Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша
91
сақтанып, осы уақытының барлығын да нәбимен бірге
өткізуді қалайтын. сол үшін де еріне бөтен көздің
түскенін ұнатпай, оны басқалардан қызғанатын.
алайда, ері қарапайым отағасы ғана емес,
барша
адамзаттың пайғамбары еді. мұны өзі жақсы түсінді.
расулдың жолына өмірін пида ету үшін қаншама
адам кезегін күтіп тұрғандай болатын. расулалла
үшін құрбан болуға дайын қаншама өмір бар еді.
Бұл жағдай қанша түсінікті дегенмен де айша ана-
мызды алаңдататын.
Оның бұл алаңдаушылығы
«(Мұхаммед!) (әйелдеріңнен) өзің қалаған әйелді
қалдырып, ұнамды әйелді өзіңе бөлмелес қыл.
Өзің шеттеткен әйелдеріңнен бірер әйелді (өзіңе
қайтадан бөлмелес етуді) қаласаң, оның ешқандай
күнәсі жоқ»
125
деген аят келгенге дейін жалғасты.
Осы аят келгеннен кейін алла елшісіне қарап, назда-
нып былай деді:
– Байқаймын, раббың әрдайым сенің көңіліңе
қарай беретін сияқты!
126
айша анамыздың бұлай деуі сүйіспеншілік пен
жақындықтан туған. Өмірін әрдайым оның жанында
өткізгісі келді, алайда жағдай бұны көтермейтін. Жар
болып келген өзге аналарымыз алла расулын тағы бір
күнге өзінен алыстатқан еді. Өйткені, пайғамбарымыз
күндерді
аналарымыздың арасында бөліп, әр күнді
біреуінің қасында өткізетін. Бұл үйге алғаш келіп
түскен кезде күндізгі уақытта айша анамыз оның жа-
125
Қараңыз: ахзаб 33\51
126
Бұхари, Тәфсирул Құран 279 (4510); никах 30 (4823); мүслим, рада
49 (1464); нәсәи, никах 1 (3199); Ибн мажә, никах 57 (2000)
Барша мұсылманның ардақты анасы
−
хазірет Айша
92
нында болатын, себебі
өзіне пайғамбарымыз тоғыз
күнде бір келетін.
алла елшісі (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) дүние
мен ақырет арасындағы таңдауды көрсететін аят
түскеннен кейін де дағдысын бұзбай, жоспардан тыс
таңдау жасаған кезде міндетті түрде әйелдерінен
рұқсат алуды ұмытпайтын. айша анамыз әсіресе осы
жағдайға баса назар аударып,
ерік өзіне берілсе де
алла елшісінің өзгермеген әдетін былай түсіндіруде:
– Біздің кезектегі күндеріміз туралы расулал-
ла (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
«Әй, пайғамбар!
Әйелдеріңнен қалағаныңды кейінге қалдырып,
қалағанын жаныңа ала аласың»
деген аят түскеннен
кейін де рұқсат сұрауын жалғастырды
127
.
Кезек келген күндерде
уақытының барлығын
расулмен бірге өткізгісі келетін айша анамыз бұған
кедергі болатын істерге де мұқият қарайтын. Бір түні
оянған кезде қасында ері жоқтығын байқады. шырақ
жоқ, бөлме іші қараңғы еді. Басқа әйелдерінің біріне
кетті ме деген ой қылаң берді. сол-ақ екен, қолымен
сипап пайғамбарымызды іздей бастады. Бір кезде
анамыздың қолы алла елшісінің аяғына тиді, сөйтсе
пайғамбарымыз сәждеде екен. Көңілі орнына түсіп,
терең тыныстады. Өйткені, расулалла (саллаллаһу
аләйһи уә сәлләм) сол бөлменің бір бұрышында дұға
жасап отыр екен. Құлақ салған кезде былай дегенін
естіді:
– Уа, алла тағалам, азабыңнан разылығыңа,
жазаңнан кешіріміңе сиынамын.
Басқа емес, сенен
127
Бұхари, Тәфсирул Құран 279 (4511); мүслим, Талақ 23 (1476); Әбу
Дәуіт, никах 39 (2136); ахмад ибн Ханбал, мүснәд 6\76 (24520)