107
– пластикалық жағдайға дейін қыздырылған термопласт табағын
пневмо- және вакуумдық формалау арқылы;
– текстолиттің, гетинакстың және басқа да осы типтес термопласт
материалдардың қыздырылған табақшаларын қалыптау арқылы.
Пресс-формалардан оңай ажырату үшін
детальдардың пішіндері
қарапайым болуы тиіс. Деталь конструкциясындағы рұқсат етілген
қабырғаның әртүрлілігі 30%-дан аспауы тиіс. Қабырға қалыңдығын
деталь өлшеміне байланысты қабылдайды: ұнтақ типтес феноплас-
тар үшін оның шамасы 1,0...6,5 мм
аралығында, аминопластар үшін
– 1,0...3,5 мм аралығында, шайырлы пластмассалар үшін– 1,5...8,0 мм
болуы тиіс.
Детальдің қаттылығын жоғарылату үшін оларға қаттылық қырларын
жасайды. Олардың қалыңдығын көршілес қабырға қалыңдығының
0,6...0,8 бөлігіндей етіп алады.
Жалпы мақсаттағы детальдар үшін (корпустар, маховиктер,
қалпақшалар, тұтқалар және т.б.) фенолформальдегидтік шайырлардың
ұнтақтары, суға және химиялық төзімді, электроқшаулау және жылуға
төзімді ұнтақтар қолданылады. Бұл ұнтақтардың барлық түрлерін
ыстық және құйып престеу әдісі арқылы бұйымдарға қайта өңдейді.
Ірі бұйымдар дірілнығыздағыш формаларда алынады. Престелген
бұйымдардың жылдам суынуы бет қаттылығы мен материалдың жал-
пы беріктігін, ал оларды термостатта ұстау өлшемдердің тұрақтылығын
жоғарылатады.
Тісті дөңгелектер мен мойынтірек төсемелерін синтетикалық шай-
ырды өзіне сіңдіріп алған әйнек материалдар немесе мақта-маталардан
тұратын дайындамалар пакетін престеу арқылы алады. Фрикциялық
қасиеттер, қаттылық, соққыға, дірілге
және ыстыққа төзімділік пен
өңдеу технологиясы толықтырғыштар қасиеттеріне байланысты бола-
ды. Эпоксидті шайырлардың үзілуге есептеген орташа беріктік шегі
100 МПа құраса, табақшалы толықтырғышы бар пластмассалардікі
300...950 МПа аралығында болады.
Талшықты толықтырғышы бар пластмассалар (мақта целлюлозасы,
асбестік және әйнектік талшықтар, жүнді тарамалар) беріктігі бойынша
қабатты материалдарға жол беріп қояды, бірақ оларды машина детальда-
рын дайындаудың технологиялылығы мен экономикалылығы бойынша
басып озады. Талшықты толықтырғышы бар пластмассалардан күрделі
пішіндегі детальдарды кәдімгі және құйып престеу әдісі арқылы жасай-
ды. Газауалы толықтырғышы бар пластмассалардың тығыздығы төмен
болады (пенопоропластар),
оларды жылу оқшаулағыштар, амортиза-
циялайтын құралдар есебінде және арнайы детальдар дайындау үшін
қолданады.
108
Машиналарды сумен, жылумен, суағармен қамтамасыз ететін
инженерлік және пайдалану жүйесінде кең қолданылатын болат
құбырлардың бірнеше кемшіліктері бар, олардың ішіндегі ең бастысы
– тот басу. Оның салдарынан құбырдың ішкі қабырғаларында қабаттар
пайда болып, ішкі қима тарылады да, суды тарату үшін қосымша энер-
гия шығындауға тура келеді.
Болат құбырлардың орташа жұмыс істеу мерзімі 5-15 жыл, ал
бипластмассалардікі қолданылатын шикізатқа
байланысты болаттар-
мен салыстырғанда 2-10 есе жоғары болады.
Қазіргі кезде әйнекпластикпен қапталған диаметрі 50 мм және
қабырғасының орташа қалыңдығы 4,6 мм болатын сынақтан өткізіліп
дайындалған құбыр үлгілері өндірісте шығарылған. Сынақтар нәтижесі
мынадай қорытынды жасауға мүмкіндік береді: бипластмассалық
құбырлар ыстық сумен қамтамасыз ету жүйесінде 45-50 жыл жұмыс
істей алса, бұл көрсеткіш суық сумен қамтамасыз етуде 60-70 жылды
құрайды. Бұл құбырлар сұйықтарды тасымалдауды – 40
0
С-тан судың
қайнау температурасына дейінгі режимде қамтамасыз ете алады.
Пластмассалар декоративтік, антикоррозиялық
және антифрик-
циялық жабулар есебінде қолданылады. Оларды газ-жалынды не-
месе құйынды әдіспен жабады. Бастапқы материалдар есебінде
термопластикалық материалдар (полиэтилен, полипропилен, полиамид,
капролактам, фторопласт, полиуретан) қолданылады. Жабу қалыңдығы
0,50...0,35 мм аралығында болады.
Аталған тәсілмен втулкалардың, отын сораптарының білікшелерінің,
күштік сораптар детальдарының және т.б. қаптамаларына жабу жабуға
болады. Пайдаланылатын пластмассаға байланысты дайындамалар-
ды шаңдату алдында 180...300
0
С температураға дейін қыздырады.
Шаңдату ұзақтығы 2...5с құрайды. Пластмассалық жабулар көміртекті
болаттарды легірленген немесе түсті металдардың орнына пайдалануға
мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: