Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі с. У. Қалдыбаев, А. С. Бижанова



жүктеу 3,87 Mb.
Pdf просмотр
бет20/76
Дата02.04.2023
өлшемі3,87 Mb.
#41962
түріОқулық
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   76
АСУ қаз

2.4 АБЖ бағдарламалық жасақтамасы
АБЖ-да деректерді алу, жіберу, өңдеу жəне талдау жүйенің 
бағдарламалық жасақтамасын құратын көптеген бағдарлама-
лық модульдер (бағдарламалар) арқылы басқарылады. Кез кел-


71
ген автоматтандырылған жүйенің мүмкіндіктері көбінесе оның 
бағдарламалық жасақтамасымен (БЖ) анықталады.
БЖ пайдалану мақсатына қарай бес негізгі типке бөлінеді: 
- жүйелік;
- қолданбалы;
- жасақтау жүйелері;
- деректер базасын басқару жүйелері (ДББЖ);
- сарапшылық жүйелер. 
Соңғы екі түр осы уақытқа дейін қолданбалы бағдарлама лық 
жасақтамаға жатқан болатын, бірақ қазіргі заманғы компьютер-
лік жəне ақпараттық дамуының процестері оларды бағдарлама-
лық жасақтаманың жеке түрі ретінде қарастыруға мүмкіндік берді.
Жүйелік бағдарламалық жасақтама
– ЭЕМ, оның құрамдас 
бөліктерінің жұмысымен жəне желі аралық əрекеттестікпен қам-
тамасыз ету үшін қажетті бағдарламалар кешені. Əдетте жүйелік 
бағдарламалық жасақтамаға операциялық жүйелер жатқызылады.
Қолданбалы бағдарламалық жасақтама
– ТКБАЖ ішкі 
жү йелеріне арналған алгоритмдерді жүзеге асыратын бағ-
дар 
ламалар кешені. Қолданбалы бағдарламалық жасақтамаға 
функ 
ционалдық тапсырмалар түрлеріне арналған қолданбалы 
бағ дарламалар пакеті жəне сол сияқты «тар мамандандырылған 
тап 
сырмаларға» арнайы жазылған БЖ (пойыздарды қалыптас-
тыру жоспары бойынша АЖО инженер) жатады.
БЖ құру жүйелері
– бағдарламалық жасақтаманы арнайы 
бағ дарламалау тілінде жасақтауға арналған бағдарламалық ке-
шендер (мысалы: С, Object Pascal, Java).
Деректер базасын басқару жүйелері 
– деректер базасын 
(элек трондық ақпарат сақтау орны) құру, толтыру, жаңарту жəне 
жоюға арналған бағдарламалық құрал.
Жүйелік БЖ жоқ кез келген қазіргі заманғы компьютер – жо-
ғары технологиялық қосалқы бөлшектердің жиынтығы. Опе-
рациялық жүйе (ОЖ)–ЭЕМ-ның жұмысымен, диагностикасы-
мен, байланысымен жəне оны бақылаумен қамтамасыз етуші 
жүйелік БЖ.
Операциялық жүйелер серверлік жəне клиенттік болып бө-
лінеді.


72
Серверлік ОЖ жоғарыда аталған сипаттармен қатар есептеуіш 
жүйенің жұмысымен, оның қауіпсіздігімен, деректерді жіберумен 
жəне желілік жабдыққа қатынаспен қамтамасыз етеді. Сервер лік 
ОЖ мысалдары: Microsoft Windows Server 2003, Novell NetWare 
6.5, Sun Solaris 9, S/390.
«КТЖ» ААҚ БЕО mainframe қызметінде жəне теміржолдар-
дағы АЕО-да жұмыс істейтін негізгі серверлік ОЖ IBM ком-
паниясының ОЖ – S/390 болып табылады. Төменде жүйенің 
басқа серверлік ОЖ ішінде оң тұстарымен көрінуге мүмкіндік 
беретін жүйенің негізгі сипаттамалары:
- жалпы оперативтік жад негізінде 256 орталық процессорларға 
дейін бірлесу;
- қуаттылықты параллелизм есебінен шектеусіз өсіруге мүм-
кіндік беретін «n-процессорлық» архитектура;
- желі клиенттерімен өзара əрекеттестік ету жəне периферия-
лық құрылғылармен алмасу құралдары;
- арналардың барынша жүктелуімен қамтамасыз ететін жəне 
жүйенің орталық бөлігінің аппаратурасы кінəратына байланысты 
абонентпен байланыстың жоғалуына толық дерлік жол бермейтін 
динамикалық реконфигурация құралдары;
- ЭЕМ-ді ATM, Internet, TokenRing жəне FDDI желілеріне 
тікелей қолсу үшін S/390 архитектурасына арнайы аппараттық 
құралдарды ендіру;
- тиімді ұйымдастыру жəне жадтың ішкі жүйесінің үлкен кө-
лемі;
- деректерді аппараттық бағдарлама құрамдастарынан тұра-
тын жалпы криптографиялық архитектураны құру есебінен рұқ-
сатсыз кіруден қорғау;
- ақпаратты сақтау сенімділігі мен жұмыс тоқтауынан қор ғау;
- диск жадына деген қажеттілікті 70%-ға дейін азайта 
тын, 
байланыс арнасы берілетін ақпарат көлемін азайтатын, сығу 
жылдамдығын бағдарламалық реализациямен са лыстырғанда 5 
есе асатын деректерді сығудың аппараттық құралы;
- ДББЖ DB/2 параллель жұмысына бағытталған қолдау құ-
ралдарының бар болуы;


73
- жергілікті желінің жұмыс бекеттері, бөлінетін файлдық 
жү йесі, деректердің толықтығын сақтау жəне жүйелік сервис 
пен протоколдар құралдарының жиыны бар құралдар көме-
гімен таратылған өңдеудің тиімді ортаны құрушы VM/ESA/XC 
машиналар архитектурасын қолдау.
Операциялық жүйелер өздері жұмыс істейтін платформаға 
тəуелді болып табылады. Мысалы, үлкен машиналарда (main-
frame) IBM жəне SUN фирмаларының ОЖ көшбасшы болып 
табылады. Дербес ЭЕМ нарығында Microsoft (Windows 98, Win-
dows 2000, Windows XP т.б.) компаниясының ОЖ тобы басым 
орынға ие. Соңғы кездері нарықтың басым бөлігін Linux тобы-
ның ОЖ-ры басып алды. Сондай-ақ, нарықтың азырақ бөлігін 
IBM компаниясының OS/2 жүйесі мен Apple фирмасының 
MacOS жүйесі өзара бөліседі.
Негізінен теміржолдағы АЖ пайдаланушылары клиенттік 
операциялық жүйенің басқаруымен жұмыс істейтін бекеттерге 
ие. Ал желіаралық өзара əрекеттестік, ақпараттық қауіпсіздік 
жəне ақпараттың орын ауыстыруы серверлік операциялық жү-
йелердің басқаруындағы мықты серверлермен жүргізіледі.
ОЖ тағы бір маңызды міндеті ЭЕМ аппараттық бөліктері 
(мысалы, дыбыстық карта, қатты диск, CD-Rom) мен перифе-
риялық құрылғыларының (мысалы, прин 
тер, сканер, web-ка-
мера) қызмет етуіне жəне олардың өзара əрекеттестігіне қолдау 
көрсету болып табылады. Мұндай функционалдылық арнайы 
бағдарламалық модульдер – драйверлер арқылы жүзеге асыры-
лады.
Соңғы жылдары əлемде бағдарламалық жасақтаманы əзір-
леу құралдарының елеулі ілгері жылжуы орын алды. Қазіргі 
кезде машиналық кодтар, ассемблер жəне бағдарлама 
лаудың 
процедуралық тілдері қолданылмайды. Қазір 
гі технологиялар 
бағ дарламалық жасақтаманы əзірлеудің кешен ді құрлдарын қол-
дануды қажет етеді. Бұл талаптар келесі процестермен түсін-
діріледі:
- бағдарламалық модульдердің түрлі нұсқаларын жасау қажет 
(орындалатын файлдар, динамикалық кітпаханалар, компонент-
тер т.б.);
- Internet жəне Intranet-технологиялардың қауырт дамуы; 


74
- БЖ-ны өзара территориялық жағынан қашықта орналасқан 
көптеген бағдарламашыларды қатыстыра отырып əзірлеу;
- БЖ-ға қойылатын жоғары талаптар (құжаттама, тексеру, 
көмектесу жүйесі).
БЖ-ны əзірлеудің кешенді құралдарына (одан əрі жасақтау 
жүйелері) бірнеше бағдарламалау тілдері, бағдарламаны түзе ту-
шілер, инте гра цияланған жасақтау ортасы, нұсқаларды басқару 
жүйесі жатады.
Бағдарламалау тілі – бағдарламаларды жасақтауға арналған 
жасанды тіл. Компилятор – бағдарламалау тілін дегі символдық 
жазбаны машиналық командалар реттілігіне ауыс тыруға арналған 
арнайы бағдарлама. Түзетуші – бағдар 
ламадағы қателер мен 
оларды оңтайландыруға арналған арнайы бағдарлама.
Жасақтаудың интеграцияланған ортасы – бағдарлама коды ре-
дак торын, бағдарламаның интерфейсін визуалды жобалау орта-
сын, компиляторды, түзетушіні қамтитын арнайы бағдарлама. 
7.0 нұсқалы Borland Delphi жүйесінде (бұдан əрі Delphi) 
бағдарламалау екі үрдістің өзара тығыз байланысы негізінде 
құрылады: бағдарламаның визуалды көрсетілуін құрастыру жəне 
бағдарламаға қажетті функционадықты ұсынатын код жазу. Del-
phi бағдарламасы Object Pascal бағдарламалау тілінде кодталады.
Internet пен оның Intranet бөлімінің дамуы web-қызметтері 
мен қосымшалардың қауырт дамуы web-қызметтер мен қосым-
шаларды жасақтау жүйелерінің өсімін тудырды. Бұл жоғарыда 
аталған өнімдерде жəне сол сияқты мамандандырылған өнім-
дерде жүзеге асырылған, мысалы, Microsoft Offi ce FrontPage, 
Sun ONE Studio 4, Macromedia Studio MX Plus. Бұл өнімдер 
қосымшаларды жасақтап қана емес, оларды қашықтан басқару 
мүмкіндігін береді.
Деректер базасы (ДБ) деп ақпараттың электрондық қойма-
ларын атайды. Оларға қатынасу бір немесе бірнеше компьютер 
көмегімен іске асырылады.
Деректер базаларын басқару жүйелері (ДББЖ) – бұл дерек-
тер базаларын жасау, толтыру, жаңарту жəне жоюға арналған 
бағдарламалық құралдар.


75
ДББЖ үш негізгі түрі бар: өндірістік əмбебап мақсаттағы, өн-
дірістік арнайы мақсаттағы жəне нақты тапсырыс беруші үшін 
жасалатын.
Арнайы ДББЖ нақты мақсаты бар ДБ басқару үшін жаса- 
лады – бухгалтерлік, қойма жəне т.б. Əмбебап ДББЖ анық 
пайдалану шеңбері жоқ, олар өмірдің барлық жағдайларына 
арналған жəне осы себепті жеткілікті күрделі, пайдаланушыдан 
арнайы білімді қажет етеді. Арнайы жəне əмбебап ДБЖ екеуі де 
жеткілікті сенімді жəне бірден жұмысқа дайын, тапсырыс бой-
ынша жасалған ДББЖ дайындық пен түзету үшін көп уақытты 
қажет етеді. Алайда, өндірістік ДББЖ ерекше тапсырыс бойынша 
жасалған ДБЖ тапсырыс беруші жұмысының ерекшелігін ең көп 
дəрежеде ескереді.
ДББЖ орналасуы түріне байланысты ДББЖ жергілікті жəне 
таратылған (оқшауланған) түрлеріне бөледі. Жергілікті ДББЖ 
барлық бөліктері ДБ пайдаланушы компьютеріне орналаса-
ды. Егер бір ДБ бірнеше пайдаланушы қолданатын болса, əрбір 
пайдаланушы компьютерінде өз ДББЖ көшірмесі болуы тиіс. 
Таратылған ДББЖ осыдан айырмашылығы оның бағдарлама лық-
аппараттық құралдарының елеулі бөлігі орталықтандырылған 
жəне бір қуатты компьютерде – серверде орналасады, ал пайда-
ланушылардың компьютерінде тек клиент деп аталатын, ДББЖ 
шағын бөлігі ғана қамтылады. 
Клиент-серверлік жүйелердің сөзсіз артықшылығы – бұл ДБ 
қолжетімділікті орталықтан басқару жəне есептеу ауыртпалы- 
ғын серверге көшіру мүмкіндігі болып табылады. Мұндай жү-
йелерде деректер базасы белгілі бір деңгейде кездейсоқ, сондай-ақ 
қасақана бұрмалаудан қорғалған жəне онда деректердің бүтіндігі 
мен бір мағыналығын іске асыру оңай.
Деректердің реляциялық базасы кестелер жиынтығы түрін-
дегі деректерді білдіреді. Кесте жолдар мен бағандардың белгілі 
бір жиынтығы. Жолдар, бағандар сипаттамасы мен олардың ара-
сындағы қатынас арқылы іздеу жəне жаңарту үшін арнайы тіл 
SQL қолданылады.


76
SQL (Structured Query Language) тілі немесе басқа сөзбен 
айтқанда құрылымдық сұраныстар тілі – бұл реляциялық дерек-
тер базасындағы деректерді сипаттау жəне манипуляциялауға ар-
налған стандартты тіл. SQL операторлары ДББЖ орындалады. 
Деректер базасының негізгі элементтері: 
- деректер базасының нысандары, 
- деректер бүтіндігі, 
- қатынастар,
- жүйелік кестелер,
- сақтау нысандары,
- конфигурациялық файлдар, 
- қалпына келтіру нысандары. 
Қазіргі таңда Oracle, Informix, InterBase, Sybase SQL Server, 
IBM DB2, Microsoft SQL Server сияқты, көптеген ДББЖ бар. Темір 
жолдардағы АЖ-де негізінен Oracle, IBM DB2 жəне Microsoft SQL 
Server қолданылады. Сонымен қатар, əрбір фирмалардың бірнеше 
ДББЖ қолдануы бағдарламалық жасақ тамаларды өндірушілерді 
арнайы бағдарламаларды – бір ДББЖ-нен басқа жүйеге деректер 
беруге арналған шлюздерді жазуға мəжбүрлейді. 
Заманауи ДББЖ ақпаратты алу жəне тиімді сақтау құралда- 
ры мен ғана шектелмейді, сонымен қатар шешім қабылдауды 
қолдау жүйесі деген атпен белгілі, оперативті сараптамалық өң- 
деу құралдарына (OLAP) да ие. Олар пайдаланушыларға де-
рек тердің жылдам жəне көп жақты талдауы үшін қуатты меха-
низмдерді ұсынуға бейімделген. 
«ҚТЖ» ААҚ заманауи құрылымында ақпарат жолдардың АЕО 
сақтау орнында жəне БЕО деректердің орталық сақтау орнын-
да жинақталады. ДББЖ алдына қойылатын міндет деректерді 
сақ тау, өзгерту жəне толықтыру ғана емес, сонымен қатар көп 
деңгейлі топтастыру, біріктіруді орындау. Бұл жалпы алғанда тал-
дау жүргізу үшін қажет. 
Мысал ретінде ТКБАЖ қолданылатын ДББЖ бірін - IBM DB2 
Universal DataBase қарастырамыз. 
DB2 тобының барлық мүшелерінің базалық архитектурасы 
mainframe-ге бейімделген бастапқы нұсқасымен бірдей. DB2 
ашық жүйе болып табылады. IBM компаниясымен ұсынылатын, 


77
клиенттік платформаларға қосымша, барлық DB2-серверлері 
деректер базасының таратылған архитектурасын (DRDA) қол-
дайтын, кез-келген бағдарламалық өнімнен қолжетімділікті ашу-
ға мүмкіндік береді. DRDA – бұл қосымшаларға реляциялық 
деректер базасында сақталатын ақпараттың үлкен көлемдеріне 
жылдам əрі айқын қолжетімділікті орнатуға мүмкіндік беретін 
стандарт. 
Қолданбалы бағдарламалар түрлері:
- кең салалы жалпы мақсаттағы бағдарламалар; 
- жалпы мақсаттағы тар салалы пакеттер; 
- АЖ қызмет етуін қамтамасыз ететін арнайы бағдарламалар. 
Жалпы мақсаттағы БЖ-ларға мысалы Microsoft Offi ce пакетін 
жатқызуға болады. Ол келесі бағдарламалардан тұрады: 
Outlook – жеке деректер диспетчері жəне басқа да байланыс 
бағдарламасы. Outlook қосымшасында электронды поштаны, 
күн тізбелерді, байланыстар мен басқа да жеке мəліметтер мен 
топ деректерін басқарудың жалғыз орталығы қамтамасыз етіледі; 
Word – қосымша мəтін редакторы болып табылады;
Excel – электронды кестелермен жұмыс жасауға арналған 
қосымша; 
PowerPoint – презентацияларды дайындау жəне көрсетуге 
арналған қосымша; 
Access – жергілікті деректер базаларын басқару қосымшасы;
FrontPage – web-түйіндерді жасау жəне оларды басқаруға 
арналған қосымша; 
Publisher – мақалаларды дайындау жəне басып шығаруға 
арналған қосымша; 
Project – жобаларды басқаруға арналған қосымша. Жоғары 
нəтижелерге қол жеткізу үшін жобалар, ресурстар мен бизнес-
бағдарламалар арасындағы сəйкестікті қолдауды ұйымдасты-
руға мүмкіндік беретін коорпоративті жобаларды басқару бойын-
ша тиімді шешімді қамтамасыз етеді.
Барлық тізімі берілген бағдарламалар бірегей интерфейске ие 
жəне оларды игеру оңай. Бұл қосымша бағдарламадағы дерек-
тер басқаларына өтеді, жергілікті желілер мен электрондық по-
шта арқылы жіберіледі, Internet жəне Intranet желілерінде қайта 
жіберіледі.


78
Жалпы мақсаттағы анағұрлым мамандандырылған БЖ түрлі 
əлдеқашан компьютердік калькулятор «шеңберінен шыққан» 
жəне студенттен бастап ғылыми қызметкерге дейінгі түрлі пай-
даланушылардың компьютерлерінде лайықты орынға ие болған 
математикалық пакеттер болып табылады.
Мысалы, MathWorks Inc фирмасының MATLAB жүйесі мате-
матикалық пакеттер шеңберінен шығып, инженерлік қосымша 
бағдарламалар ортасы деп аталады. 
Жүйедегі маңызды рөлді техникалық есептердің ішкі жүйе-
сі атқарады, оның бірегей ерекшелігі ондағы барлық есептеу 
операциялардың векторлар үстінде немесе векторлар жиыны 
үстінде орындалатыны болып табылады. Осылайша, MATLAB 
жүйесі векторлық есептеулердің эмуляторы болып табылады 
жəне бұл оны MathCAD, Maple, Mathematic сияқты басқа ма-
тематикалық пакеттерінен айтарлықтай ерекшелендіреді. Де-
ректерді векторлық өңдеу есептеудің жоғары жылдамдығымен 
қамтамасыз етеді, циклдарды пайдаланудан арылтады жəне 
есептердің аса жоғары дəлдігімен қамтамасыз етеді.
Басқа маңызды артықшылық – MATLAB жүйесін құрудың 
модульдік принципі. Қазіргі уақытта MATLAB жүйесіне жоғары 
деңгейлі түрлі тілдерде жазылған 50 пакеттен аса қолданбалы 
бағдарламаны, сонымен қатар, фирманың (Math Works Partner 
Products) 170-тен аса серіктестері жасақтаған 250 қосымша 
бағдарламаны қамтиды, бұл болса, жүйенің мүмкіндіктерін 
айтарлықтай кеңейтеді.
MATLAB жүйесінің құрамына бірқатар қосымшалар жасақ-
таудың құралдары (Application Development Tools), соның ішінде 
тəуелсіз орындалатын қосымшалар (Standalone Applications) 
енгізілген.
Деректерге кіру құралдары (Data Access Tools) деректер ба-
засымен жұмыс істеуге, ақпаратты нақты уақыт режимінде жи- 
науға арналған БЖ (Data Sources блогы) қамтиды.
MATLAB/SIMULINK жүйесіндегі модельдеу мүмкіндіктері 
жүйенің уақыттағы динамикалық мінез-құлқын талдаумен шек-
телмей, оқиғаларды модельдеуге (Statefl ow блогы) жол береді, 
бұл техникалық жүйені пайдалану кезінде туындайтын түрлі си-
туацияларды имитациялауға мүмкіндік береді.


79
Код жасау құралдарының бар екенін (Code Generation Tools) 
атап өткен жөн. Бұл Сu жəне Ada тілдеріндегі орындалатын код-
тарды жасап қана қоймай, түрлі микропроцессорларда олардың 
аппараттық жүзеге асырылуына мүмкіндік береді.

жүктеу 3,87 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   76




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау