М. С. Кульгильдинов К. Ә. Жүсіпов Р. Ә. Қозбағаров Көлік техникасын өНдіру және жөНдеу техНоЛоГИясы негіздері оқулық



жүктеу 5,89 Mb.
Pdf просмотр
бет34/149
Дата12.10.2022
өлшемі5,89 Mb.
#39629
түріОқулық
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   149
kulgildinov-kolik

тірек нүктесі
деп аталады. Базалау 
сұлбасында барлық тірек нүктелерін шартты белгілермен көрсетіп, тірек 
нүктелері ең көп орналасқан базадан бастап қатар санмен нөмірлейді.
Егер қандай да бір тірек нүктесі тағы бір нүктемен сәйкес келіп 
қалса, біріктірілген нүктелердің нөмірі қойылған бір нүкте белгіленеді 
(1.17-сурет).
1.17-сурет. Призмалық детальды базалау сұлбасы:
1-6 – тірек нүктелері; I, II, III – деталь базалары
Өңдеу мен жинаудың технологиялық үдерістерін жобалау және де 
қателіктерді есептеу базалар таңдамасына тікелей байланысты, олар 
жобалау, конструкторлық, технологиялық және өлшегіш базалар болып 
бөлінеді [24].
Бұйымды жобалау, оны дайындаудың технологиялық процесін жа-
сау немесе жөндеу кезінде таңдап алынған база жобалау базасы деп ата-
лады. 
Бұйымды жобалау кезінде бұйымның басқа элементтерімен 
салыстырғанда детальдың есептік жағдайын, ал технологиялық үдерісті 
жобалау кезінде өңделетін дайындаманың технологиялық жүйесінің 
(кесу аспабының, жабдықтың және станоктың) басқа элементтерімен 
салыстырғандағы есептік орнын анықтайды. Жобалау базаларын сыз-
баларда геометриялық элементтер (біліктер мен тесіктер осьтері, сим-
метрия жазықтықтары, бұрыштар биссектрисалары және т.б.) түрінде 
көрсетеді.
Детальдің немесе жинақ бірлігінің бұйымдағы орнын анықтау үшін 
қолданылатын базалар конструкторлық деп аталады. Бұйымды жинау 
кезінде оның элементтерінің конструкторлық базасы біріктіріледі. Сол 
себепті конструкторлық базалар бұйым элементтерінің нағыз беттері 
болып табылады. 
Дайындама немесе бұйымның дайындау (жөндеу) үдерісіндегі 
орнын анықтау үшін қолданылатын базалар технологиялық деп ата-


49
лады. Дайындама немесе жинақ бірлігін жабдыққа орнықтырар 
кездегі жабдықтың орнату элементтерімен тікелей жанасуда болатын 
дайындаманың немесе жинақ бірлігінің беттері технологиялық базалар 
болып саналады. Бұл базалар негізгі және көмекші (жасанды) болып 
бөлінеді.
Негізгі технологиялық базаларға деталь конструкциясының 
бөлінбес бөлігі болатын және бұйымның жұмыс кезінде белгілі бір 
қызмет атқаратын беттері жатады. Мысалы, 1-ші тесік беті (1.18-сурет 
а) және дайындаманың шетжақ беті 2 тістерді жасау кезінде базалау 
үшін қолданылады, әрі технологиялық база болып саналады.
1.18-сурет. Деталь беттерінің негізгі (а) 
және көмекші (ә) базалары
Көмекші базалар – технологиялық тұрғыдан алғанда арнайы жа-
салатын беттер, әрі олар бұйымдағы детальдің жұмысына қажет емес. 
Мысалы, корпустық детальдар дайындамасындағы бекітуге арналған 
тесіктер 3, қозғалтқыш піспегінің етегіндегі центрлегіш белбеу 4 және 
торец 5 (1.18-сурет ә) және т.б.
Өлшегіш базалар дайындаманы өңдеу (бұйымды жинау) кезінде 
өлшемдерді есептеуді бастауға немесе деталь беттерінің (бұйым 
элементтерінің) өзара орналасу жағдайын тексеруге арналған беттер.

жүктеу 5,89 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   149




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау