43
Шақтама формасының ауытқуы мен орналасуының негізгі түрлеріне
қатысты терминдер мен анықтамалар МЕСТ 24642-81 бойынша
бекітілген.
Сапа параметрлері бойынша технологиялық жүйелерді бағалау
әдістері
. Дайындалатын өнімнің қажетті сапасына қолжеткізу үшін
технологиялық жүйелердің (ТЖ) сенімділігін бағалау (МЕСТ 27202-
83) қазіргі кезде өте өзекті мәселе болып саналады. ТЖ-ні төрт түрге
бөледі: технологиялық операцияның ТЖ, технологиялық үдерістің ТЖ,
жеке өндірістік бөлім (цех, участок және т.б.) аумағында қолданылатын
ТЖ, кәсіпорын ТЖ-і [10].
Дайындалатын өнімнің сапа параметрлері бойынша сенімділік
көрсеткіштерінің барлығы ТЖ түрлеріне байланысты 4 топқа бөлінеді:
– технологиялық үдерістің және
технологиялық жабдықтау
құралдарының дәлдігі;
– технологиялық тәртіп;
– өнім сапасы параметрлері бойынша тапсырмаларды орындау;
– кешенді көрсеткіштер.
Дайындалатын өнімнің сапасы параметрлері
бойынша және ТЖ
түрлері мен бағалау мақсатына байланысты сенімділік көрсеткіштерін
бағалау үшін есептік, тәжірибелік-статистикалық, тіркеу немесе
эксперттік әдістер қолданылады. Дәлдік
параметрлері бойынша ТЖ
сенімділігін алдын ала бағалау үшін квалитеттер әдісі де пайдала-
нылады. Өңдеу дәлдігіне, сонымен
қатар жұмысшы біліктілігі, яғни
субъективті фактор да әсер етеді.
Өңдеудің дәлдігі мен өзіндік құнының арасындағы байланы-
сты қарастыралық. Әр түрлі дәрежелі дәлдіктегі бір дайындаманы
өңдеу
кезінде еңбек сыйымдылығы, яғни оның салдарынан өзіндік
құн да өзгереді: дайындалатын детальді аз шақтамамен өңдеген кезде
еңбексыйымдылық пен өзіндік құн өседі (1.15-сурет а), себебі өңдеудің
жоғары дәлдігіне қолжеткізу үшін технологиялық әдістерді көбірек
қолдануға
тура келеді, мысалы, жону, ажарлау және т.б.
1.15-сурет. Детальді дайындаудың өзіндік құнының өңдеуге берілген
шақтамамен (а) және өңдеу әдістерімен (ә) байланысы
44
1.15-сурет ә-де детальді дайындаудың
өзіндік құнына тазалау
әдістерінің әсері көрсетілген. Графиктен таза ажарлаудың орташа
экономикалық дәлдігі 7-ші, 8-ші квалитеттерге,
алдын ала ажар-
лауда – 8-ші, 9-шы, ал таза жонудікі 10-шы, 11-ші квалитеттерге
сәйкес келетіндігін көруге болады. Белгілі бір өңдеу әдісінің орташа
экономикалық дәлдігі – уақыт пен
құралдар шығынының өңдеудің
басқа әдістерімен салыстырғанда аз болған кездегі қалыпты өндіріс
жағдайында алынатын дәлдік. Өндіріс технологиясын жетілдірген сай-
ын өңдеудің орташа экономикалық дәлдігі де арта түседі.
Достарыңызбен бөлісу: