Айша - ғылымның қайнар бұлағы
335
Хазірет айша ғалымдығымен ғана емес жұртты
өзге қасиеттерімен де мойындатқан. мысалы, бір
күні халифа мұғауия халықтың арасындағы беделді
кісінің бірі Зиядты шақырып:
– Зияд, адамдардың ең білгірі кім? – деп сұрайды.
Зияд:
– Уа, мүминдердің басшысы, ол сенсің, – деп
жауап береді. Бұл жауапқа қанағаттанбаған хазірет
мұғауия тағы да:
– алла разылығы үшін шыныңды айтшы, –
дейді. сонда хазірет Зияд:
– алла разылығы үшін болса айтайын, ол айша,
– деп жауап береді
528
.
Білуге, үйренуге құмарлығы соншалықты, кейінгі
кезеңдерде тек айша анамыздың осы жағын сөз
ететін небір еңбектер жарық көре бастайды
529
. Біреуде
тың
мәлімет барын естісе, соған қол жеткізбейінше
тынбайтын. Бұдан бұрын да айтқанымыздай,
пайғамбарымыздың фатимаға сыр айтқанын
байқаған сәтте сол сырды білмейінше жаны жай
таппаған. Хазірет айшаның осындай табандылығы
болмағанда, бұл сырдың не екенін ешкім білмес еді.
Кейбір кезде білгендерін растау үшін
немесе өзі
нақты білемін деп айта алмаған кей нәрсені анықтау
үшін басқа сахабалардан сұрап мәселенің дұрыс-
бұрыстығына басқалардың да пікірін білгісі келетін.
Бір күні абдулла ибн амрдың қажылық міндетті
528
Хаким, мүстадрак 4\15 (6747)
529
Зәркәшидің әл-Ижабасы осы мағынада алғаш еске түсетін еңбек
болып табылады.
Барша мұсылманның ардақты анасы
−
хазірет Айша
336
атқаруға келгенін естиді де, дереу жиені Уруаны
шақырып:
– абдулла ибн амр қажылық үшін келгенін
естідім. Ол кісі расулалладан көп нәрсе үйренген жан.
сен тезірек бар да
мына-мына жайттардың жаубын
сұра, – деп жұмсаған.
Бір жағы нағашы әпкесі әрі ұстазы болған айша
анамыздың тапсырмасын алған Уруа дереу барып
бұл мәселелерді абдулладан сұрайды. алған
жауаптарының ішінде алла расулының мына бір
хадисі де бар еді:
«Алла ғылымды адамзаттан
тартып алмайды. Әуелі ғалымдарды алады да осы-
лайша ғылым олармен бірге жойылады. Осыдан соң ел
ішінде бірқатар надандар бой көтере бастайды. Олар
білімсіз бола тұра жұртқа пәтуә айтатын болады.
Осылай, өздері қателікке жол ашып, өзгелерді де
қате жолға бастайды».
Осыны келіп айтқанда айша
анамыз алғашында тіксініп қалды. Бұндай хадис бар-
жоғына күмәнданып:
– расулалла осылай деп айтты деді ме? – деп
қадала түсті. Бұл хабардың нақтылығына көз жеткізу
үшін Уруаны тағы бір мәрте ибн амрға жұмсады:
–
сен оған тағы бар, ғылым туралы айтқан әлгі
хадисті расулалланың өзінен естіген-естімегенін
сұра, – дейді. Бұдағы мақсат Ибн амр айтқан сөзінде
қаншалықты тұрақты екенін тексеру және алдын-
да айтқандары мен кейінгі айтқандарының арасын-
да қаншалықты айырмашылық бар екенін білу еді.
Жүгіре жөнелген Уруа тағы да сол жауапты айтып
келгенде анамыз:
Айша - ғылымның қайнар бұлағы
337
– Ибн амрдыкі рас деп ойлаймын.
Өйткені
байқадым, сөзін артық-кем етпей айтты
530
, – деп
разылық танытады.
Ғылым есігінің тек сұрақ қою арқылы ашылаты-
нын өте ерте кезден бастап біліп, өзін толғандырған
барлық мәселені пайғамбарымыздан сұрап отырған.
Біреуден естігендерін саралап, салыстырып өзі білетін
басқа мәліметпен қайшы келетін болса, оны дереу
алла расулынан сұрайтын. Бірде қияметке қатысты:
– Кімде-кім сұраққа тартылып, сұрақтар үсті-
үстіне қойылса, оның ісі бітті деген сөз, – дегенін
естігенде:
– Уа, пайғамбарым!
Достарыңызбен бөлісу: