3.1.2.
Басқару
Қандай да бір мақсатқа қол жеткізу үшін қабылдауды қажет ететін
әрекеттер ретін алдымен құрастырып (ойлап табу), содан соң жазып
орындау керек. Әрекеттер ретін құрастырудың нәтижесі -
құрастырушының басындағы іс-әрекет жоспары, жазудың нәтижесі –
алгоритм, ал орындалу нәтижесі – операциялардың реті
(технологиялық процесс).
Егер технологиялық процесті адам орындайтын болса, онда оған
алгоритмде қарастырылған әрекеттер ретін қалай орындауды
қамтамасыз ету түсінікті. Мысалы, алдын ала жазылған бутерброд
дайындау барысында сізде сұрақтардың болуы екіталай. Қандай да бір
әрекетті машинамен орындау үшін оның алгоритмді бұйрықтардың
реті түрінде түсінуін қамтамасыз ету қажет. Технологиялық процесті
жүзеге асыру үшін адамға алгоритм жазбасын сөздік түрінде немесе
графикалық формада көру жеткілікті. Машина алгоритм жазбасын көре
алмайды.
42
Тіпті, ол алгоритмдік тілде жазылса да, машинаның оны оқуға
қауқары жетпейді.
Сондықтан алгоритмді машинамен орындаған кезде машина мен
технологиялық процестің арасында делдал болуы керек, ол машинаға
алгоритм бұйрықтарын түсіндіруді қамтамасыз етеді. Машинаның
алгоритмге сәкес әрекеттерді орындауы үшін берілген бұйрықты
аудара алатын бір аудармашы қажет. Бұл аудармашының орындауға
тиіс қызметі
басқару
деп аталады.
Басқару
—
бұл алгоритм тапсырмасына сәйкес объектіге ықпал
етуді қалыптастыру.
Ықпал ету жүргізілетін объект
басқару объектісі
деп аталады. Оған
тек қана машина емес, адам, кәсіпорын, қоғам сонымен бірге
процестер, мысалы технологиялық процесс те жатады.
Басқарушылық ықпалды адам сияқты машина да қалыптастыра
алады.
Басқару қызметін атқаратын адамды әртүрлі атауға болады:
ақарушы, директор, жетекші және де жүргізуші, ұшқыш, машинист
және т.б. автоматтандырылған жүйені басқаратын адамды
оператор
деп атау қалыптасқан. Автоматты жүйеде басқарушы ықпал басқарушы
құрылғыны қалыптастырады.
Жүргізуші алға қойған мақсатына қол жеткізу үшін машинасын
жол сапарының жоспарына сәйкес жүргізеді, яғни, қажетті қалаға
немесе көшеге жету мақсатында. Ол машинаға рөлі, педалі және т.б.
арқылы ықпал етеді. Бұл жағдайда жүргізуші – басқарушы, ал
автомобиль – басқару аймағы. Ұшақты жүргізуші пилот та автопилотқа
басқару тетігін бергенге дейін басқарушы болып есептеледі. Онда
автопилот құрылғына басқарушы болады да ұшақ басқару аймағы
болып саналады, яғни, ұшақ толықтай автоматты жүйеге айналады.
Басқару аймағы ретінде пайдаланылатын кез келген машина,
әдетте, түрлі әрекеттерді бірінен кейін бірін орындауға қабілетті,
сонымен бірге, бір әрекетті бірнеше рет орындай береді. Әрекеттердің
(операциялардың) реті – бұл процесс. Сондықтан машинаны басқару
мен процесті басқарудың арасында айтарлықтый айырмашылық жоқ.
Технологиялық прцестерді басқару дегеніміз операциялар ретін
басқару, яғни, операцияны орындаушы үшін басқару ықпалын
қалыптастыру. Жұмыс қолмен атқарылатын цехтарда технологиялық
процеспен басқару жұмысшылар жетекшісінің басқаруымен
түйістіріледі.
43
Егер әрекетті машина басқаратын болса, онда процесті басқару
алгоритмге сәйкес қажетті реттілікте, қажет әрекеттерді орындау үшін
машинаға ықпал жасауды қалыптастыруды көздейді. Бұл ретте
машинаға оператор да, басқарушы құрылғы да әсер ете алады.
Достарыңызбен бөлісу: |