210
8.СОҚҚЫЛАП БҰРҒЫЛАУ ӘДІСІ
Соққылап бұрғылау әдісі бұрғылаудың ескі тәсілі болғанымен қазіргі кезде де
қолданылады. Соққылап бұрғылау –
суға бұрғылауда, сирекметалды тау жынысын
барлауда, инженерлік – геологиялық ізденістерде және мәңгі тоң аймақтарды бұрғылауда
қолданылады.
Бұл әдістің жетістігі – диаметрі үлкен ұңғыларды бұрғылауға және ұңғының тік
бағытын сақтауға болатындығы. Соққылап бұрғылау үгілімді тау жыныстары туралы дәл
ақпарат әрі үлгі алуға, қабаттық қысымы төмен өнімді қабаттарды аршуға мүмкіндік
береді. Жуу сұйығымен бұрғыланатын айналмалы бұрғылауда мұндай мүмкіндік жоқ.
Кемшіліктері - технико–экономикалық көрсеткіштері өте төмен. Бұл негізінен
талқандалған тау жынысын забойдан шығару операцияларының жеке жүргізілетіндігімен
түсіндіріледі. Сонымен қатар кемшіліктерге ұңғы бұрғылауға кететін металл
жабдықтардың көптігі.
Соққылап бұрғылау 2–ге бөлінеді: штангалы және арқанды – соққылама.
Бұрғылауда көп қолданылатыны – арқанды соққылама бұрғылау.
Арқанды–соққылап бұрғылауда тау жынысының талқандалуы бұрғылау аспабымен
көп соққы жасау арқылы жүреді. Ол мына ретпен жүргізіледі.
61- сурет. Арқанды-соққылама бұрғылау
тәсілінің сұлбасы
Бұрғы станогы (61 – сурет)
тербелмелі рамадан 11, кривошипті –
шатунды механизмнен 16,17,мачтадан 9,
құралдық
барабаннан
13
және
желонкалық
барабаннан
18
тұрады.
Құралдық темір арқанға 5
забойдағы тау
жынысын талқандауға арналған соққы
снаряды жалғанады. Соққы снарядының
құрамына қашау 1, соққы штангасы 2,
жылжымалы штанга(қайшы) 3 және
арқан құлыбы 4 кіреді. Желонкалық
арқанға 6 талқандалған тау жынысын
ұңғыдан шығаруға арналған желонка 19
жалғанады.
Тербелмелі раманың екі
шетінде бағыттағыш 12 және тартқыш 10
роликтер орналасқан. Тербелмелі раманы
қозғалысқа
кривошипты-шатунды
механизм келтіреді. Станоктың барлық
бөліктері (соққы механизмі, құралдық
барабан,
желонкалық
барабан)
айналымды негізгі валдан 15 алады.
Қашау болаттан жасалынады, оның
үшкірлеу бұрышы 70
о
– тан 130
о
дейін
болады. Тау жынысы қатты болған сайын
оның үшкірлеу бұрышы үлкен болады. Қашаулар
тау жынысының қаттылығына
байланысты келесі түрлерге бөлінеді: жалпақ, қос таврлы, крест тәрізді, пирамидалы және
эксцентрикті.
211
Соққы штангасы соққының энергиясын көбейтуге арналған. Ол ауыр, қабырғасы
қалың құбырлардан жасалынады. Соққы штангаларының диаметрі 112, 140, 165, 188 және
220 мм. Штангалар ұзындығы 2,4 және 6 м. Олардың салмағы диаметрі мен ұзындығына
байланысты 270 – тен 1120 кг – ға дейін өзгереді..
Жылжымалы штанга (қайшы) тұтылып қалған қашуды соққының әсерімен шығаруға
арналған. Қайшы темір шынжырдың ұзартылған екі звеносынан құралған. Қашау тұтылып
қалғанда шынжырдың үстінгі звеносы астынғы звеносына соққымен әсер етіп қашаудың
босауына әсер етеді. Жылжымалы штанганың жұмыс жүрісі – 250мм. Қайшының
көлденең өлшемдері 120, 160, 190, 220 және 260мм, олардың салмағы 112 ден 490 кг – ға
дейін өзгереді
Арқан құлыбы соққы құралын темір арқанмен жалғауға арналған. Оның конструкциясы
соққы құралының әр соққыдан кейін бұрылып тұруына мүмкіншілік береді.
Ондай
бұрылуға темір арқанның жүктің әсерімен тарқатылып, босаған кезде ширатылатын
қасиеті пайдаланылады. Арқан құлыптардың салмағы 37,7 ден 127 кг – ға дейін болады.
Қоставрлы қашаулар –қаттылығы орташа, иілімді тау жыныстарын бұрғылауда
қолданылады. Қашаудың кескіштерінің ұштары шығыңқы болады, ол ұңғының
қыймасының дөңгелек болуын қамтамасыз етеді. Ұңғының
цилиндрлік формада болуын
негізінен қашаудың әр соққыдан кейін бұрылуы қакмтамасыз етеді.
Крест тәрізді қашаулар жарықшақтығы көп тау жыныстарында қолданылады.
Көлденең орналасқан кескіштер, қашаудың жарықтарда қысылып қалмауын қамтамасыз
етеді.
Қашаудың кескіштерінің ұзындығы мына стандарт бойынша шығарылады: 148,
198, 248, 298, 345, 395, 495 және 595 мм. Қашау салмағы оның типіне, кескіш жүзінің
ұзындығына байланысты 42 ден 980 кг – ға дейін өзгереді.
Пирамида тәрізді қашаулар валундарды үгіту мен бір жаққа қарай ығыстыру үшін
қолданылады.
Эксцентрикті қашау доға тәрізді кескішті болады. Ол ұңғыны кеңейту үшін және
апатты жою үшін қолданады.
Желонкалар
ұңғыдан талқандалған тау жынысын шығаруға арналған.Сонымен
қатар олар құмды және жұмсақ тау жыныстарын бұрғылауда жеке құрал ретінде
пайдаланылады. Ондай жағдайда құралдың құрамына жылжымалы штанга және арқанды
құлып кіреді, кейде соққы штангасы да қосылады. Желонка диаметрі 114 – 486мм
құбырлардан жасалынады. Желонканың астыңғы ұшы башмак деп аталынады. Оның
диаметрі 6 – 12мм үлкен етіліп жасалынады. Башмакта
желонканың ішіне кірген
ұнтақтарды түсірмеуге арналған клапан орналастырылады. Желонканың үстіңгі шетінде
темір арқанды байлауға арналған тұтқасы болады.
Жалпақ клапанды желонкалар ұңғыны тереңдету және шламнан тазарту үшін
қолданылады.
Жартылай сфералы клапан және тілшелі клапан ұңғыдағы суы бар шламды
шығару үшін қолданылады. Жартылай сфералы клапан башмакқа тіреліп, желонканы
тығыз жабады.
Поршенді желонкалар ылғал құмдар мен жылжымалы тау жыныстары үшін
қолданылады. Бұл типті желонкалар кескіш башмактан және манжеттен тұрады.
Құбыр
ішінде тәрелке секілді клапанда поршень және шток орналасқан. Желонканы төмен
түсірген кезде поршень төменгі жағдайда болады да жоғары көтерілгенде ол шламды
өзіне тартады. Құрылғы сору жағдайында қысылып қалмаз үшін желонка башмагында
тесіктер орналасқан. Башмагында қозғалмалы қысқыштары бар грейферлік желонка
галечниктерді бұрғылауда сәтті қолданылып жүр. Забойға
соғылған кезде қысқыштар
ашылады да, көтеру кезінде арқан көмегімен жабылып галечникті ұстап қалады.