялық процесс» (ТП) 
деп ата латын құжат түрінде рəсімделеді. Бұл құжат деректерді 
жүйеге енгізу жəне шығару тəртібінің сипаттамасын қамтиды. 
Онда технологиялық операцияларды тіркеу мен шығыс құжат-
тардың басылып шығуы ретіне егжей-тегжейлі сипаттамалар 
беріледі. Автоматтандырылған жүйедегі жұмыс технологиясы 


46
автоматтандыруға дейін жүйеде болмаған түбегейлі жаңа эле-
менттерге ие болуы мүмкін.
Ақпараттық қамтамасыз етуді жобалау кезінде жасақтала-
ды: ақпараттық хабарлардың, сұраулардың, шығыс құжаттар-
дың құрылымы сипаттамасы; енгізілетін деректердің логика-
лық жəне форматтық бақылау сипаттамасы; ақпарат енгізудің 
тех 
нологиялық тізбегін тексеруді көздейтін «технологиялық» 
бақылау сипаттамасы; деректерді кодтау жүйесінің сипаттама-
сы, сондай-ақ, кодтау кезінде қолданылатын классификаторлар; 
ақпараттық хабарлар мен жобаланатын жүйедегі хабар-сұрау-
лардың интенсивтілігін бағалау.
Концептуалды үлгілер бағдарламалық та, техникалық та қам-
тамасыз етуді ескермейтін болса да, деректер базасын жобалау 
мен талдаудың қажетті құралы болып табылады. Концептуалды 
үлгілер АБЖ динамикалық деректер базалары үшін пəндік сала-
лар болып табылатын технологиялық үрдістерді сипаттау үшін 
қолданылады. Бұл сипаттама технолог маманның позициясынан 
беріледі. Концептуалды үлгілер көмегімен негізгі нысандар мен 
тасымалдаулардың нақты үрдісі байланыстарының, сонымен 
ДӨЖ-дің барлық деңгейлеріндегі пайдаланушылардың біріккен 
ақпараттық талаптарының сипаттамасы құжатталады. Концеп-
туалды үлгі бойынша кіріс жəне шығыс деректер арасындағы 
сəйкестік тексеріледі жəне мұның негізінде хабарлар кешені 
дəлденеді.
Концептуалды үлгілер деректер базасын əзірлеу жəне сүйе-
мелдеу үшін қажет. Концептуалды үлгілер негізінде нақты ДББЖ 
бағдарламалық құралдарының көмегімен жүзеге асырылатын де-
ректер базасының логикалық құрылымы əзірленеді.
АБЖ құру басқару нысанын талдаумен, басқаруды таңдаумен, 
жүйе құрылымы мен функцияларын анықтаумен теңестіріледі. 
Функциялардың өз параметрлері нысан ерекшеліктеріне байла-
нысты анықталады. Жекелеген басқару функциялары техникалық 
құралдар кешені базасы (ТҚКБ) негізінде автоматтандыруға 
жатқызылады. ТҚК қасиеттері мен топологиясын анықтау ең 
алдымен функционалдық-ақпараттық талаптарды орындаумен 
байланысты болады. Осылайша, басқару жүйесі параметрлерінің 
басқарылатын нысан параметрлеріне тəуелділігі механизмінің 


47
жалпы логикасы айқын болады. Қазіргі кездегі АБЖ термино-
логиялық түсіндірмелерінің көптігі оқушы үшін, əсіресе осы са-
лада тəжірибесі жоқ адам үшін қиын болуы мүмкін. 
Бірқатар əдебиет көздері АБЖ терминін тауар қозғалысын 
ұйымдастырудың кешенді əдістерінен тұратын автомобиль 
көлігіндегі АЖБ-ның жеке міндеттерінің бірі болып табыла-
тын «логистика» терминімен ауыстырады. АБЖ-ның орнын 
басатын жəне навигациялық жүйелерді қолдана отырып, авто-
көлікті басқаруды білдіретін тағы бір термин «телематика» 
саналады. АБӨАЖ анықтамасы уақыт сынынан өткен АБЖ-
ның интеграцияланған анықтамасымен сабақтастықты сақтай 
отырып, кез келген пəндік саладағы, сонымен қатар, автомо-
биль көлігіндегі ақпаратты өңдеу үрдісі негізге алатын түрлі 
басқару үрдістерінің бар болуын сəтті көрсетеді. АБӨАЖ нақты 
пайдаланушының ақпараттық қажеттіліктерін қанағаттандыру 
үшін жасалады жəне ол оның жұмысына тікелей қатысады. 
Бұл жағдайда АБӨАЖ жұмысы деп жобалаушылар мен бас қа 
да мамандар ақпаратты қайта түрлендіруді автоматтандыру про-
цесін жобалау жəне ендіру кезінде жасап шығарған ақпараттық, 
бағдарламалық қамтамасыз етудің негізінде пайдаланушының 
тапсырмаларды шешуі алынады. Алғашқы АБЖ жасақтамалар-
дың түбегейлі жаңа əдістемесі болмады, олар басқару міндетте- 
рін шешудің дəстүрлі технологиясындағы операцияларды орын-
дауға жұмсалатын еңбек көлемін қысқарту үшін үлкен арифмо-
метр ретінде қымбат есептеу техникасын қолданады. Ұйымдық 
бас қарудың автоматтандырылған жүйелерін құру кезіндегі кең 
таралған кемшілік тапсырмаларды қоюдың төменгі деңгейі бол-
ды. Мұның себептерінің бірі – бөлімдер мен басқару қызметтері 
мамандарының зерттеулер барысында ақпарат ағымын, тапсыр-
малардың экономикалық-ұйымдық мəнінің, шығыс ақпаратты 
жобалаудың сипттамасын жеткіліксіз түрде пайдалануы болып 
табылады. Мұның үстіне, автоматтандырылған режимде қандай 
да бір маман шешетін тапсырмалар кешені толық өңделмеген, 
сондықтан пайдаланушы жаңа технологияны құруға қатысуға аса 
көп қызығушылық таныта бермеген. АБӨАЖ құру тəжірибесі 
тек маман ғана орындайтын жұмыстардың, кіріс жəне шығыс 


48
ақпараттың сипаттамасын толық əрі білікті түрде бере ала-
тынын көрсетеді. Пайдаланушының қатысуы тек тапсырма-
ларды қоюмен шектелмеуі тиіс, ол жүйені сынақ пайдаланып 
көруі тиіс. Компьютер алдындағы пайдаланушы тапсырмалар-
ды қою кемшіліктерін байқай алады, қажет болса, кіріс жəне 
шығыс ақпаратты, нəтижелер беру формаларын, олардың құжат 
түрінде рəсімделуін түзете алады. Сынақ пайдалануға қатысу 
- пайдаланушының компьютермен жұмысқа белсенді үйренуі-
нің, бағдарламалық құралдармен танысуы формасы ғана емес, 
пайдаланушының жаңа жұмыс талаптарына, жаңа технологияға, 
жаңа əрі барған сайын күрделене түсетін техникаға бейімделуі 
үрдісі болып табылады. Егер АБӨАЖ құру маманның орындай-
тын функцияларын автоматтандыруды барынша көп қамтуды 
көздейтін жағдайда маманның АБӨАЖ жағдайындағы жұмысқа 
деген қатынас мүлде басқаша қалыптасуы тиістігін тəжірибе 
көрсетті. Пайдаланушының АБӨАЖ жасауға қатысуы перспек-
тивада тапсырмалардың оперативті əрі сапалы шешімімен, сол 
сияқты жаңа технологияларды ендіруге жұмсалатын уақыт-
ты қысқартумен қамтамасыз етуі тиіс. Бұл ретте пайдалану-
шы белсенді түрде оқуға араласады, оның қоюшы, жасақ таушы 
ретінде біліктілігі артады. Тұтынушыға қажетті жаңа техно ло-
гиялық ортада жұмыс істеудің барлық дағдылары же тілдіріле ді 
жəне АБӨАЖ тəжірибелік пайдаланылуы барысында бекітіледі. 
Алайда, бұл үшін пайдаланушы нысанды зерттеу əдістемесімен, 
оның нəтижелерін қорытындылау тəртібімен таныс болуы тиіс. 
Бұл, оған автоматтандырылған түрде өңделетін тапсырмалар-
ды, функцияларды анықтау жəне бөліп көрсетуге, оларды білікті 
қолдануға көмектеседі. 
Тапсырманы қою – бұл тапсырманың белгілі бір ережелер 
бойынша оның мəнін, нəтиже алу үшін ақпаратты түрлендіру 
логикасы туралы толыққанды түсінік беретін сипаттамасы. Тап-
сырманы қою негізінде бағдарламашы оның шешімінің логика-
сын ұсынуы жəне оны жүзеге асыруы үшін жарамды стандартты 
бағдарламалық құралдар туралы кеңес беруі тиіс. Тапсырманы 
қоя отырып, оның мазмұнын баяндауды регламенттеу арқы 
лы 
«пайдаланушы-қолданбалы бағдарламашы» əрекеттестігінің 
қиын дықтары жойылып, бұл əрекеттестікті əлдеқайда логикалық 


49
тұрғыдан жүйелі етеді. Тапсырманы қою үшін оның логикалық 
жəне ақпараттық мəнін толық ұсынуға қажетті жəне жеткілікті 
мəліметтер қолданылады. Мұндай, мəліметтерге сəйкес қызмет 
бөліміндегі ескі технологиямен тапсырмаларды шешуді жүзе ге 
асы ратын қызметкер ие болады (қолмен өңдеумен жəне компь-
ю терлік техниканы қолдана отырып). Тапсырманы қою пайда-
ланушының тапсырмаға қатысты саладағы білімі болуын ғана 
емес, компьютерлік-ақпараттық технология білімдерін де талап 
етеді. Пайдаланушы əдетте функциялары белгілі бір қызмет 
түрлеріне (бухгалтерлік, қаржылық, жоспарлау т.б.) бағдарланған 
өзінің қажеттіліктерін қанағаттандыратын дайын бағдарлама-
лық пакеттерді сатып алады жəне қолданады. Мұндай бағыт 
бүгінде пайдаланушыларға қызмет көрсетуді компьютерлендіру 
мен ақпараттандыру саласында жетекші болады. Ол бірегей 
қолданбалы бағдарламаларды əзірлеумен толықтырылады. Алай-
да, қандай жағдайда да тапсырманы қою қажет болады. Тап-
сырма қоюды сипаттау барысында оның көлемдік-уақыттық 
си 
пат 
тамаларына назар аударылады. Олар кіріс жəне шығыс 
ақ параттың көлемін (уақыт бірлігінде өңделетін құжаттар, жол-
дар саны), ақпараттың келіп түсуі, өңделуі мен берілуінің уақыт 
ерекшеліктерін көрсетеді. Тапсырма қоюды сипаттау барысын-
да барлық ақпараттық бірліктер мен олардың жиынтықтары 
атауларының дəлдігі мен толықтығын салыстыру маңызды бо-
лып табылады. Автоматтандырылған өңдеу жағдайларында құ-
жаттардағы үйреншікті көрсеткіштер атаулардан (жолдар мен 
кестелер атауы) басқа ақпаратты ұсынудың дəстүрлі емес жолда-
ры орын алады. Ақпараттық жиынтықтар мен олардың иденти-
фикациялары атауларының дəлдігі, экономикалық көрсеткіштер-
дегі синонимдер мен омонимдерді жою өңдеу нəтижелерінің 
анағұрлым жоғары сапасымен қамтамасыз етеді. 
Қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар бүгінгі қоғам өмі-
ріне дендеп енген жəне оларсыз өмір мүмкін емес. Өндірістік 
процесті жетілдіру жұмсалған ресурстардың (өндірістік схема-
лар кірісі) көлемі мен алынған тауарлар мен қызметтер көлемінің 
(жүйе шығысы) қатынасының анағұрлым жоғары нəтижелі 
нұсқасын ұдайы іздеусіз мүмкін болмайды. Осылайша, өндірістік 
жүйе жұмысын интенсификациялау туралы айта келе жүйе күйі 
4–1549


50
туралы ақпарат негізінде құрылатын басқарушы ықпалды еле-
меуге болмайды. Қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың 
қамтамасыз ететін мұндай шешімдердің уақытқа сəйкес бо-
луына жəне дəлдігіне кез келген өндірістік жүйенің тиімділігі, 
оның нəтижесінде ұзақ мерзімділігі тəуелді болады. Дербес 
компьютердің пайда болуы ақпараттық төңкеріс жасады. ЭЕМ 
алдына бағдарламалаушы емес кез келген адам отырды. Ақпарат 
материалдармен, энергиямен, капиталмен тең ресурсқа айнал-
ды. Жаңа экономикалық санат – ұлттық ақпараттық орталықтар 
пайда болды. Табиғи ресурстардың сарқылуы ғылыми білімдерді 
қолда нуға негізделе отырып, қайта қалпына келетін ресурстарды 
қолда нуға əкелді. Дербес компьютерлер негізінде ғылыми əдісті 
көп қажет ететін бұйымдар өндірісінде қолданылатын білімдер 
алуға жұм салатын шығындар өзіндік құнның шамамен 70 пайы-
зын құрайды, ал ақпарат өңдеу саласында еңбек етушілер саны 
индустриалды дамыған елдердегі экономикалық белсенділік 
халық 
тың 60-90 пайызын құрайды. Автомобиль көлігінің рөлі 
жолаушылар мен жүк тасымалы тұрғысынан қарағанда, соны-
мыен қатар жылжымалы құрамды енгізу жəне жөндеу бойынша 
айтарлықтай жоғары. 
Бүгінде автомобиль көлік жүйесінің элементі ретінде қа-
растырылады. Дəл осы тұрғыдан оның жұмысы ақпараттық қам-
тамасыз ету жүйелеріне тəуелді болады. Автомобильдің өзі де 
уақыт өткен сайын электроника жəне информатика құралдарымен 
көп жасақталуда. Сондықтан, қауіпсіздік мəселелерін шешу үшін 
ақпараттық жəне коммуникациялық мүмкіндіктерді пайдалану 
керек.
Бүгінде жол қозғалысының қауіпсіздігін басқаруды авто-
мат тық қолдауды қамтамасыз ететін бірқатар жүйелер бар. Бұ-
лар: ЖҚҚМИ құрамында əрекет ететін арнайы жүйелер, ЖКО 
анықтауға жəне 27 МГц диапазонында жолдарда көмек көрсетуге 
арналған СИ-БИ жүйесі. Көлік құралдарын, жолаушылар мен 
жүктерді ақпараттық сүйемелдеу жүйесі шеңберінде көптеген 
телекоммуникациялық кешендер жылдам дамуда.
Жердегі көлікпен тасымалдау қауіпсіздігін арттырудың не- 
гізгі бағыттарының бірі жер серігі навигациясы мен радиобайла-
ныс, электрондық картография жəне компьютерлік бағдарлама-


51
лық технологияларға негізделген жаңа ақпараттық технология-
ларды енгізу болып табылады.
Қазіргі техникалық құралдар автокөлік қозғалысын басқару 
жəне оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеттеріне жаңаша 
қарауға мүмкіндік береді. Жерсеріктік навигациялық жүйелерді 
(ЖНЖ) жəне географиялық ақпараттық технологиялар (ГАТ) 
аппаратурасын қолдану жол-көлік оқиғаларын (ЖКО) жəне кө-
ліктегі төтенше оқиғаларды (ТО) анықтаудың əлдеқайда жақсы 
жетілген автоматтандырылған ақпараттық жүйені құру міндетін 
жаңа деңгейде шешуге көмектеседі. Бұл жүйе жол-көлік немесе 
төтенше оқиға туралы хабарды бір мезгілде ЖҚҚМИ, қауіпсіздік 
қызметіне жəне құтқару қызметіне (жедел жəрдем, ІІБ, ТЖМ) 
ретрансляция жасау мүмкіндігімен диспетчерлік қызметке мак-
сималды түрде жылдам, көбінесе лезде жіберуді қамтамасыз 
етеді. Бұл ретте бұзылған автомобиль немесе ЖКО орын алған 
жер диспетчерге тек бірнеше метр айырмашылықпен дəл белгі-
лі болады. ЖКО учаскесі мен орнын қаланың, қала сырты ның 
маршруттық желісінің электрондық картасынан көруге, тіпті 
көлік құралы орналасқан жолақты анықтауға болады. Сондай-ақ, 
диспетчер орналасу орны бойынша оңтайландыра отырып, аса 
қысқа мерзімде техникалық, медициналық жəне арнайы көмек-
ті жіберу мүмкіндігіне ие болады. Бұл көмекші бригадалардың 
келуі уақытын қысқартады. Компьютер жадында барлық келіс-
сөздердің жазбасы, сонымен қа тар, трассаны, көлік құралы мар-
шрутын, бағытын, жылдамдығын жəне қозғалыс уақытын оқиға 
орны ауданындағы картадан көр сететін жазба жүргізіледі. Бұл 
жүйе бар болған жағдайда авто 
мобильдің негізгі жүйелерінің 
кірістірілген диагностикасы қа 
уіпсіздік параметрлері (тежегіш 
жүйесі, руль басқаруы, жарық техникасы) бұзылған жағдайда 
пайдалануға тыйым сала оты рып, маршруттағы техникалық жай-
күйді бақылай алады.
Барлық түрдегі ЖКО, апаттар, төтенше оқиғалардың орны 
жəне уақыты көрсетілген деректер банкі қалыптастырылады.
Жолдардың жекелеген учаскелері туралы талдау деректері 
негізінде көлік ағымының іс жүзіндегі жылдамдығын, жол-кө-
лік оқиғаларының санын бағалауға, сонымен қатар, мысалы, 
ЖҚҚМИ үшін рұқсат етілген жылдамдықтың өзгеруі, қосым-


52
ша бағдаршамдар орнату бойынша кеңестер беруге, ал жол 
қызметтеріне қозғалыс жолақтарын арттыру туралы ұсыныс 
жасауға болады.
Көлік жұмысының қауіпсіздігін арттыру жолда толығымен 
көлік процесін үздіксіз қадағалау, ЖКО жəне ТО орындарын дер 
кезінде анықтау, террористік акт немесе төтенше жағдай орын 
алуы қаупі туғанда жүргізушінің уақытты, автобус координата-
ларын автоматты тіркей жəне оны маршруттық желінің электрон-
дық картасына орналасу орнын шығара отырып, жасырын апат 
жағдайы сигналын беруі, маршруттардағы автобустардың жəне 
жүк автомобильдерінің жылдамдық режимін бақылау, жүр гізу-
шілердің еңбек режимін жəне демалысын бақылау, жергілікті 
оперативті қызметтердің ЖКО мен төтенше оқиғалар салдарла-
рын жою кезіндегі ақпараттық компьютерлік өзара əрекеттестігі 
арқылы қамтамасыз етіледі.
Жердегі көлікте ақпараттық, радионавигациялық жəне теле-
ком 
муникациялық технологияларды қолдану Қазақстан қала-
лары көшелерінде жəне автожолдарында көлік құралдарын сүйе-
мел деудің бірегей жүйесін құрумен қамтамасыз етеді. Мұндай 
үлестірілген жүйе оған кіретін түрлі деңгейдегі жүйелердің өзара 
əрекеттестігі негізінде жұмыс істей алады:
- көлік түрлері (жүк, жолаушылар, такси, арнайы тасымалдау-
лар) бойынша жергілікті басқару жүйелері;
- көліктің барлық түрлерін (жолаушылар, жүк, мамандан-
дырылған) жергілікті басқару жүйелерінің арасында ақпарат ал-
масумен қамтамасыз ететін аймақтық жүйелер;
- қалааралық жəне халықаралық жолаушылар мен жүк тасы-
малдарында ақпарат алмасумен қамтамасыз ететін аймақаралық 
жүйе.

жүктеу 3,87 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   76




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау