Барша мұсылманның ардақты анасы
−
хазірет Айша
332
– Білмейтінін анықтамай қоймайтын
516
, – деген.
Исламның келуімен ер кісілер алғаш рет әйелдерді
өздерімен тең көре бастады.
Пайғамбарымыз
білмегенін келіп үйрену үшін әйелдерге де жағдай
жасайтын. міне, осы әйелдердің ішіндегі ең
маңызды адам айша анамыз екені күмәнсіз. Үнемі
ол әйелдер арасындағы тақулық пен әдепке көңіл
бөліп, үлгі көрсететін. Біраз уақыт өткеннен кейін
осы
әрекеттерінің нәтижесін көріп, алла расулы
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) әсіресе ансар әйелдері
туралы былай дейді:
– ансар әйелдері қандай жақсы! Олар әдепке
берік бола тұра дінді үйренуде ұялмағанды жөн
көреді
517
.
Демек, анамыз ғылым жолында жеке дара жүруді
көздемей айналасындағы басқа әйелдердің де дін
ғылымынан сусындауын қалаған. Бұл үшін
оларға
жағдай жасап, еш нәрсе кедергі болмауы керек еді.
Табиғин имамы мұжахидтің айтқанындай, ғылымға
шектен тыс ұялшақ адамдар қол жеткізе алмайды
518
.
міне, осы ерекшеліктері ол кісіні ғалымдықта
сахабалар арасында жарық жұлдызға айналдырды.
Әсіресе, алла расулы (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
қайтыс болғаннан кейін ілім сұраған көпшілік соған
келіп жүгінетін. Ол фиқһ, хадис, тәпсір, әдебиет,
ақындық, медицина, шежіре, тарих сияқты сала-
ларда
білім берумен бірге, аталмыш мәселелерде
516
Тәфсири Бағауи, 1\374, айни, Умдатул қари2\136. сонымен қатар,
қараңыз: Тахмаз, әс-сәйидәту айша 177
517
Бұхари, Илим 50 (129), мүслим, Хайз 61 (332)
518
Қараңыз: Бұхари, Илим 50 (129)
Айша - ғылымның қайнар бұлағы
333
өзіне жеткен қате деректерді түзеп, кемшілігі барла-
рын толықтыратын. сол үшін Хаким сияқты үлкен
ғалымдар дін ілімінің төрттен бірі айша анамыз
арқылы жеткенін айтқан
519
. Дін ғылымындағы осын-
дай елеулі еңбектері дүниеден озғанша жалғасын
тапты.
Осы артықшылығын тілге тиек еткен Әбу мұса
әл-Әшғари былай дейді:
– сахабалар ретінде өзіміз шеше алмайтын түйін
кезіксе, бірден айша анамызға жүгінетінбіз. Ол
кісі
жауабын айтып, бізге жол тауып беретін
520
.
Бұл турасында ата ибн Әби рабах сынды
ғалымдар:
– айша – фиқһта, білгірлікте, түсінік пен пікірде
өзгелерден оқ бойы озық тұратын
521
, – дейді. Хишам
ибн Уруа болса:
– мен медицина, фиқһ және өлең сияқты
мәселелерде айшадан
асқан білгірді көрмедім
522
, –
деген.
Табиғин имамы хазірет мәсруқ:
– алдыңғы қатарлы сахабалардың өзі мирасты
бөлуге қатысты мәселелерді айшадан сұрағандарын
көрдім
523
, – деу арқылы оның бұл мәселедегі білімінің
519
Тахмаз, әс-сәидәту айша 174
520
Тирмизи, мәнәқиб 63 (3883)
521
Хаким, мүстадрак 4\15 (6748), Зәһәби, сияр 2\185, 2\200, Ибн
абдулбәрр, Истиғаб 4\1883
522
Хаким, мүстадрак 4\12 (6733)
523
Хаким, мүстадрак 4\12 (6736), Дарими, сүнән 2\442 (2859),
Хәйсәми, мәжмәуз зәуәид 9\242; Ибн Әби шәйба, мұсаннаф 6\239
(31037), Табарани, әл-мұғжамул кәбир 23\181