Хазірет айша


«Намаздарға, әсіресе орта намаздарыңа



жүктеу 2,44 Mb.
Pdf просмотр
бет115/152
Дата19.01.2023
өлшемі2,44 Mb.
#40969
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   152
Айша

«Намаздарға, әсіресе орта намаздарыңа 
бекем болыңдар және тұрып Аллаға шын 
жалбарыныңдар»
(Бақара, 2\284) деген аяттағы 
«орта намаз» сөзін кейбір сахабалар таң намазы, Зейд 
ибн сабит, Үсама сияқты сахабалар бесін намазы деп 
жорамалдаса, айша анамыз екінті намазы екендігін 
білдіріп, «расулалладан мен осылай естідім» деген. 
Тіпті, өз қолындағы мұсхафтың
551
ішіндегі осы 
аяттың жанына «екінті намазы» деп жазып қойған
552

Бұл пікір хазірет Әли, абдулла ибн масғуд және 
сәмура ибн Жүндәб сияқты сахабалардың көзқарасын 
да білдірді
553

міне, бұл басқаларға қарағанда айша анамыздың 
ерекшелігін білдірді. Ол аят мағыналарын көзі 
тірісінде алла расулының (саллаллаһу аләйһи уә 
сәлләм) өзінен білу мүмкіндігін иеленді. 
«Сендер іштеріңдегіні жария етсеңдер де, 
жасырсаңдар да, Алла бәрібір сол үшін есепке тар-
тады»
(Бақара, 2\238) деген аят түскен кезде мұны 
көтере алмайтын ауыр жауапкершілік деп санаған 
абдулла ибн Омар, абдулла ибн аббас және хазірет 
Әли сияқты үлкен имамдар бұл аятты 
«Аллаһ 
551
мүсхаф: Құран деген мағынада
552
мүслим, мәсәжид 207 (629); Тирмизи, Тәфсир 3 (2982); Әбу Дәуіт, 
салат 5 (410); нәсәи, салат 14 (472). аталмыш қосымшаны айша 
анамыздың аят ретінде мүсхафына жазғаны туралы кей көзқарас 
шындыққа келмейді. Өйткені, анамыз мұны ол жерге аталмыш 
сөздің тәпсіріне қатысты расулаллаға тән бір жорамалды есіне 
түсіру үшін жазған.
553
Әбу Дәуіт, салат 5 (409); ахмад ибн Ханбал, мүснәд 5\205 (21840); 
Тирмизи, Тәфсир 3 (2984, 2985) 


Айша - ғылымның қайнар бұлағы
349
ешкімге көтере алмайтын жүкті жүктемейді»
деген аят мансұқ қылғанын (үкімін жойғанын) айтты. 
ал, айша анамыз бұл жерде де ешқандай үкімнің 
жойылмағанын алға тартты. Өзінен бұл аят туралы 
сұрағанда:
– мен мұны сұрап білгелі бері ешкім менен 
бұл туралы әлі сұрамапты, – деп, осы аятқа қатысты 
расулалланың мыналарды айтқанын жеткізді:
– Бұл кісіге тап келген ауру, әртүрлі қиындық 
немесе жинап, кейіннен жоғалтудан қорыққан мал-
мүлік секілді алла душар еткен жағдайлар. алтынның 
кірден тазартылғанындай пенде қиындықтар арқылы 
күнәларынан тазартылады
554

Хадис
айша анамыз тұрған үй хадис ғылымының 
алғашқы мектебі деуге болады. Бұл мектептегі 
шәкірттердің арасында құл, қожайын, бала, әйел, 
жас-кәрі, тіпті арабтардан араб еместерге дейін бар 
еді. Бұл мектеп өкілдерінің арасындағы ерекше тұлға 
айша анамыз болатын. Бөлмесі пайғамбар мешітіне 
жалғастыра салынғандықтан, үйінде жүрген 
кездердің өзінде мешіттегі жағдайлардың бәрінен ха-
бардар болып отыратын. алла расулының мешітте 
айтқан уағыздарын қалт жібермейтін. Әрбір жаңа 
үкімді үйреніп, уахидің келуімен орнап жатқан дін 
қағидаларынан ең алдымен сол хабардар болатын. 
Иә, хадис ғылымы деген кезде сахабалар арасын-
да хазірет Әбу Хұрайра, абдулла ибн Омар, Әнәс ибн 
мәлик және абдулла ибн мәсғуд сияқты көп хадис 
жеткізген кісілерді де айтпай кетуге болмас. Олар мук-
554
Қараңыз: Тирмизи, Тәфсир 3 (2990, 2991, 2992)


Барша мұсылманның ардақты анасы 

 хазірет Айша
350
сирун
555
деп аталған. алайда, муксирундардың арасын-
да айшаның алатын орны айрықша. себебі ол бірқатар 
хадистерді естіген кезде, алла расулының жанында 
жалғыз болған. сондықтан хадис тізбегі бір-ақ кісіден 
тұрған. Әрине, бұл басқалардың пайғамбарымыздың 
кей сәттерін білуге мүмкіндік таппаған жерлерде 
қасында үнемі айша болғанын көрсетеді. Басқаша 
айтқанда, бір муксирун басқалардың риуаятын 
жеткізе алса, ал анамыз барлық риуаяттарда дарала-
нып тұрған. сондықтан да, ол риуаят еткен хадистері 
«фәрд» немесе «мүнфәрид» (жеке бір кісіден жеткен) 
деп аталады. Әрине, бұл хазірет айшаның сол кезге 
дейін оқып-үйреніп түсінбегендерін қайта сұраудың 
нәтижесінде қордаланған хадистер болатын. Әсіресе, 
алла расулының отбасылық өмірі, жеке жағдайы, 
түнгі құлшылығы мен жалғыз қалған сәттеріне куә 
болып, басқаларға баяндауда айша анамыз бір төбе 
еді. Тіпті, айша анамыз болмағанда әсіресе, отбасы-
нан бастап алла расулының жеке өміріне қатысты 
бірқатар хадистер кейінгілерге жетпей, Ислам дүниесі 
үлкен қазынадан құр қалар еді деу артық емес. 
Егер әйелдігіне қарамай басқа муксирун сияқты 
алла расулы қатысқан әртүрлі мәжілістерге қатыса 
алғанда, күмәнсіз айшаның риуаят еткен хадистері 
көп болар еді
556

555
муксирун: Әбу Хұрайра, абдуллаһ ибн Омар, Әнәс ибн мәлик, 
абдуллаһ ибн аббас, Жабир ибн абдиллаһ және Әбу саид әл-Хұдри 
сияқты пайғамбарымыздан көп хадис риуаят еткен сахабаларға 
берілген атау. 
556
Басқа муксирунның көбірек хадис риуаят етуінің тағы бір себебі, 
олардың айша анамыз қайтыс болғаннан кейін де өмір сүргендігінде.



жүктеу 2,44 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   152




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау