Н. С. Сейітов г-м.ғ. д., профессор Оқулықта «Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау»



жүктеу 8,17 Mb.
Pdf просмотр
бет118/168
Дата08.12.2022
өлшемі8,17 Mb.
#40519
түріОқулық
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   168
Бурение

Ұсынылған әдебиеттер тізімі. 
Негізгі әдебиеттер 
1. Шамшев Ф.А., Тараканов С.Н., Кудряшов Б.Б., Парийский Ю.М., Яковлев A.M.
Технология и техника разведочного бурения. Учебник. 3 изд., перераб. и доп. М:Недра, 
1983, 565 с; 
2. Афанасьев И.С., Осецкий А.И., Пономарев П.П., Блинов Г.А., Кукес А.И., Морозов Ю.Т., 
Бухарев Н.Н., Иванов О.В., Егоров Н.Г., Егоров Э.К. Справочник по бурению
геологоразведочных скважин. СПб.ЮОО «Недра», 2000 - 712 с. 
3. А.К. Касенов. Технология бурения скважин на твердые полезные ископаемые. Учебное 
пособие, КазНТУ, 2003 г. 
Қосымша әдебиеттер
1. Володин Ю.И. Основы бурения. М: Недра, 1979
2. Породоразрушающий инструмент для геологоразведочных скважин. Справочник. 
Корнилов Н.И., Травкин B.C., Берестиев Л.К., Коган Д.И. М: Недра, 1979 
3. Гланц А.А., Алексеев В.В. Справочник механика геологоразведочных 
работ. М: Недра, 1981 


4. Справочник инженера по бурению геологоразведочных скважин. Т.1 и 2 под редакцией 
Козловского Е.А. М:Недра, 1984 
5. Марамзан А.В., Блинов Г.А. Алмазное бурение на твердые полезные ископаемые. Л: 
Недра, 1977 
6. Ганджумян Р. Практические расчеты в разведочном бурении. М: Недра, 1978 
7. Коломиец А.В., Ветров А.К. Современные методы предупреждения, и ликвидации аварий 
в разведочном бурении. М: Недра, 1977. 
Бақылау сұрақтары: 
1.
Айналма бұрғылаудың түрлері? 
2.
Колонкалық бұрғылау деген қандай бұрғылау? 
3.
Колонкалық бұрғылаудың түрлері? 
4.
Бұрғы құбырларын жалғаудың түрлері? 
5.
Жеңіл корытпалардан жасалған құбырлар? 
7.2. Қатты қорытпалармен бұрғылау технологиясы 
 
Бұрғылау тәртібі және бұрғылау тәртібінің параметрлері туралы түсінік
Ұңғыларды бұрғылау тиімділігі тау жыныстарының физико-механикалық қасиеттері, 
ұңғы оқпанының орнықтылығы, жынысталқандағыш аспапқа түсірілетін өстік күш, аспаптың 
айналу жиілігі, жуу агенттерінің шығыны мен түрі және т.с.с. бірқатар факторларға тәуелді. 
Жоғарыда аталып кеткен факторлардың бірқатары реттелмейді (тау жыныстарының физико-
механикалық қасиеттері, жарықшақтығы, қаттылығы, қажағыштығы) немесе оларды ұңғыны 
бұрғылап жатқанда емес, тек ұңғыға аспапты түсіру алдындағы сатыда ғана өзгертуге 
болады(жынысталқандағыш аспаптың түрі, жуу сұйықтығының параметрлері және т.б.), ал 
бірқатар өстік күш, айналу жиілігі және жуу сұйығының шығыны сияқты факторлар бұрғы 
аспабының ұңғы түбінде жұмысы кезінде бұрғышы пультінен өзгертуге болады. Реттелетін 
факторлардың белгілі бір жинағы бұрғылау тәртібі, ал реттелетін факторлар бұрғылау 
тәртібінің параметрлері деп аталады. 
Тиімді, рационал және арнайы бұрғылау тәртіптерін ажыратады. 
Ең жақсы технико-экономикалық көрсеткіштерге (мысалы, бұрғылаудың ең жоғарғы 
механикалық жылдамдығы) қол жеткізетін бұрғылау тәртібін тиімді деп атайды. 
Егер бұрғылаудың ең жақсы көрсеткіштеріне белгілі бір обьективті себептердің 
салдарынан (бұрғы станогының мүмкіндігі, бұрғылау аспабының беріктік сипаттамалары 
және т.б.) жету мүмкін болмаған жағдайда рационал тәртіпті қолданады. 
Кей кездері бұрғылау кезінде ұңғының минимал қисаюын қамтамасыз ету, керн 
шығымын жоғарылату, шиеленісті жағдайларда бұрғылау сияқты арнайы мәселелерді 
шешуге тура келеді. Онда бұрғылау тәртібі арнайы бұрғылау тәртібі деп аталады. 
Бұрғылау тәртібінің әр параметрі (өстік күш, аспаптың айналу жиілігі, жуу 
сұйықтығының шығыны) тау жыныстарын талқандау тиімділігіне әсер етеді, және оларды 
анықтау әртүрлі тәсілдермен қатты пайдалы қазбаларға бұрғылау технологиясын жасағанда 
негізгі мәселелердің бірі болып табылады. 
Бұрғылау тәртіптерін жобалағанда төмендегілерді ескерген жөн: 
- жынысталқандағыш құралдың әр түріне өзіндік тиімді параметрлері тән; 
- параметрлердің рационал үйлесуіне негізгі әсер ететін факторлар тау 
жыныстарының қаттылығы және жарықшақтығы, сонымен қатар ұңғының жағдайы; 
- ұңғының қисаюына анизотропия, қисық жатыс, тақтатастылық, қатылықтың ауысуы 
сияқты тау жыныстарының қасиеттері себін тигізеді, сондықтан мұндай қасиеттері бар тау 
жыныстарын арнайы тәртіптермен бұрғылау қажет. 


Сонымен қатар, бұрғылау тәртібінің параметрлерін анықтағанда бұрғылаудың 
механикалық жылдамдығы жынысталқандағыш аспапқа өстік күшті өсірген сайын 
жоғарылайтынын ескерген жөн, бірақ белгілі бір шектерден асырмау керек. Егер ол 
тиімдіден жоғары болса бұрғылау жылдамдығы күрт өседі. Бірақ бұл аспаптың қарқынды 
тозу есебінен болады және қажағыш материалдарының шығыны мен жынысталқандағыш 
аспаптың істен шығуына әкеледі. Тиімдіден төмен өстік күш түсіргенде, яғни тау 
жыныстарының қажу немесе беттік талқандалуы орын алғанда кескіштердің мұқалуы немесе 
тегістенуі есебінен бұрғылау жылдамдығы төмендейді. Бұл жағдайда өстік күшті аспаптың 
айналу жиілігін төмендете отырып өсіреді. 
Бұрғыланғыштығы бойынша тау жыныстарының барлық топтарында айналым 
жылдамдығын 
өсірген 
сайын 
бұрғылаудың 
механикалық 
жылдамдығы 
алмазбен 
бұрғылағанда 2000-2500 мин
-1
-қа, қатты қорытпалармен бұрғылағанда 400-450 мин
-1
-қа 
өсетіні белгілі.
Айналымның жоғары жиіліктерін соғу күштеріне төзімді импрегнирленген алмаз 
коронкалармен бұрғылағанда, сонымен қатар кіші диаметрлі коронкалармен бұрғылағанда 
қолдануға кеңес беріледі. Келесі жағдайларда айналу жиілігін төмендету қажет:
- жынысталқандағыш аспапқа қажетті үлкен өстік күш түсіруді қамтамасыз ете алмаған 
жағдайда өте қатты тау жыныстарын бұрғылағанда; 
- қаттылығы біртекті емес, ауыспалы тау жыныстарын бұрғылағанда; 
- шламдалған жағдайларда бұрғылағанда; 
- бұрғылаудың арнайы тәртібінде. 
Жуу агентінің түрі мен көлемі геологиялық қимаға, тау жыныстарының 
жарықшақтығына, жынысталқандағыш аспаптың түріне және т.б. байланысты таңдалады. 

жүктеу 8,17 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   168




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау