анамыздың үйдегі жағдайы
Пайғамбарымыздың үйі барлық жағымен жан
тыныштығы мен өзара махаббат орнаған жер бола-
тын. Ол үйде шынайы, адал сыйластық үстем еді.
Тек бүгін мен ертеңді ғана ойламай, мәңгілік әлемде
жалғасатын сапар негізінде әрекет жасалды.
Бұл үйде өзін алла елшісінің дегенін екі етпе-
уге арнаған анамызбен тату ғұмыр кешті. Жары
172
Қараңыз: нәжм53\3-4
173
Бұхари, Әхадисул әнбия 33 (3230); фадаилус сахаба 30 (3558);
мүслим, фадаилус сахаба 70 (2431), Тирмизи, Әтғима 31 (1834);
Ибн мажә, Әтғима 14 (3280)
Барша мұсылманның ардақты анасы
−
хазірет Айша
116
пайғамбарымызға толықтай мойынсұнды. сүйікті
жарының тек талаптарын орындаумен шектелмей,
оның ойын айтқызбай біліп, қалауын орындауға
күш салды. Және бұл алла елшісінен айрылғаннан
кейін де жалғасын тауып, осы алған бетінен соңғы
деміне дейін айнымады. Әр қадамын абайлап басып,
әрекеттерін алла елшісіне ұнатып-ұнатпайтынына
қарай таңдайтын.
Бірде ол алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
отырсын деп бір бөстек сатып алды. Әлі сурет туралы
үкімді білмейтіндіктен бөстектің бетіндегі суреттер-
ге назар аудармапты. мұның бір хикметі сол, осы
арқылы білмейтін тағы бір мәселе анықталып, тағы
бір үкім нақтыланайын деп тұр еді. Бір кезде алла
елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) келді. Келуін
келгенмен ішке кірмей тұрып қалды. сірә, әлденеден
секем алған секілді. мұны сезген анамыз алаңдап:
– Уа,
расулалла!
аллаға
тәубе
етіп,
пайғамбарынан кешірім сұраймын, бір күнә жасап
қойдым ба? – деп сұрады.
Қорыққаннан дауысы дірілдеп, алла мен елшісіне
қарсы іс жасап қойдым ба деп қобалжып, жауап күтті.
сүйікті жары:
– мына бөстек қайдан келген? – деп сұрады.
мәселе енді түсінікті болды. алла елшісін
қуанту үшін дайындағын қайта ұнамапты. ниеті
пайғамбарымызды ренжіту емес-ті, бірақ, бұл
жерде айша анамыз білмейтін бір мәселенің бары
айқындалды. сондықтан:
– Жастанып отырарсыз деп алған едім.
Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша
117
сонда алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
анамыз ешқашан ұмытпайтындай мына сөздерді
айтты:
– Бұл суреттерді салғандар ақырет күнінде азапқа
ұшырайды және оларға «Қане, осы жасағандарыңа
енді жан беріңдер» делінеді. Бұндай суреттері бар
үйге періштелер кірмейді!
мәселе нақтыланған соң, анамыз дереу орнынан
тұрып, суреті бар жастықты тысқа шығарып таста-
ды
174
.
анамыз үй істерімен өзі айналысып, қол
диірменімен маңдай терін төгіп, ұн тартатын
175
,
тамағын да өзі пісіретін
176
. Жайма, төсектерін өзі
салып, өзі жинайтын
177
және алла елшісінің дәрет
алатын суын да өзі дайындайтын
178
. алла елшісінің
құрбандық түйелері үшін қажетті жіпті өзі иіріп
179
,
пайғамбарымыздың киімдерін де жуатын
180
. Қажет
кезінде сүйікті жарының шашын тарап
181
, кейде оған
хош иістер себетін
182
. Пайғамбарымыздың тісін таза-
174
мүслим, либас 87 (2107); нәсәи, Зинәт 111. Бұхари, либас 95
(5616); мүслим, либас 96 (2107). Бұл оқиғаның Тәбүктен қайтқанда
болғаны туралы айтылады. Қараңыз: Бұхари, либас 91 (5610, 5611);
нәсәи, Зинәт 112 (5352). мәлімет айырмашылықтарын назарға ала-
тын болсақ оқиғаның әр түрлі кезеңдерде жүзеге асуы да мүмкін.
175
Бұхари, әл-Әдебул мүфрад 1\55 (120)
176
мүслим, Тәубе 56 (2770)
177
Тирмизи, шәмаил 1\270 (330)
178
ахмад ибн Ханбал, мүснәд 6\68 (24432)
179
Бұхари, Хажж 105 (1609, 1611); мүслим, Хажж 359 (1321); Әбу
Дәуіт, мәнасик 17 (1757); Ибн мажә, мәнәсик 94 (3095)
180
Бұхари, Уду 64 (227); Әбу Дәуіт, Таһара 142 (388)
181
Бұхари, Иғтикаф 2 (1924); мүслим, Хайз 6 (297); Әбу Дәуіт,
сиям 78 (2467)
182
Бұхари, Хаж 17 (1465); мүслим, Хаж 31 (1189); Тирмизи, саум 77 (917)
|