Халифалар мен хазірет Мұғауия кезеңі
321
– Уа, мүминдердің анасы! – деп бастады сөзін.
– Олар мен үшін де қадірлі адамдар. алайда, өзім
бастап, басқа жұрттар қостап язидке қол бердік.
Осыдан кейін мен енді мұны жоққа шығара алмаймын
ғой, – дегеніне қарамастан насихатын жалғастырған
анамыз:
– Халыққа мейірім мен сүйіспеншілік көрсет.
Осылай жасағаныңда
ғана олар сенің қалағаныңды
орындайтын болады, – деп қаталдық танытудың
ақыры нәтижесіз болатынын білдірді.
Хазірет мұғауия сол күні:
– Жарайды, онда солай жасаймын, – деп анамызға
қарсы сөйлеуге қайраны болмай кері қайтты
501
.
айша анамыз бұларды айтқаныменен әлі де болса
язидке қол беру ісі толастамады. Онысымен қоймай
бауыры мұхаммед осы бүліктің құрбаны болғандығы
жайлы хабар алды.
Қанша қынжылғанмен өлген адам қайтып
келмейді. меккеге апарып жерлеген соң, балаларын
қасына алып, солармен жұбаныш табуға тырысты.
намаздан кейін дұға жасап қайғылы оқиғаға себеп
болғандарды аллаға тапсырды
502
.
Қайғыдан, жүрегі
қан жылап тұрса да айша
анамыз әрдайым шектен шықпай теңдікті ұстай
білді. Бір күні оған абдуррахман ибни шумасә қай
тараптың жақтаушысы боласың дегенді білдіргісі
келіп:
– Кімдерденсің? – деп сұрайды.
сонда ол кісі:
– Қала тұрғындарының бірімін, – дейді.
501
Осы әңгіме барысында бауыры мұхаммедтің өлімін тілге тиек ет-
кен анамыз бұл өлімге қатысы бар екенін айтудан тартынбайды.
Қараңыз: шәләби, Хаяту айша 217
502
Табари, Тарих 5\105
Барша мұсылманның ардақты анасы
−
хазірет Айша
322
– мына соңғы
қақтығыстарыңнан кейін
қожайындарың сендерге қалай қарайды? – дегенде:
– Оған қарсы айтатын сөзіміз жоқ. Ол біреудің
түйесі өлсе, орнына басқасын береді. Құлы жоққа құл
тауып береді. Жоқ-жітікке көмектеседі.
Бауырым мұхаммедке жасағандары әрине өте
ауыр тиді. алайда, алланың елшісі (саллаллаһу аләйһи
уә сәлләм) айтқан мына дұғаны мен де қайталаймын.
«Алла тағалам! Үмбетімнің ісін мойнына алып әрі
олардың ісін қиындатқан адамды сен де қиындықтан
көз аштырма! Сондай-ақ, үмбетімнің ісін мойнына
алып, олардың ісін жеңілдеткен адамның ісін сен де
оңайлат!»
деп
дұға етті
503
.
Қажылық өтеу үшін меккеге барған кезінде
алғаш болып бауыры мұхаммедтің қабірін зиярат
жасайтын
504
. Қабірінің басында тұрып, оған Тәмим
ибн нуәйраның сағыныш толы өлеңін оқып, артынан:
– ант етем, оқиға орын алған жерде болғанымда
сені бұл жерге емес, қайтыс болған жеріңе көмер едім.
Өйткені, сол күні қасыңда болсам, бүгінгідей жыла-
мас едім
505
, – дейді.
Халифа ауысқанымен айшаның әрекеттерінде
ешқандай өзгеріс болмады. Хижаз әкімі абдулла ибн
503
мүслим, Имара 19 (1828), ахмад ибн Ханбал, мүснад 6\62 (24382),
6\93 (24666), 6\257 (26242), 6\258 (26255), нәсәи, сияр 180 (8873),
Ибн Хиббан, сахих 2\313
504
Хазірет Әбу Бәкірдің Әсма бинти Умәйстен дүниеге келген баласы
мұхаммед Уәдә қажылығы үшін меккеге қарай жолға шыққанында
Зүл Хуләйфада туылған. Хазірет Османды шәйіт еткендердің ара-
сында болып, халифаның «Әкең сені бұлай көрсе еш жақтырмас
еді» деген ескертуінен кейін ол жерден кетеді. Жәмәл және сыффин
оқиғаларында хазірет Әлидің қасында болады.
505
Тирмизи, Жәнәиз 61 (1055), Хаким, мүстадрак 3\541 (6013), Хәйсәми,
мәжмәуз зәуәид 3\60;
Ибн Әби шәйба, мұсаннаф 3\29 (11811)