Барша мұсылманның ардақты анасы
−
хазірет Айша
252
сахабалар екіге бөлініп, бір бөлігі осылай десе,
екінші бөлігі пайғамбарымыздың бұл талабын орын-
дап, қиналса да айтқандарын
жазып алу керектігін
алға тартты. араларындағы сөз ұзап кеткен соң
науқас мазасызданып, қасымнан кетіңдер деді.
сөйтіп пайғамбарымыз қайтадан анамыздың
қасына келді. ауруының асқынып, ыстығының қатты
көтерілгеніне қарамастан
сахабаларының арасына
барып, намаз оқыды. намазшам намазына да шығып,
намазда «мүрсалат» сүресін оқыды
398
.
сосын қайтадан үйіне келді. Ол келгенде, анамыз
қатты алаңдап отыр еді. себебі жарының жағдайы
тым ауырлап, орнынан тұратын да шамасы қалмаған
еді. Бір кезде айша анамызға қарап:
– намаз оқылды ма? – деп сұрады.
Оқылған жоқ болатын. Қалай оқиды, бүгінге
дейін мешітте оқитын намаздарын әрдайым алла
елшісінің артында сап түзеп тұрып оқитын. алланың
елшісі жоқ жерде сахабалар оның келгенін күтетін.
сол себепті анамыз:
– Жоқ, бәрі сізді күтіп отыр – деді.
Өзін қинап орынан тұрмақ болды да, анамызға:
– Дәрет алатын су дайындашы, – деді.
Қиналып тұрып дәрет алды. намазға енді шыға
бергенде, есінен танып, ендігі жерде күнде
барып
жүрген мешітіне енді бара алмайтын болды. Үйінде
бәрі әбігерге салынып, анамыз шарасыздан ары-бері
жүгіре бастады. Бір кезде есін жинағанда да әуелгі
сұрағаны сол сұрақ еді:
– Жамағат намаз оқыды ма? анамыз:
398
Бұхари, сыфатус салат 16 (729); ахмад ибн Ханбал, мүснәд 6\140
Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша
253
– Жоқ, сізді күтуде, – деді.
Имамды күткен жақсы, дегенмен пайғамбарымыз
бүгін оларға имамдық жасай алмайтынын түсінді.
сондықтан:
–
Әбу Бәкірге айтыңдар, намазды сол оқытсын,
– деді. сонымен қатар, бұл өзінен кейін үмбеттің
істерімен айналысатын адамды тағайындау деген
мағынаны да білдіргендей. алайда, айша анамыздың
көзқарасы басқаша еді:
– Уа, расулалла, Әбу Бәкірдің жүрегі нәзік, Құран
оқи бастағанда көз жасын тия алмайды. сол себепті
басқа
кісіге тапсырсаңыз, – деді.
Бұл ұсынысының астарында алла елшісінің
имамдық орнын басқа ешкімнің толтыра алмайтыны-
на алаңдаушылық та жатыр еді. Жұрттың имамға сын
көзбен қарайтынын білетін, сондықтан да ол жерде
әкесінің болғанын қаламап еді. алайда, алла елшісі
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм):
–
Әбу Бәкірге айтыңдар, намазды сол оқытсын! –
деді.
анамыз тағы да қарсылық танытқысы келді. Бірақ
нәтиже өзгермеді. Тіпті, алла елшісі қабағын шытып:
– сендер тура Жүсіпті айтып бір-бірімен ұрысқан
әйелдер сияқтысыңдар! Әбу Бәкірге айтыңдар, имам
болып, намазды сол оқытсын!
399
– деді.
айша анамыз енді анық түсінді. расулалладан
кейін бұл михрабта тұру ісі өте қиын мәселе болатын.
Бірақ ол іс жалғасуы тиіс. сол кісіні тағайындау ісін
де пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
өзі жасаған еді. Демек, бұл істі енді әкесі Әбу Бәкір
399
Бұхари, Жамаға 11 (633) 18 (646, 647); мүслим, салат 94 (418)