М. С. Кульгильдинов К. Ә. Жүсіпов Р. Ә. Қозбағаров Көлік техникасын өНдіру және жөНдеу техНоЛоГИясы негіздері оқулық


Тежегіш шкивтерді механикалық өңдеу



жүктеу 5,89 Mb.
Pdf просмотр
бет61/149
Дата12.10.2022
өлшемі5,89 Mb.
#39629
түріОқулық
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   149
kulgildinov-kolik

4.2. Тежегіш шкивтерді механикалық өңдеу
Тежегіш шкивтердің дайындамасы ретінде болат құймаларды пайда-
ланады. Диаметрі 500 мм-ге дейінгі тежегіш шкивтерді әдетте орталық 
тесіксіз құяды. Барабанның таспалы тежегіштерінің шкивтерін фасон-
ды сақиналы дайындама түрінде құяды. 


97
Шкивтерді дайындау кезіндегі негізгі технологиялық шарттар 
төмендегідей [18]:
– шкивтер мен дискілердің үйкелетін беттерінде ой-шұқырлық, 
қуыстық секілді ақаулар болмауы тиіс;
– білік осіне қатысты шкивтердің жұмыстық беттерінің радиалды 
соққысы 0,15 мм-ден аспауы тиіс (сызбада басқа талаптар қойылмаған 
жағдайда); 
– қайнатылған қаяудың диаметрі 8 мм-ден аспауы, тереңдігі – 
қабырға қалыңдығының 1/4-нен аспауы, қаяулар саны – дөңгелектің 
200 мм ұзындығына бір қаяудан кем болмауы тиіс.
Кішісериялы өндіріс кезінде және тежегіш шкивтерін жөндеу бары-
сында сыртқы, ішкі және қасбеттік беттерді қаралтым және таза өңдеу 
дайындаманы бірнеше рет ауыстырып қондыру арқылы токарлық ста-
ноктарда жүргізіледі. Кілтектік шкивтерді ұрғыш станоктарда өңдейді. 
Ірісериялы өндіріс кезінде операцияларды арнайы станоктарда 
орындайды. Негізгі операциялар 4.2-суретте көрсетілген [11].
4.2-сурет. Тежегіш шкивтерді өңдеудің негізгі 
операцияларының нобайлары
1-операция – токарлық немесе токарлық-карусельді станоктарда 
дайындаманың сыртқы, ішкі және қасбеттік беттерін алдын ала токар-
7–8708


98
лық өңдеу. Операция өңделетін беттерде 1-10 сандарымен белгіленген 
10 өтпеден тұрады.
2-операция – құрсаудың қалған бөлігін токарлық-револьверлік 
станокта өңдеу, тесіктерді бұрғылау және кеңейту. Формасына байла-
нысты отырғызу тесігі алдын ала (конустық форма) немесе аяқталып 
(цилиндрлік форма) өңделеді. Соңғы жағдайда тесіктерді кеңейтіп 
бұрғылау өңдеудің соңғы өтпесі болып саналады (4-өтпе).
3-операция – токарлық-револьверлік станокта конус сызықшасын 
пайдалана отырып конус тесігін соңғы рет токарлық өңдеу.
4-операция – горизонтальді-тартқыш станокта кілтекті ойықты 
тарту.
5-операция – сыртқы бет бойынша ажарлау припускісімен сыртқы 
және қасбеттік беттерді токарлық өңдеу. Дайындама жылдам қысатын 
конустық құралбілікте бекітіледі.
6-операция – жартымуфталарды қосуға арналған болттар тесіктерін 
бұрғылау.
Осы операциялар орындалып болған соң, шкивтер соңғы термиялық 
өңдеуге жіберіледі, сонан соң цилиндрлік беттер ажарланады.

жүктеу 5,89 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   149




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау