Барша мұсылманның ардақты анасы
−
хазірет Айша
214
қызығуы түрінде екі жақты қызығушылық туралы
айтуға болады.
Тағы бір назар аударатын тұс, бұл жағдай жай
бір адамға қатысты емес,
өзімен бір сәтті болса да
бөлісуді әрбір мүмин арман еткен алланың ең сүйікті
құлы пайғамбарымызға қатысты. алайда, босағасын
аттаған әр әйелмен Пайғамбарымыздың жұбайларына
арнаған күндері бөліске түсетін. анығырақ айтқанда,
алланың елшісі хижреттің үшінші жылы Хафса
анамызбен үйленгенге дейін сәуда және айша
аналарымызға екі күнде бір кезек келсе, бұл үйге
басқа аналарымыздың келуімен оларға кезек тек тоғыз
күнде бір келетін. Әсіресе, айша анамыз уақытты
бөлісуге сараң қарағаны белгілі.
мәселеге сырттай
әрі әйел табиғатын ескере
отырып қарағанда, алла елшісін (саллаллаһу аләйһи
уә сәлләм) өзінен төрт жыл бұрын некелескен сәуда
анамыздан қызғануы керек-ті. Бірақ, басқа әйелдерге
қарағанда айша (р.а.) осы сәуда анамызбен жақсы
түсініскен. Тіпті ол кісі туралы:
– Қандай асыл әйел! сәудадан асқан әйелді
көрмедім
348
, – дегені де бар.
айша анамыздан кейін келген әйелдердің жанын-
да ол жол көрсетуші болатын.
айша мен Хафса анамыз көп араласқан. Хафса
(р.а.) хазірет Омардың қызы еді. Әкелерінің достығы
қыздарына да өткен секілді еді. анда-санда отырып
кеңесетін, бір-бірінің пікірін құрметтейтін.
348
мүслим, рада 47 (1463); Ибн Хиббан, сахих 10\12 (4211); Байһақи,
сүнән 7\74 (13211); нәсәи, әс-сунәнул кубра 5\301 (8934); Исхақ
ибн рахуайх, мүснәд 2\207 (712)
Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша
215
Үммү сәләма анамыз ақыл-ой, зеректігімен оқшау
тұрған. Әсіресе, Хұдайбия күні
болған қақтығысты
шешуде зеректігін байқатқан
349
.
Хазірет Жүбәйрияның қаншалықты жақсы кісі
екенін:
– Қауымына дәл Жүбәйриядай пайдасы тиген
адамды білмеймін
350
, – дегенімен білдірген.
Хазірет айша (р.а.) басқа аналарымыз үшін
де мақтау сөздер айтқан. Бірақ әрбірі анамызды
алланың елшісінен бір-бір күнге алыстатқан жандар
еді. Қалыпты жағдайда алланың ең сүйікті құлынан
өзін алыстатқан адамға
басқаша қарау керек болса
(ұсақ-түйек оқиғаларды қоспағанда) хазірет айша
бұлай жасамаған. алланың елшісінің таңдауына
қиналмастан көнген. Өйткені, ол пайғамбардың үйінен
сабақ алған шәкірт болатын. Күйеуінің мақсатын
айтқызбай сезетін. Өйткені, пайғамбарымыздың
үйленуі жайдан-жай емес, исламды жаю мақсатында
екенін жақсы білетін. Біреуімен үйлену
арқылы
меккеліктерді бері қаратса, біразы арқылы үлкен
қауымдар мен тайпаларды исламға шақырғысы
349
сол күні меккеліктермен келісімшарт жасалған. Умра жасай алмай
кері қайту сахабаларға ауыр тиіп, Хұдайбиядан кеткісі келмейді.
ренжігендері соншалық, алла расулының талаптарына да бірден «иә»
дей алмай абдырап қалды. Бұл жағдай туралы пайғамбарымыз анала-
рымызбен ақылдасқанда, Үммү сәләма анамыз оған өз құрбанын ша-
луы керектігін айтады. шынында да барып құрбанын шалғанда, арты-
нан сахабалар да дәл солай жасай бастады, мәселе осылайша шешілді.
Қараңыз: Бұхари, шурут 15 (2581); ахмад ибн Ханбал, мүснәд 4\323
(18930); Ибн Әби шәйба, мұсаннаф 7\383 (36840)
350
Әбу Дәуіт, ′Итық 2 (3931); ахмад ибн Ханбал, мүснәд 6\277 (26408),
сондай-ақ, оның сұлулығы мен сүйкімділігін де айтады. Қараңыз:
Хаким, мүстадрак 4\28 (6781)