28
Соңғы жылдары нысанға қандай да бір мүлдем
белгісіз
факторлардың əрекет етуімен сипатталатын адаптивті АБЖ-лар
үлкен маңызға ие болуда. Нəтижесінде басқарушы ықпалдар ту-
ралы шешімдер қабылдау үшін бастапқы деректердің белгісіз-
дігі жағдайларында тапсырмаларды шешу қажеттігі нəтиже сін де
туындайды. Бұл жүйелер сыртқы орта мен басқару нысанының
өзгерістеріне бейімделе алады əрі тəжірибе, яғни басқару нəти-
желері туралы ақпарат жинақталған
сайын өз жұмысын жақсарта
алады.
Өз кезегінде адаптивті АБЖ-лар келесідей бөлінеді:
- оңтайлы, басқару нысанында ең тиімді режимді автоматты
сақтаумен қамтамасыз етеді;
- өздігінен бапталатын, мұндағы басқару нысанының пара-
метрлері сыртқы талаптар өзгерген жағдайда сол күйінде қалмай,
түрленеді;
-
өздігінен ұйымдастырылатын, мұндағы жұмыс алгоритмі
өзгеріссіз қалмайды, басқару нысаны парамерлері мен сыртқы
жағдайлар өзгерген жағдайда жетілдіріледі;
- өздігінен үйренуші, жинақталған нысанды басқару тəжі-
рибесін талдайды жəне осының
негізінде өз құрылымы мен
басқару тəсілін автоматты түрде жетілдіреді.
Əрекет сипаты бойынша АБЖ үздіксіз жəне дискреттік əре-
кетке бөлінеді. Үздіксіз АБЖ-да кіріс сигналы бірқалыпты өзгер-
ген жағдайда шығыс сигналыда бірқалыпты өзгереді. Дискреттік
АБЖ-да кіріс сигналы бірқалыпты өзгерген жағдайда шығыс
сигналы секірістер жасап өзгереді. Сандық техникаға негізделген
басқару əдістері əрқашан дискреттік АБЖ-ға əкеледі.
Сигналдар өзгерісінің сипаты
бойынша АБЖ-ны тізбектік
жəне тізбектік емес, стационарлық жəне стационарлық емес деп
бөлуге болады. Параметрлер саны бойынша АБЖ бір өлшемді не-
месе көп өлшемді (көп параметрлі) болып табылады.
АБЖ жіктеу басқа шарттар негізінде де құруға болатынын
айта
кеткен жөн, мысалы, АБЖ-ны жүйенің физикалық мəні не-
месе оның негізгі звенолары бойынша, орындаушы құрылғының
қуаттылығы бойынша т.б. жіктеуге болады. Көрсетілген АБЖ
жіктеу тəсілдерінің əрқайсысы көбінесе басқалардан тəуелсіз бо-
лады. Бұл олардың əрқайсысын көпөлшемді фазалық кеңістіктегі
29
шкала ретінде
көрсетуге болатынын білдіреді, бұл жағдайда
нақты АБЖ-ға нүктелер немесе белгілі бір аумақтар сəйкес ке-
летін болады.
Достарыңызбен бөлісу: