М. С. Кульгильдинов К. Ә. Жүсіпов Р. Ә. Қозбағаров Көлік техникасын өНдіру және жөНдеу техНоЛоГИясы негіздері оқулық


Жүріс дөңгелектерін механикалық және



жүктеу 5,89 Mb.
Pdf просмотр
бет63/149
Дата12.10.2022
өлшемі5,89 Mb.
#39629
түріОқулық
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   149
kulgildinov-kolik

4.4. Жүріс дөңгелектерін механикалық және
термиялық өңдеу
Крандар мен арбашалардың жүріс дөңгелектерін соғылмадан не-
месе қалыптамадан (65Г, 60Г, 40Г және т.б.), құймадан (55Л-11) және 
болаттан біртұтас дайындамалар түрінде жасайды. 
Жүріс дөңгелектерін механикалық өңдеу кезінде басты операция 
токарлық-карусельдік станогында өңдеу болып табылады.
Кранның жүріс дөңгелегін дайындау кезінде төмендегі операция-
лар орындалады: токарлық-карусельді станокта тесіктер мен күпшек 
қасбеттерін, құрсау қасбетін, екі рет қондырғандағы таптау беттерін ал-
дын ала өңдеу; термиялық өңдеу, таптау шеңбері бойынша дөңгелекті 
таза өңдеу; күпшек тесіктерін тазалап жону; тарту немесе ұрғыш ста-
ноктарда кілтек ойығын салу (4.4-сурет). 
4.4-сурет. Кранның жүріс дөңгелегі
Механикалық өңдеу желісінде және жүріс дөңгелегін жинау бөлігінде 
ағымды өндіріс кезінде металкескіш станоктар мен престерде операция-
ларды орындаудың технологиялық тізбегін қатаң сақтау қажет.
Дөңгелектің жұмыс беттерінің (сырғанау шеңбері мен реборда 
бойынша) қаттылығын арттыру үшін термиялық өңдеу қолданылады. 
Термиялық өңдеу әдісі жүріс дөңгелектерінің ары қарайғы механикалық 
өңдеуіне, сонымен бірге рельс пен дөңгелек арасындағы тозу процесіне 
едәуір әсер етеді. Жүріс дөңгелектерін термиялық өңдеудің ішінде 
ең тиімдісі сорбитизация немесе үздікті шынықтыру әдісі болып та-
былады. Бұл жағдайда жұмыс беттерінің қаттылығы 320...400 НВ 
аралығында болады. Бұл тәсіл жүріс дөңгелектерінің жұмыс істеу 
мерзімін шынықпаған материалмен салыстырғанда 8-10 рет өсіреді. 
4.5. Жүк ілгіштерін механикалық өңдеу
Крандарда жүк ілгіштерінің келесі түрлері қолданылады: 
құйылған бірмүйізді (кранның жүккөтерімділігі 75 т дейін болғанда), 
қосмүйізді (жүккөтерімділік 5...75 т болғанда), табақшалы бірмүйізді 


101
(жүккөтерімділік 37...300 т болғанда) және табақшалы қосмүйізді 
(жүккөтерімділік 100...350 т болғанда).
Құйылған ілгіштерді 20 немесе 20 Г маркалы төмен көміртекті 
болаттардан жасайды. Ілгіштерді жасауға арналған болат маркалары 
металды шығарушы кәсіпорынның сертификатымен бекітілуі тиіс. 
Механикалық өңдеу алдында ілгіштер термиялық өңдеуден – толық 
күйдіруден өтеді, бұл металдағы ішкі кернеулерді түсіреді де, металл 
қаттылығы 95...135НВ дейін төмендейді. 
Соғылған, қалыпталған және табақшалы ілгіштер МЕСТ талаптары-
на сәйкес дайындалуы тиіс. Ілгіш беті таза болуы қажет. Өңделген ілгіш 
ұштарында сызаттар, жарықшақтар, сүйір бұрыштар, кесінділердің бо-
луына тыйым салынады.
Ілгіштерді механикалық өңдеудің технологиялық үдерістері дайын-
дама түрлеріне байланысты болады (4.5-сурет) [11]. 
1-операция – ілгіш дайындамасын таңбалау – ілгіштің геометриялық 
осін анықтаудан басталады. Айлабұйымдағы дайындама ілгіштің радиу-
сы 
r
болатын өңделмейтін ішкі бетіне базаланады. 
h
h
=
±
(
)
1
4
мм ша-
масы 
h
r
c
2
= +
теңдеуімен анықталады, мұндағы, с – базалық беттен 
бастап өлшеніп белгіленетін размер. Таңбалаудың дұрыстығы әртүрлі 
қималардағы 
h
шамасы мәндерінің теңдігімен анықталады.
4.5-сурет. Ірісериялы өндіріс кезінде соқпалы ілгіштің өңдеу 
операцияларының нобайлары:
1 – құралбілік; 2 – қысқыш; 3 – станоктың артқы бөлігінің центрі


102
2-операция – ілгіш өзекшесіндегі центрлік тесікті өңдеу – радиалды-
бұрғылау (кіші және орташа размерлі ілгіштерді) немесе горизонталды-
жону (үлкен размерлі ілгіштерді) станоктарында орындалады. 
3-операция – өзекшені токарлық өңдеу және бұранда салу – 
токарлық-бұранда кескіш станоктарда жүргізіледі.
Бұл операцияларды орындап болған соң тозу жапсырмаларын орна-
ластыру орындарын фрезерлеу үшін ілгішті таңбалау жүргізіледі, содан 
кейін горизонталды-фрезерлеу станогында ферезерлеу орындалады. 
Қорытынды операцияға слесарлық өңдеу жатады. Әрбір қабылданған 
ілгіште стандарт бойынша ілгіш номері, металл мен балқыту номері, 
шығарушы кәсіпорын атауы, дайындау уақыты көрсетілуі тиіс. Бұйым 
паспортында соғылма сертификаты, тексеру мен беріктікке сынау 
нәтижелері берілуі қажет.

жүктеу 5,89 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   149




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау