Шынайы сүйіспеншілік
Басқа әйелдеріне қарағанда пайғамбарымыздың
айшаны көбірек жақсы көруінің негізінде қандай
себеп жатты? Әкесі хазірет Әбу Бәкірмен достығы
ма? Әлде айша анамыз ерекше сұлу ма еді? Әлде
бұлардан басқа себеп бар ма?
158
Бұхари, Жәнәиз 94 (1323); мүслим, фадаилус сахаба 84 (2443)
159
Бұхари, Жәнәиз 94 (1323); мүслим, фадаилус сахаба 84 (2443)
160
Әбу нуайм, Хилиятул әулия 2\44
161
Бәйһақи, сүнән, 2\458; Ибн сағд, Табақат 8\66; Ибнул Әсир, Усудул
ғаба 1\1384; Әбу нуайм, Хилиятул әулия, 2\44; ахмад ибн Ханбал,
мүснәд 6\241; сондай-ақ қараңыз: Тахмаз, әс-сәйидату айша 48
Барша мұсылманның ардақты анасы
−
хазірет Айша
110
Хазірет Әбу Бәкір секілді сыддық мәртебесінің
шыңына шыққан және айнымас серік болған адамның
қызы болуының мұнда әрине ықпалы жоқ емес.
Өйткені, ол сыддық еді және алла елшісіне ең жақын
серік болды. Жұрттың ішінде ең тәуір көрген адамы
да Әбу Бәкір болатын. ал, айша анамыз – соның
қызы. расул (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) осыны
назарға алып, айналасындағыларға да оның хазірет
Әбу Бәкірдің қызы екенін дәйім ескертетін
162
.
анамыздың сұлулығына да назар аударғаны
күмәнсіз. Әсіресе, жала жабу оқиғасында анасы
Үммү румәнның оны жұбатып айтқаны осыны рас-
тайды. Өйткені, шамамен бір айға созылған қайғылы
күндерінде қызын жұбату үшін анасы Үммү румән
оған:
– сабыр ет, алла өзі қарасады. аллаға ант етемін,
сен сияқты сұлу әрі жарының сүйіктісі болған әйелдің
артынан міндетті түрде сөз ереді. себебі саған Жа-
ратушы тарапынан берілген артықшылыққа қызыға,
қызғана қарайтындар жетерлік. мұндай адамдар
туралы өсек көп болады
163
, – деген.
Хазірет Омар секілді парасатты жан нәбидің
көңілінде айрықша орны бар айша анамызды
ренжітпеуі және онымен бәсекелеспеуі үшін қызы
Хафса анамызға ескерту де жасаған
164
.
Жалпылама риуаяттарға қараған кезімізде басқа
әйелдеріне қарағанда алла елшісінің айша ана-
162
мүслим, фадаилус сахаба 83 (2442); нәсәи, Ишратун ниса 3 (3944);
ахмад ибн Ханбал, мүснәд 6\88 (24619); Бәйһақи, сүнән 7\299
(14526); нәсәи, әс-сүнәнул кубра 5\281 (8892)
163
Бұхари, шаһадат 15 (2518); мағази 32 (3910)
164
Қараңыз: Бұхари, мәзалим 25 (2336)
Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша
111
мызды қаттырақ жақсы көруінің астарында мұндай
нәрселер емес, оның басқа әйелдерінде кездесе берме-
ген ерекшелігі жатқан еді. Өйткені, олардың арасында
ілімінің тереңдігі жағынан алдыңғы орында тұрған
анамыз сол болатын. алла елшісі (саллаллаһу аләйһи
уә сәлләм) мықтап ұстанған жағдайда адамдардың тура
жолда нық қалатынын тапсырған екі жағдайдың бірі
болған әһли бәйт
165
ошағының ең ерекше мұғәлимасы
сол еді. Басқа адамдар пайғамбарымыздың сырттағы
жағдайларын біле алатын болса, айша анамыз
сырттағы және өзгелерге беймәлім ішкі жағдайларын
да білді. Көп өтпей бұл қабілеттері оны Құранның ең
маңызды тәржіманы, хадис ғылымының ең негізгі
мұғәлимасына айналдырып, діннің негізгі мәселелері
бойынша оның тұғырын даралады. Дінге қатысты
терең мәліметтерді содан үйренуіміз керек екенін
де алла елшісінің (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
өзі ұсынды
166
. айша анамыздың риуаят еткен бір
хадисінде жар таңдау мәселесі қозғалған:
–
Бір әйелмен үш нәрсе үшін некелеседі, дүние-
мүлкі, сұлулығы және діні. Бірақ, сен діни жағын
таңда, сонда жаның тыныш болады
167
.
165
мүслим, фадаилус сахаба 36 (2408); ахмад ибн Ханбал, мүснәд
4\366 (19285)
166
«Діндеріңнің жартысын (үштен бірін) мына Хумайрадан алыңдар»
мағынасына келетін риуаят үшін қараңыз: шәуқани, әл-фәуәидул
мәжмуға 1\399; Ибн Қайюм әл-Жәузи, әл-мәнарул мүниф 1\60;
ажлуни, Кәшфул Хафа «Хузу» бабы...
167
ахмад ибн Ханбал, мүснәд 6\152 (25232). Басқа бір риуаятта «Әйелге
төрт қасиеті үшін үйленеді, дүние-мүлкі, тегі, жағдайы, сұлулығы
және діні. сен діні толық болғанын таңда, сонда жан тыныштығын
табарсың» делінеді. Қараңыз: Бұхари, никах 16 (4802); мүслим,
рада 53 (1466); Әбу Дәуіт, никах 2 (2047)
|