545
мҽнінде бҧлар токсикалық гастроэнтериттің дамуының кҿріністері). Бҧл кезде кілегей
қабаттары қанық, тілі қҧрғақ, қою жабындымен жабылған болады. Жақ доғаларының,
қабақтар ҥстінің, иектің диабеттік қызаруы тҽн, дем шығарғанда ацетон иісі шығады.
2-сат ы – кома алд ы – ҥдемелі дегидратация тҧсында метаболикалық қышқылдың
декомпенсациясымен басталады. Екінші сатының алғашқы клиникалық белгілері –
Куусмауль тынысы – шулы уытты тыныс. Айқын абдоминалды синдром – іштегі
ауырсыну, іш қуысы алдыңғы қабырғасының бҧлшық
еттерінің қатаюы, іш пердесі
тітіркенуінің оң белгілері анықталып, қайталамалы қҧсу. Тері жамылғысы мен кілегей
қабаттардың қҧрғауы кҥшейеді жҽне
акроцианоз пайда болады, АҚҚ тҿмендейді, тахи-
кардия пайда болады. Бҧл кезде есі сақталған, бірақ біртіндеп сопорозды жағдайға ҿтеді.
3-сат ысы – кома – санасы жойылып, рефлекстердің тежелуі, диурездің тҿмендеуі,
қҧсудың тоқтауы, гемодинамикалық бҧзылыстардың ҽрі қарай кҥшейуімен сипатталады.
Жедел дегидратация жҽне микроциркуляция бҧзылысы белгілерімен қоса науқаста айқын
шулы тыныс, бҧлшықет гипотониясы, тахикардия, жҥрек ырғағының бҧзылысы
байқалады.
І типті қан диабетінің диагностикасы
:
1. Клиникалық белгілері.
2. Гипергликемия. Қалыпты жағдайда капиллярлы қанда глюкозаның деңгейі ашқарында
– 3,3-5,5 ммоль/л. Постпрандиалды гликемия (тағам қабылдағаннан 2 сағ кейінгі қан-
дағы глюкоза деңгейі) 7,8 ммоль/л аз. Қант диабеті кезіндегі глюкоза деңгейі – ашқа-
рында 6,1 ммоль/л жҽне одан жоғары. 2 сағ кейін – 11,1 ммоль/л жҽне одан жоғары.
3. Кетонурия.
4. Қант диабеті диагнозын нақты қоюда басты болып, қанда аутоантиденелердің
анықталуы.
Егер капиллярлы қандағы глюкоза деңгейі ашқарында 6,1 ммоль/л-ден кем болса
жҽне глюкозаны перооральды енгізгеннен кейін (1,75 г/кг) 2 сағ соң 7,8-11,1 ммоль/л
деңгейінде болса, онда глюкозаға тҿзімділіктің бҧзылысы анықталады.
Ашқарында гликемия бҧзылысы: ашқарыңда қант 5,6 ммоль/л-ден кҿп, бірақ 6,1
ммоль/л-ден аз, ал 2 сағ соң 7,8 ммоль/л-ден аз.
Біздің елімізде ҽлі кҥнге дейін аурудың жасырын сатысына дейінгі диагностикасын
жҥргізуде стандартты глюкоза толерантты
тест қолданылады
(82-кесте).
Сонымен қатар
Еуропада жҽне АҚШ эндокринологтары СГТТ-ны қант диабетінің диагностикасында
қолдануды тиімсіз деп есептейді.
82-КЕСТЕ
Достарыңызбен бөлісу: