Оқулық «Білім беруді дамыту Федералды институты»



жүктеу 4,68 Mb.
Pdf просмотр
бет25/110
Дата19.01.2023
өлшемі4,68 Mb.
#40973
түріОқулық
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   110
 
ұқсас 
деп аталады

Сондықтан, кез келген мәнді, яғни, сансыз көп мәндерді иелене 
алатын басқарушы сигналдар да 
ұқсас
болып саналады. Бұл жерде «кез 
келген мән» түсінігі аса нақты емес, себебі, сигналдар нақты 
сипаттамасы бар нақты құрылғылармен өндіріледі, мысалы, жеткізу 
кернеуі секілді шектеулі. Сондықтан да сигнал мәндері белгілі 
жерлерде ғана 
кез келген
бола алады.
Кез келген мәнді (белгілі бір шекте) қабылдай алатын сигналдар 
ұқсас
деп аталады.
.
Ұқсас басқарушы сигнал әсерімен орындалатын әрбір атқарушы 
механизм жазылған әрекеттерді сигнал мәнімен қаншалықты 
анықталғандығына қарай орындайды.
Д и с к р е т т і с и г н а л д а р атқарылатын әрекеттердің сандық 
сипаты жоқ кезде пайдаланылады, яғни, ол бірмәнде ғана орындалуы 
мүмкін, оны сәл-сәл үлкен, сәл-сәл кіші орындауға болмайды (мысалы: 
«қақпақшаны жабу», «рычакты тіреуішке дейін жылжыту», 
«қозғалтқышты қосу» және т.б.). Қақпақшаның тек екі жағдайы ғана 
болады: ол не ашық не жабық (оны сәл-сәл ашуға болмайды). Сол 
секілді қозғалтқышты да сәл-сәл қосуға болмайды – ол не қосулы не 
өшірулі. А құралы көптеген позицияға ие болса да, оның әрқайсысы 
бірмәнді – оны №7 позицияға сәл-сәл көбірек немесе сәл-сәл азырақ 
орналастыруға болмайды. 


46 
Бұл мысалдарда басқарушы сигналдың ең қарапайым болуы 
мүмкін, мысалы, атқарушы механизмге электр кернеуін беру түрінде. 
Кернеу жоқ боса – әрекет те жоқ, кернеу берілсе – әрекет орындалады. 
Мүмкін кейбір жағдайларда кернеуді бірнеше рет беруге тура келеді ( 
мысалы, № 7 позициядағы құралды орнату үшін жеті кернеу 
импульсі). Бірақ берілетін кернеу мәні стандартты, тиянақты, ол 
атқарушы механизмнің паспорттық мәліметтерімен ғана анықталады. 
Басқару үшін кернеудің мәні емес, оның бар-жоқтығы маңызды, яғни, 
мұндай басқарушы сигнал бекітілген мәннің біреуіне ғана иелік ете 
алады: ол не нөл не басқару аймағының сипаттамасымен анықталатын 
кейбір мәндер. Бекітілген мәндердің көптігімен сипатталатын 
шамалар бар, мысалы, әрдайым тұтас сандармен көрінетін 
аймақтардың саны.
Екі не одан да көп бекітілген мәні бар шамалар 
дискретті
деп 
аталады. 
Дискретті шамалар өзінің табиғаты бойынша үзік-үзік, себебі бұл 
шаманың кез келген көрші екі мәні арасында алшақтық болады, ол 
дискреттеу қадамы
деп аталады.
Екі не одан да көп бекітілген мәні бар сигналдар да 
дискретт
і деп 
аталады. 
Бақылау және басқару жүйесінде жоғарыда басқарушы сигнал 
ретінде қарастырылған тек екі белгіленген мәні бар қосырлы дискретті 
сандар пайдаланылады.
Ұқсас шамалардың өзін дискретті шама ретінде көрсетуіне жағдай 
жасауға болады. Мысалы, масса – ұқсас шама. Егер сіз әрқайсысы 1 
кг.болатын бірнеше қалта сүт сатып алдыңыз делік, бұл жағдайда 
сіздің саудаңыздың массасы дискретті болады – сіздің 
қалталарыңыздың саны қанша болса да, олардың жалпы массасы бір 
ғана бекітілген мәнге ие болады: 2, 3, 4 және т.б. Ұқсас шаманың 
дискретті шамаға бұлай түрленуі 
дискреттеу
деп аталады. 
Сонымен, өзгеру сипаты бойынша кез келген физикалық шама не 
тұрақты
(егер оның тек бір ғана бекітілген мәні болса), не 
дискретті 
(
 
егер ол екі не одан да көп шамаға ие болса),
 
не 
ұқсас
( егер онда сансыз 
көп мәндер болған жағдайда) бола алады.
Автоматты жүйеде әрдайым физикалық шамалар мақсаттары 
бойынша олармен түрлі процестер барысында өзгеретін өзге 
шамалармен салыстыру үшін үлгі-нұсқа ретінде жиі қолданылады.


47 
Біз басқарушы сигналдардың әртүрлі түрлерін қарастырдық. Бірақ 
сигналдар тек қана басқаруға қажетті ақпарттардан тұрмайды, түрлі 
техникалық қрылғылар мен операторға берілетін басқа да кез келген 
ақпараттардан тұрады. Мысалы, түрлі датчиктермен қалыптасқан 
сигналдар 
технологиялық 
параметрлердің 
мәні, 
атқарушы 
механизмдардің жағдайы және т.б. туралы ақпараттарды алып жүреді. 

жүктеу 4,68 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   110




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау