Хазірет айша



жүктеу 2,44 Mb.
Pdf просмотр
бет32/152
Дата19.01.2023
өлшемі2,44 Mb.
#40969
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   152
Айша

Барша мұсылманның ардақты анасы 

 хазірет Айша
96
айша анамызбен бірге отырып әңгімелесе бастады. 
Хафса анамыз ол түні кезектің өзінде емес екенін 
және алла елшісінің айша анамыздың қасында бола-
тынын түсінді. Біраз уақыттан кейін мүмкіндік туған 
кезде айша анамызға жақындап барып, оған былай 
ұсыныс жасады: 
– Бүгін сен менің түйеме, мен сенің түйеңе 
ауысып мінсек, сосын алла елшісінің не істейтінін 
көрсек, – деді. 
мына бір ұсынысты айша анамыз қуана 
қабылдады. Өйткені, алла елшісінің өзінің түйесін 
таңдайтынын білетін. Осы арқылы мұны басқаларға 
да білдіруге мүмкіндік туатын еді. 
Қайтадан жолға шыққан кезде өздері 
шамалағандай алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә 
сәлләм) айша анамыздың түйесінің жанына келді. 
Ол түйенің үстінде Хафса анамыз бар еді. Басқаша 
айтқанда, пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи уә 
сәлләм) алдындағы қадірін тағы бір рет нығайтқан 
айша анамыз онымен бірге жүру нәсібінен бұл жолы 
құр қалған еді. 
«Иә» деп келісім берерін беріп алғанменен, 
шыққан нәтижеге өздері ойлап тапқан әзілдері 
болса да көне алмайтыны анық еді. алланың елшісі 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) өзінің түйесінің 
жанына келіп тұрып, өзін таңдағаныменен дәл қазір 
расулдың жанында емес болатын. Жан дүниесі 
өртеніп не істерін білмей, іштей қынжылған анамыз 
раббысына былай деп жалбарынды: 
– Уа, әлемдердің әміршісі, маған бір шаян немесе 
жылан жібер, мені шағып алсын. Пайғамбар басқа 


Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша
97
адамның жанында кетіп барады, ал мен ештеңе істей 
алар емеспін
132
.
айша үшін жан жары хазірет Жүсіптен де 
көркем еді. Хазірет Жүсіпті көрген әйелдер қолдарын 
байқамай пышақпен кесіп алғаны бар. айша 
анамыздың айтуынша, ол әйелдер пайғамбарымызды 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) көрсе, қолдарын кесу 
былай тұрсын, сол пышақтарын кеуделеріне қадап 
алар еді
133
.
Осы бір айрандай ұйып отырған жанұяда бұл 
сүйіспеншілікке ақау түсіретін титтей нәрсе болған 
жоқ. Керісінше, уақыт өткен сайын бұл бір-біріне 
соншалықты бауыр басып, болып жатқан әрбір 
оқиға олардың сүйіспеншіліктерін одан сайын арт-
тыра түсті. айша анамыз да алла елшісінің бұл 
махаббатын жамандыққа жорыған емес. Ері де 
жаңа шара қолдануды ойға алмады. негізінде 
пайғамбарымыздың басқа аналарымызбен болған 
байланысы да осындай еді. Қалауларын айтпастан 
біліп, талап етілген барлық нәрсе сол қалпында 
атқарылатын. сол үшін де бір күні анамыз:
расулалла қолымен бір әйелді, не бір 
қызметшіні, не басқа біреуді ұрған емес
134
, – деп еске 
алған. 
айша анамыздың бұл сүйіспеншілігі ері қайтыс 
болғаннан кейін де жалғасты. Жұпыны өмір кешуден 
танбаған анамыз жиі-жиі үйіне әлдене әкелгісі кел-
132
Бұхари, никах 96 (4913); мүслим, фадаилус сахаба 88 (2445)
133
Оның бұл сезімдері туралы бір ақын өлең жазады. Қараңыз: алуси, 
рухул мағани 13\77; сәләфи, мужамус сәфәр 398; гүлен, Калбин 
Зүмрүт тепелери 1\221
134
мүслим, фазаил 79. Қараңыз: Әбу Дәуіт, Әдәб 4; Ибн мажә, никах 51


Барша мұсылманның ардақты анасы 

 хазірет Айша
98
гендерге қарсылық танытып, дүние нығметтерінен 
барынша алыс тұрғысы келетінін ісімен көрсететін. 
алайда, мүминдердің анасы болғандықтан, жұрт 
оған жақсылық жасауға тырысты. ал, ол болса өзіне 
сыйлыққа берілген және қабылдауға мәжбүр болған 
заттардың барлығын басқа мұқтаж жандарға таратып, 
өзіне ештеңе қалдырмайтын. Өзіне сыйлықтар алғаш 
келген кездері оларды иесіне кері қайтарғысы келетін, 
алайда алла елшісінен (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
естіген бір сөзі оны бұл әрекеттен тоқтатты. сол сөзге 
қарсы келмеу үшін өзіне берілген сыйлықты алуға 
мәжбүр болатын. 
Бір күні жанына абдулла ибн Әмірдің елшісі 
келіп, сыйлық ретінде анамызға тағамдар мен киім 
әкелді. айша анамыз қарсылық білдіріп: 
– Балам, мен ешкімнен ештеңе алмаймын, – деп, 
сыйлығын алмай кері қайтарды. 
аңқылдап жеткен елшінің көңілі су сепкендей ба-
сылды. Қандай да бір сыйлық әкелген болса, оларды 
анамызға ұсынып жатқан кезде бейне бір алланың 
елшісіне беріп жатқандай күй кешіп, өздеріне бұлайша 
сыйлық беруді міндет деп білетін. Және де олардың да 
анасы болғандықтан, қандай да бір қажетіне жаратар 
деп ойлаған еді. Бірақ, айша анамыздың да шешіміне 
құрметпен қарауы керек. Қожайынына не айтатынын 
ойлап, шарасыз түрде кері қайтты. 
Осы кезде анамыз ойланып, жасаған бұл ісінің 
алла елшісіне қарсылыққа жатпай ма деп уайымдап, 
қасындағыларға:
– Әлгі кісіні шақырыңдар! – деді. 


Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша
99
Ол кісі таңырқаған кейіпте айша анамыздың 
алдына қайта келді. 
айша анамыздың бағанағы ашуы басылыпты. 
– алла елшісінің маған айтқаны есіме түсті. Бір 
күні маған
«Айша, саған біреу бір нәрсе берсе, оны 
кері қайтарма, ал! Өйткені, ол Алланың саған берген 
ризығы»
135
деген еді.
мұны естігенде елшінің жүзі жадырап, әкелген 
сый-сияпатын қабыл алғанына қуанып, еліне қайтты.

жүктеу 2,44 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   152




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау