4. Справочник инженера по бурению геологоразведочных скважин. Т.1 и 2 под редакцией
Козловского Е.А. М:Недра, 1984
5. Марамзан А.В., Блинов Г.А. Алмазное бурение на твердые полезные ископаемые. Л:
Недра, 1977
6. Ганджумян Р. Практические расчеты в разведочном бурении. М: Недра, 1978
7. Коломиец А.В., Ветров А.К. Современные методы предупреждения, и ликвидации аварий
в разведочном бурении. М: Недра, 1977.
Бақылау сұрақтары:
1.
Айналма бұрғылаудың түрлері?
2.
Колонкалық бұрғылау деген қандай бұрғылау?
3.
Колонкалық бұрғылаудың түрлері?
4.
Бұрғы құбырларын жалғаудың түрлері?
5.
Жеңіл корытпалардан жасалған құбырлар?
7.2. Қатты қорытпалармен бұрғылау технологиясы
Бұрғылау тәртібі және бұрғылау тәртібінің параметрлері туралы түсінік
Ұңғыларды бұрғылау тиімділігі тау жыныстарының физико-механикалық қасиеттері,
ұңғы оқпанының орнықтылығы, жынысталқандағыш аспапқа түсірілетін өстік күш,
аспаптың
айналу жиілігі, жуу агенттерінің шығыны мен түрі және т.с.с. бірқатар факторларға тәуелді.
Жоғарыда аталып кеткен факторлардың бірқатары реттелмейді (тау жыныстарының физико-
механикалық қасиеттері, жарықшақтығы, қаттылығы, қажағыштығы) немесе оларды ұңғыны
бұрғылап жатқанда емес, тек ұңғыға аспапты түсіру алдындағы
сатыда ғана өзгертуге
болады(жынысталқандағыш аспаптың түрі, жуу сұйықтығының параметрлері және т.б.), ал
бірқатар өстік күш, айналу жиілігі және жуу сұйығының шығыны сияқты факторлар бұрғы
аспабының ұңғы түбінде жұмысы кезінде бұрғышы пультінен өзгертуге болады. Реттелетін
факторлардың белгілі бір жинағы бұрғылау тәртібі, ал реттелетін факторлар бұрғылау
тәртібінің параметрлері деп аталады.
Тиімді, рационал және арнайы бұрғылау тәртіптерін ажыратады.
Ең жақсы технико-экономикалық көрсеткіштерге (мысалы,
бұрғылаудың ең жоғарғы
механикалық жылдамдығы) қол жеткізетін бұрғылау тәртібін тиімді деп атайды.
Егер бұрғылаудың ең жақсы көрсеткіштеріне белгілі бір обьективті себептердің
салдарынан (бұрғы станогының мүмкіндігі, бұрғылау аспабының беріктік сипаттамалары
және т.б.) жету мүмкін болмаған жағдайда рационал тәртіпті қолданады.
Кей кездері бұрғылау кезінде ұңғының минимал қисаюын қамтамасыз ету, керн
шығымын
жоғарылату, шиеленісті жағдайларда бұрғылау сияқты арнайы мәселелерді
шешуге тура келеді. Онда бұрғылау тәртібі арнайы бұрғылау тәртібі деп аталады.
Бұрғылау тәртібінің әр параметрі (өстік күш, аспаптың айналу жиілігі, жуу
сұйықтығының шығыны) тау жыныстарын талқандау тиімділігіне әсер етеді,
және оларды
анықтау әртүрлі тәсілдермен қатты пайдалы қазбаларға бұрғылау технологиясын жасағанда
негізгі мәселелердің бірі болып табылады.
Бұрғылау тәртіптерін жобалағанда төмендегілерді ескерген жөн:
- жынысталқандағыш құралдың әр түріне өзіндік тиімді параметрлері тән;
- параметрлердің рационал үйлесуіне негізгі әсер ететін факторлар тау
жыныстарының қаттылығы және жарықшақтығы, сонымен қатар ұңғының жағдайы;
- ұңғының қисаюына анизотропия, қисық жатыс, тақтатастылық, қатылықтың ауысуы
сияқты тау жыныстарының қасиеттері себін тигізеді, сондықтан
мұндай қасиеттері бар тау
жыныстарын арнайы тәртіптермен бұрғылау қажет.
Сонымен қатар, бұрғылау тәртібінің параметрлерін анықтағанда бұрғылаудың
механикалық жылдамдығы жынысталқандағыш аспапқа өстік күшті өсірген сайын
жоғарылайтынын ескерген жөн, бірақ белгілі бір шектерден асырмау керек.
Егер ол
тиімдіден жоғары болса бұрғылау жылдамдығы күрт өседі. Бірақ бұл аспаптың қарқынды
тозу есебінен болады және қажағыш материалдарының шығыны мен жынысталқандағыш
аспаптың істен шығуына әкеледі. Тиімдіден төмен өстік күш түсіргенде, яғни тау
жыныстарының қажу немесе беттік талқандалуы орын алғанда кескіштердің мұқалуы немесе
тегістенуі есебінен бұрғылау жылдамдығы төмендейді. Бұл жағдайда өстік күшті аспаптың
айналу жиілігін төмендете отырып өсіреді.
Бұрғыланғыштығы бойынша тау жыныстарының барлық топтарында айналым
жылдамдығын
өсірген
сайын
бұрғылаудың
механикалық
жылдамдығы
алмазбен
бұрғылағанда 2000-2500 мин
-1
-қа, қатты қорытпалармен бұрғылағанда 400-450 мин
-1
-қа
өсетіні белгілі.
Айналымның жоғары жиіліктерін соғу күштеріне төзімді импрегнирленген алмаз
коронкалармен бұрғылағанда, сонымен қатар кіші диаметрлі коронкалармен бұрғылағанда
қолдануға кеңес беріледі. Келесі жағдайларда айналу жиілігін төмендету қажет:
- жынысталқандағыш аспапқа қажетті үлкен өстік күш түсіруді
қамтамасыз ете алмаған
жағдайда өте қатты тау жыныстарын бұрғылағанда;
- қаттылығы біртекті емес, ауыспалы тау жыныстарын бұрғылағанда;
- шламдалған жағдайларда бұрғылағанда;
- бұрғылаудың арнайы тәртібінде.
Жуу агентінің түрі мен көлемі геологиялық қимаға, тау жыныстарының
жарықшақтығына, жынысталқандағыш аспаптың түріне және т.б. байланысты таңдалады.
Достарыңызбен бөлісу: