Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі с. У. Қалдыбаев, А. С. Бижанова



жүктеу 3,87 Mb.
Pdf просмотр
бет25/76
Дата02.04.2023
өлшемі3,87 Mb.
#41962
түріОқулық
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   76
АСУ қаз

Жекеше АӨЖ. 
Жекеше АӨЖ ретінде кинескоп (электрондық-
жарықтандырғыш түтігі қолданылады) базасында немесе сұйық 
криссталды матрица базасында (жазық панельді мониторлар) 
құрылған мониторлар қолданылады. Барлық мониторларды келе-
сідей басты сипаттары бойынша топтастыруға болады: 
- көлденеңі бойынша экран өлшемі ( 14-тен 21 дюймге дейін),
- дəн өлшемі ( 0,28 ден 0,18 мм-ге дейін),
- жиілігі (кадрлық жəне кіші) мен рұқсатталуы.
Экранның көлемі монитор өлшемдерін анықтайды.
Жиілікке (70-тен 150 Гц-ке дейін) бейненің жыпылықтау 


90
деңгейі тəуелді: жиілік жоғары болған сайын көздің ауыруы тө-
мен дейді. Мүмкіндіктер бейненің сегменттілігін (800 х 600... 
2048 х 1536) көрсетеді, онда сегменттілік жоғары болған сайын 
айқын дылық жоғары. 
Жазық панелді мониторлар электронды-сəулелік түріне қара-
ғанда жақсы.
Басып шығару құрылғысы
. Басып шығару құрылғыларына 
принтерлер мен плоттерлер жатады. Принтерді A3 жəне А4 
фор 
маттарындағы қатты көшірмелерді жасағанда қолданады, 
ал плоттерді – А1–А0 типіндегі үлкен форматтарды шығаруда 
қолданады. 
Принтерлер матрицалық, сия бүріккіш жəне лазер лік түр лерге 
бөлінеді.
Матрицалық принтердің жұмыс жасау принципі бояғыш лен-
та жəне басатын ине ұшының көмегімен бедерлемені жасауға 
негізделген, яғни нүктелік-матрицалық баспа қолданылады. Ине-
лердің саны көп болған сайын баспаның сапасы да жоғарылайды. 
Матрицалық принтерлердің кемшіліктері: баспаның жоғары 
үлесті құны, басу жылдамдығының төмендігі жəне баспа сапа-
сының төмендігі.
Сия бүріккіш принтердің негізгі элементі басушы ине бо-
лып табылады. Ол көп мөлшердегі шашыратқыштарға ие. Онда 
бояу бар жəне бұл сұйықтық жоғарыдан мықтап тартылып тұр-
ғандықтан төгіліп кетпейді. Ине ұштарына шашыратқыштан 
сияның микроскопиялық тамшысын жасайтын арнайы механизм 
құрылған.
Сия бүріккіш принтердің сапасы мен жылдамдығы матри-
цалық принтерге қарағанда жоғары. Басты құндылығы – түрлі-
түсті бейне басу. Кемшіліктері:
- басып шығарылған мəтін тұрақсыз (мысалы, ылғалданған 
кезде бояуы ағып кетеді),
- басып шығару жылдамдығы төмен.
Лазерлік принтерлерде бейнені басудың электрографиялық 
принципі қолданылады. Сурет шығарушы цилиндрдің көмегімен 
бейне қағазға басылады. 


91
Габариті аз лазер айналмалы айнадан көрінетін жіңішке жа рық 
сəулесін басқарады. Бейнені жасау үшін лазер басқарушы мик-
роконтроллер тарапынан қосылып, сөндіріліп отырады. Айнал-
малы айна сəулені басып шығару барабанының жоғарысындағы 
қатарға қарай бұрады. Оң зарядталған тонердің бөлшектері оң 
зарядталған бөліктерден тебіліп, бейтарап бөліктерге жапсыры-
лады. 
Принтердің шығу арнасының алдында 200–220 градусқа де-
йінгі қыздырылу жүзеге асырылады. Бұл кезде ұнтақ ериді де, 
қағаз бетіне тастай болып батады.
Лазерлік принтердің артықшылықтары:
− 
басып шығару сапасы мен жылдамдығы жоғары,
− 
бір бетті шығаруға кететін шығынның аздығы,
− 
мəтіннің əр түрлі əсерлерге шыдамдылығы,
− 
жұмыстың сенімділік деңгейінің жоғарылығы.
Ақпарат бір ақпарат көзінен ақпарат қабылдағышқа олар-
дың арасындағы байланыс арнасы арқылы хабарлама түрінде 
бе ріледі. Ақпарат таратушы жіберілетін хабарламаны сигналға 
ауыс 
тырады. Бұл сигнал байланыс арнасы арқылы жіберіледі. 
Нəти 
жесінде, қабылдағышта кейіннен декодталып хабарламаға 
айналатын сигнал пайда болады. Байланыс арналары арқылы 
ақпарат беру жеткізілу барысында ақпарат жоғалтуға дейін алып 
келетін кедергілерге ұшырайды. 
Ақпаратты кодтау – сигналды ақпаратты тікелей пайдалануға 
қолайлы формадан ақпаратты жіберу, сақтау немесе автоматтық 
өңдеуге қолайлы формаға айналдыру процесі. Кодтау – белгілердің 
сигналдарға айналу процесі (деректерді беру теориясында).
Кез келген оқиға немесе болмыс əр түрлі тəсілдермен, əр түрлі 
алфавитпен түрліше берілуі мүмкін. Ақпаратты байланыс арнасы 
арқылы неғұрлым дəл жəне үнемді түрде беру үшін оны кодтау 
керек. 
Ақпарат материалдық тасымалдаушысыз, энергия жұмсаусыз 
бар бола алмайды. Кодталған хабарлама арнамен жүріп отыратын 


92
ақпаратты тасымалдаушы-сигналдар түріне енеді. Қабылдағыш-
қа шыққан кезде сигналдар кодты шешетін құрылғылардың көме-
гімен бірден жалпыға түсінікті түрге ауысады.
Ақпарат беруге арналған хабарлағыштан ақпарат алуға арнал-
ған қабылдағышқа ақпарат тасымалдайтын құралдар, заттар не-
ме се объектілердің жиынтығын ақпарат арнасы деп атайды.
Арнаға мысал ретінде поштаны келтіруге болады. Мəтін тү-
рінде кодталған ақпарат конвертке салынып, пошталық жəшікке 
түседі, кейін ол жерден алынып пошталық бөлімшеге апарылады, 
онда хаттар сортталады (қолдан немесе машинамен). Бұдан кейін 
ақпарат пойыз (ұшақ, теплоход жəне т.б.) көмегімен белгіленген 
пунктке жеткізіледі, ол жерде іріктеліп мекен-жайға жеткізіледі. 
Сонымен, пошталық арнаның құрамына: конверт (зат), транспорт 
жəне іріктеу машиналары (құрылғылары), пошта қызметкер лері 
(объектілері) кіреді. Осы арнаға енгізілген ақпарат өзгеріссіз 
қалады. 
Ақпарат жеткізуге телефонды мысалға келтіруге болады. 
Телефон арқылы берілгенде хабарлама көзі – сөйлеуші. Сөз 
дыбыстарын электрлік импульстарға кодтайтын құрылғы – 
микрофон. Ал ақпарат беретін арна – телефондық өткізгіш. 
Телефон тұтқасының біз құлағымызға қойып тыңдай тын бөлігі 
кодты кері ауыстыратын құрылғы қызметін атқарады. Онда 
электрлік сигналдар қайтадан дыбысқа айналады. Бұдан соң 
ақпарат «қа былдағыш құрылғыға» келіп түседі, яғни тыңдаушы 
адамның құлағы. Арнаның құрамына телефон аппараты (құ-
рылғысы), өткізгіштер (құралдар) жəне АТС аппаратурасы (құ-
рылғылар) кіреді. Бұл ақпараттық арнаның ерекшелігі оған 

жүктеу 3,87 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   76




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау