Хазірет айша



жүктеу 2,44 Mb.
Pdf просмотр
бет47/152
Дата19.01.2023
өлшемі2,44 Mb.
#40969
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   152
Айша

«Алла жақсылық 
жасап, тозақтың азабынан бізді сақтады»
226
деген 
мағынадағы аятқа келген кезде өксікке булығады. 
Өйткені, аятта дүние машақаттарынан құтылған және 
224
Дарақутни, сүнән1\246
225
ахмад ибн Ханбал, мүснәд 6\125 (24989)
226
Тур, 52\27


Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша
143
арғы дүниеде де сондай тыныштыққа бөленгендердің 
жағдайы туралы айтылған болатын. алайда, 
анамыз өзінің алдағы өмірі үшін алаңдап, осындай 
рақымдылыққа қол жеткізе ала ма, жоқ па сол үшін 
уайымдайтын. аятты оқи сала тоқтап:
– раббым, маған да жақсылық жасап, тозақ аза-
бынан құтқар
227
, – деп жалбарынды. 
Осы оқиғаға куә болған жиені әрі ең айрықша 
шәкірті хазірет Уруә сәлем беруге күте-күте 
шаршағанын, жылап отырып оқыған намазының әлі 
де ұзаққа созылатынын түсінген соң базардағы бір 
ісін бітіру үшін ол жерден кеткенін айтып, былай 
дейді:
– Базардағы 
шаруамды 
бітіріп 
қайтып 
келгенімде, ол кісі әлі де намазын аяқтамапты
228
.
айша анамыз намаздарын жамағатпен оқуға 
айрықша мән беретін. Онсыз да Пайғамбар мешітіне 
жапсарлас салынған бөлмесінен имамға бағынып
229

кейде қасына келген әйелдермен бірге жамағат құрап 
намаз оқитын
230
. Тіпті, кей кездері азат құл хазірет 
Закуанға имам болуды тапсырып, өзі соған жамағат 
болып ұйып ұзақ намаз оқитын
231

227
Ибн Әби шәйбә, мұсаннаф 2\25 (6036)
228
Ибн Әби шәйбә, мұсаннаф 2\25 (6037) осыған ұқсайтын оқиғаны 
абдуллаһ ибн әби мұса (р.а.) былай түсіндіреді:

мүдрик немесе Ибн мүдрик мені бір сұрақ сұрау үшін жіберген 
болатын. Қасына барғанымда, «Духа» намазын оқып отыр екен. 
Ішімнен «намазы біткенше күте тұрайын» деп ойлап едім, айналам-
нан «мүмкін емес» деген дауыстарды естідім. Қараңыз: ахмад ибн 
Ханбал, мүснәд 6\125 (24989)
229
Тахмаз, әс-сәйидәту айшадан наклен абдурраззақ, мұсаннаф 2\82
230
Тахмаз, әс-сәйидәту айшаден наклен абдурраззақ, мұсаннаф 
2\126, 141
231
Бұхари, Жамаға 26 (659)


Барша мұсылманның ардақты анасы 

 хазірет Айша
144
Оразаға деген ықыласы да айрықша еді. 
Уақытының барлығын дерлік оразамен өткізіп
232

бастаған ғибадатын ештеңеге қарамастан бітіруді 
мақсат ететін. Бір арапа күні қасына бауыры аб-
дуррахман келді. Күн өте ыстық. анамыздың аузы 
берік болатын. Әжесінің осындай аптап ыстыққа 
қарамастан ораза тұтқанын, қатты қиналғанын көріп:
– Оразаңды ашсаңшы, – деп ұсыныс жасады. 
расулалланың өмір салтын өнеге тұтатын айша 
анамыз былай деді: 
– 
«Арапа күнінің оразасы өзінен бұрынғы 
жылдың күнәларының өтеуі»
деген хадисті ести тұра 
бұл оразаны қалай бұзамын?
233
Ішіп-жеуге болатын мина күндерінде де ауыз 
бекітіп
234
, ауыз ашуға рұқсат берілген сапарларда да 
оразасын бұзбайтын
235
.
Пайғамбарымызбен бірге бір рет қажылық 
жасады. Бұл алла елшісінің (саллаллаһу аләйһи уә 
сәлләм) алғашқы әрі соңғы қажылығы еді. 
нәби көз жұмғаннан кейін бірнеше рет меккеге 
барды. Қажылық мәселесіне мұқият қарайтындықтан, 
бір күні алла елшісіне барып:
– Біз де сіздерден қалмай жорықтарға қатыссақ 
әрі жиһадтарыңызға ортақ болсақ, – деген. 
232
Ибн сағд, Табақат 8\68
233
ахмад ибн Ханбал, мүснәд 6\128 (25014); Хәйсәми, мәжмауз 
зәуәид 3\189 
234
Қараңыз: Бұхари, саум 67 (1893)
235
абдурраззақ, мұсаннаф 2\560-561 (4459-4461); Байһақи, сүнән 
4\301 (8266)


Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша
145
шынайы жасалған ұсыныс болса да, міндет пен 
жауапкершілікте жаратылыстың заңдарына көз жұма 
қарауға болмайтын еді. сондықтан: 
– Әйелдер үшін ең жақсы жиһад – қабыл болған 
қажылық
236
, – деген жауап естіді. 
Осыны естігеннен бастап жыл сайын қажылыққа 
баруға айрықша күш салып, айналасындағыларға 
былай дейтін:
– мен осыны естігеннен кейін қажылыққа 
бармай қалуым мүмкін бе?
237
алғашқы жылдар Қағбада адам онша көп 
болмағандықтан, ел қатарлы қажылармен бірге тауап 
етсе, кейінгі жылдары халықтың көбеюіне байла-
нысты еркектермен араласпау үшін тауапты кеңірек 
жерден айналатын. Әрине, бұл оның жолын ұзартып, 
қиындығын арттыратын. алайда ол ештеңеге де 
қарамастан адам аз болатын уақыттарды күтетін. 
мәтафта адамның көп екенін көрсе, ол жерден алы-
стап, алыстан да болса сәуір тауының ортасына дейін 
барып тауап ететін. 
Пайғамбарымыздың жасағандарын жасау ол үшін 
ең маңызды іс болатын, сол себепті алғашқы жылда-
ры минада нәмирә деген жерге тоқтап жүрсе, кейінгі 
жылдары адамның көбеюіне байланысты бұл әдетін 
де өзгертіп, шатырын Әрак деген аймаққа құратын 
236
Бұхари, Хажж 4 (1448); Жиһад 1 (2632) Басқа бір риуаят бойынша 
пайғамбарымыз айшаның «Әйелдерге де жиһад парыз ба?» деген 
сұрағына, «Иә, әйелдерге де жиһад бар, алайда бұл жиһадта соғысу 
жоқ. Ол – қажылық пен умра» деген. Қараңыз: Ибн мажә, мәнәсик; 
Байһақи, сүнән 4\350 (8540)
237
Бұхари, муатта Хаж 13 (750)


Барша мұсылманның ардақты анасы 

 хазірет Айша
146
болады. Кейде шатырын сәуір тауы тұрған жерге 
тігетін
238

айша анамыздың умра ғибадатына да айрықша 
көңіл бөлгенін көреміз. мухаррам айы келмей тұрып 
Жухфаға барып, ай туғанша сол жерде күтетін. 
Жаңа айдың туғанын көре сала тәкбір айтып, умра 
ғибадатына кірісіп, еш уақыт жоғалтпастан меккеге 
баратын
239

Әрдайым оразамен өткізген арапа күні ауыз 
ашатын уақыт кіргенде оразасын сумен ашатын
240


жүктеу 2,44 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   152




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау