Хазірет айша



жүктеу 2,44 Mb.
Pdf просмотр
бет20/152
Дата19.01.2023
өлшемі2,44 Mb.
#40969
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   152
Айша

Үйленгеннен кейін
Осы кезден бастап айша (р.а.) расулалланың әйелі 
әрі барша мүминдердің анасы болып саналды. алла 
тағала аят түсіру арқылы пайғамбардың босағасын 
аттаған жанның бақытты екенін білдірді. Бірақ осы 
жақсылықтың қадірін біліп, абыроймен атқарса, екі 
есе сауап, ал лайықты түрде атқара алмаса, үлкен 
қатерге жол ашылатын, онда екі есе жаза болатынын 
ескертті
63
. алайда, пайғамбарымыздың әйелдерінің 
барлығы да бұл артықшылықтың қадірін біліп, 
кіршіксіз адал күйде бақиға аттанды. 
Хазірет Әбу Бәкір де өзіне тән жауапкершілікті 
терең сезінді. айшаның әкесі бола тұра қызына 
«ана» деп қарады. Іс-әрекетімен де анаға тән құрмет 
көрсетті. Бөлмесіне рұқсат сұрап кіріп, сөйлескен 
кезде де ізет білдіретін. 
Жала оқиғасында мистах ибн Усасаның 
айшаны өсектегені құлағына жеткенде, ренжіп, 
ендігәрі мистахқа көмектеспеспін деп шешті. (сол 
кезге дейін қарасып келген еді). Көп өтпей әр түрлі 
жағдайда мұқтаж жандарға көмектесудің жөн екенін, 
63
Қараңыз: ахзәб, 33\30


Мүминдердің абзал аналарының бірі − хазірет Айша
61
адамдардың абайламай жасап қойған қателіктеріне көз 
жұмып, оларға кешіріммен қараудың Жаратушының 
кешіріміне бөлейтіні
64
туралы аяттар түсті. Осыдан 
кейін ол ойын өзгертіп, кешірім тіледі:
– Әрине, мені алланың кешіргенін қалаймын. 
сөйтті де хазірет мистахқа көмек беруін қайтадан 
жалғастыра бастады. Өзіне «ант етемін, көрсетіп 
келген жәрдемімді үзбей жалғастырамын» деп серт 
берді
65

Тұрған үйі
Әрине, айша анамыз биік сарайда өмір сүрген жоқ. 
Тұрған жері тек қажетіне жарарлық шағын бөлме бо-
латын. Пайғамбар мешітінің шығысында орналасқан 
бұл орынның есігі батыстан сол мешіт жаққа қарай 
ашылатын. Осы жағынан алып қарағанда мешіт 
анамыздың бөлмесінің ауласы сияқты еді. рамазан 
айында расулалла мешітте ғибадат жасаған кездерінде 
анамыз бөлмесінен қолын созып пайғамбарымыздың 
шашын тарайтын
66
, кейде өзінен сұраған затын тез 
арада алып бере қоятын. 
Бөлмесінің қабырғасы лаймен сыланып, түрегеп 
тұрған адамның қолы жететіндей төбесі құрма бума-
ларымен жабылды. шатыры жаңбыр өткізбеу үшін 
64
Қараңыз: нұр, 24\22
65
Бұхари, шахадат 15 (2518), Әйман 17; мүслим, Тәубе 56 (2770); 
ахмад ибн Ханбал, мүснәд ,6\194, 197
66
Бұхари, Иғтикаф 4 (1926); мүслим, Хайз 6 (297); Әбу Дәуіт, сиям 78 
(2467, 2469); Тирмизи, саум 80 (804)


Барша мұсылманның ардақты анасы 

 хазірет Айша
62
жүнмен қапталды. саж және арар деген ағаштан 
жасалған есігі әрдайым келушілерге ашық болды
67
.
Бөлмесінің көлемі жайлы былай деген:
– расулалла мен ұйықтағанда намазға тұрар 
болса, сәждеге баратын кезде қолымен аяғымды 
түртетін, мен аяғымды жинап ала қоятынмын, сонда 
барып сәждесін толық жасайтын
68

Басқа аналарымыздың бөлмесі де айша 
анамыздыкінен аспады. Бір ерекшелігі, олардың 
есігі пайғамбар мешіті жаққа емес, сыртқа қарайтын. 
Олардың тұрған жерінің қарапайымдылығын сурет-
теген хазірет Хасан былай дейді:
– Хазірет Османның халифалығы кезінде алла 
елшісінің әйелдерінің үйіне барғанымда, қолымды 
сәл созсам төбесіне тиетін
69

Пайғамбар мешітін кеңейту мақсатында осы 
бөлмені бұзу мәселесі көтерілген кезде халифа Уәлид 
ибн абдулмәликке қарсы шыққан табиғиндердің 
имамы саид ибн мүсәйяб былай дейді: 
– мына бөлмелерді бұзбай-ақ қойсаң қайтеді? 
Жұрт барға қанағат етсе. Өйткені, ертеңгі ақ майы 
аузынан аққан ұрпақ алланың сүйікті құлы әрі 
елшісінің қандай жағдайда өмір сүргенін көрсін
70
.
67
Қараңыз: Бұхари, әл-Әдәбул мүфрад 1\272 (776); самхуди, Хуласа-
тул уафа 1\458
68
Бұхари, салат 21 (375); мүслим, салат 268 (512); насаи, Таһарат 
120 (166-168); Әбу Дәуіт, салат 112 (712). Ол үйде қазір алла ра-
сулы, хазірет Әбу Бәкір мен Омардың денелері жерленген. Басқаша 
айтқанда, ол бөлме тек үш дене сиятындай ғана көлемді қамтыған. 
69
Ибн сағд, Табақат 1\506; Тахмаз, әс-сәйидәту аиша 31
70
Ибн сағд, Табақат 1\500, 8\167; суюти, әл-луррул мансур 7\554. 
сондай-ақ, қараңыз: Тахмаз, әс-сайидату аиша 32.



жүктеу 2,44 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   152




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау