Хазірет айша



жүктеу 2,44 Mb.
Pdf просмотр
бет31/152
Дата19.01.2023
өлшемі2,44 Mb.
#40969
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   152
Айша

Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша
93
қайта өзіңе сиынамын. Өзіңе қаншама мақтау айтсам 
да, әлсіз екенімді мойындаймын. сенің мінсіз екеніңді 
білемін. раббым! сенен басқа Құдай жоқ және барлық 
нәрсе сенің қалауыңмен бар болады!
Әлгіндегі ойы үшін өкініп былай дейді:
– Уа, расулалла! Жолыңызға жаным құрбан, сіз 
туралы мен не ойладым, ал сіз болсаңыз, немен айна-
лысып отырсыз
128
.
Тағы бірде дәл осындай жағдай орын алды. 
Төсекке жатқанда алла елшісі (саллаллаһу аләйһи 
уә сәлләм) сырт киімінің бір жағын төсегіне тигізіп, 
дәл бір тұрып кететіндей болып қисайып жатты. 
алайда, өзі түнде ғибадатқа тұратын кезде де анала-
рымыздан рұқсат алатын. раббысымен бірге болатын 
кездерінің өзінде де кісі ақысына құрмет көрсетуді 
ұмытпайтын
129
. Бүгінгі мына әрекеті мүлде басқаша 
болып тұр. Бұл айша анамыздың күмәнін күшейтті. 
Біраз уақыт өткеннен кейін жайлап төсегінен 
тұрғаны байқалды. айша анамызды оятып алмау үшін 
аяғының ұшымен басып, ақырын ғана аяқ киімі мен 
сырт киімін киіп, сыртқа шығып кетті. Бірақ, айша 
анамыз ояу жатқан еді. неліктен шығып кетті екен 
деп, артынан ақырын бақылап көргісі келді. Дереу 
орнынан тұрды. Орамалмен жүзін жасырып, сырт 
киімін киіп, ерінің соңынан білдірмей еріп отырды. 
Пайғамбарымыз мәдина мазаратына келді. сол жерде 
қол жайып ұзақ уақыт дұға етті. Қолы талған кезде 
128
Қараңыз: мүслим, салат 221 (484, 486, 512); Тирмизи, Дағуат 76 
(3493); Әбу Дәуіт, салат 152 (879); Ибн мажә, Дуа 3 (3841); нәсәи, 
салат 72 (1131); абдурраззақ, мұсаннаф 2\160 (2898). Оқиғаға 
тақырыпқа қатысты риуаяттарды біріктіру арқылы мағына берілген.
129
Қараңыз: Бәйһақи, шуабул Иман 3\383 (3837)


Барша мұсылманның ардақты анасы 

 хазірет Айша
94
түсіріп, біраздан кейін көтеріп қайта дұға етті. сөйтіп, 
біраз отырды да үйіне қайтты. анамыз абдырап, өзін 
байқап қоймауы үшін жүгіре басып үйге тезірек жет-
кенше асықты. арттағы кісі жүрісін шапшаңдатқан 
сайын бұл да тездетіп жүріп келеді. 
ақыры, ертерек үйге жетті де, ештеңе білмегенсіп, 
дереу төсегіне жата қалды. Бірақ, жүрегі тарсылдап, 
ентігіп тұр.
Бір кезде алла елшісі де келді. Таңырқаған 
кейіппен:
– саған не болды? – деп сұрады.
Еш нәрсе болған жоқ, – деп, қанша жасыруға 
тырысса да, қарсы алдында айтқызбай білетін алла 
елшісі тұр еді. Жары:
– сен айтасың ба, әлде мұны маған латиф һәм 
Хабир болған раббым білдіргенін қалайсың ба? – деді. 
айша анамыздың тіптен есі шықты. Өкінген 
кейіпте:
– Уа, алланың елшісі, жолыңа жаным құрбан! – 
деді. 
Оның бұл тұрысының өзі бәрінен хабар беріп 
тұрғандай еді, расулалла (саллаллаһу аләйһи уә 
сәлләм):
– Әлде алдымда қараңдап көрінген сен бе 
едің? – деп сұрады. айша анамыздың «Иә», – деп 
күмілжігеннен басқа амалы қалмады
130
.
Бұлардың барлығы оның екі жиһан сәруарына 
деген жақындығын көрсетуде. сүйіспеншілігінің 
тереңдігі соншалық, жарының үстіне шаң қондырғысы 
130
мүслим, Жәнаиз 102 (974); нәсәи, Жәнаиз 103 (2037); Ишрәтун 
ниса 4 (3963, 3964); Ибн мажә, Жәнаиз 36 (1546); Иқаматус салат 
191 (389, 1389); Тирмизи, саум 39 (739)


Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша
95
келмейтін. Оның көңіліне тиетін келетін жайттарға 
жол бермейтін. 
Бір күні келгендердің бірі өлім тілеген мағынада 
расулға: 
– саған сам болсын! – деді. Бұл сөзді анамыз да 
естіді. алланың елшісіне өлім тілеуге кімнің батылы 
барады? Дереу ұшып түрегеліп мұны айтқан адамға 
қарап: 
– айтқан өлімің де, қарғыс та өздеріңе көрінсін, 
– деді. Иә, бұл дін дұшпандарына қарсы қарғыс 
жасауға жақсы бір мүминдік болатын, алайда дәл 
қазір өзінің қадірін білмесе де барлық адам алла 
елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) үшін теңдей 
мүмин болатын және қатаңдыққа қаталдықпен жауап 
қайтарылмауы керек еді. сол себепті жарына қарап: 
– айша, алла тағала рафиқ (мейірімді, жұмсақ) 
және әр түрлі істерде жұмсақтық жасағанды жақсы 
көреді
131
, – деді.
Өзінен бір нәрсе сұрағандарға «жоқ» дей алмай-
тын. Тіпті, одан алла елшісін сұраса да сол әдетінен 
танбағаныменен, сүйіктісінің қасынан аз уақытқа 
болса да алыстағанына іштей қынжылатын. Жорыққа 
шығатын кезде алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә 
сәлләм) аналарымыздың арасында жеребе тастап, 
жеребе кімге түссе, жорыққа ертіп алып шығатын. 
Бірде жеребе тастағанда, Хафса анамыз бен айша 
анамыз анықталды. Жолға шығып, біраз жол жүрді. Түн 
болып бір жерге тоқтаған кездерінде пайғамбарымыз 
131
Бұхари, Әдәб 38 (5683); Истизан 22 (5901); мүслим, сәлам 10 
(2165); ахмад ибн Ханбал, мүснәд 2\341 (13555); Тирмизи, Ис-
тизан 12 (2701) 



жүктеу 2,44 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   152




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау