жастан оқыту, т.б.). Балалардың дене жэне психикалық дамуында ай-
кындалган күрделі өзгерістердің бірі - организмнің жедел дамуы. Бұл
қүбылыстарды акселерация (лат.- жедел) деп атайды. Акселерацияға
тэн ерекшелік: баланың бойының, салмағының,
бұлшық етінің жедел
түрде өсіп жетілуі.
Тэрбие - бала дамуын бағыттайды, басқарады, сондықган
тэрбие - баланы қалыптастырудағы негізгі күш.
Дарынды адамдарга тэн қасиеттер: зейінділік, жинакылық, тұ-
рақтылық, эрқашан қызметке дайын болу; мақсатка жетуде акылга сай
табандылыққа ие, еңбекте шаршап-шалдығуды білмейді, басқалармен
сапыстырғанда интеллекттік деңгейі жогары. «Дарындылык» — бүл
адамның белгілі іс-әрекет аумағында ерекше табыстарға жетуге көмек-
тесетін, қабілет дамуының жоғары деңгейі.
Дарындылық пен қабілет-
тілің түсініктері бір - біріне өте жақын үғымдар. «Қабілеттілік, - деп
атап көрсетеді Д.Н.Ушаков, ол табиғи дарын, бір нәрсені жасай алу
мүмкіндігі». Қабілеттілік түлғаның іс - әрекеттің бір сапасына, нақты
бір ғылымға өзіндік бейімін, қасиетін көрсете білуі. Бүл түлғаның
бойында білім, білік, дағды, тәжірибелік іс - әрекетінен, тәрбиелік қа-
рым-катынасынан, зеректік, тапқырлық, байқагыштық қасиеттерінен
еркін көруге болады. Қабілетсіз түлға болмайды.
Қабілеттің өзі жалпы
жэне жэне арнайы болып екіге бөлінеді. Жалпы қабілет көптеген дара
түлғалардың зеректік, тапқырлық, байқағыштық қасиеттері арқылы кө-
рініс береді. Ал, арнайы қабілет эсіресе өнер адамдарында, айтыскер
ақындардың суырып салмалығы, композитор, энші, суретші т.б. атауға
болады.
Дарындылық — адамның белгілі бір іске деген айрықша ка-
білеттілігі, өмірдің қандай да бір саласында өзін ерекше қырынан көр-
сетуі. М.Горький «адамдағы дарындылык қасиеттің туа бітетіні, жүре
пайда болатыны да болады. Туа бітетіні түқым қуапаушылык. Бүл
биік деңгейлерге көтерілуі де мүмкін, өшіп те қалуы мүмкін. Дарын-
дылықты үнемі дамытып отыру қажет», - деп атап көрсетеді.
В.
Крутецскийдің анықтауы бойынша «егер қабілеттіліктер де-
ген ұғымды жеке психикалық касиеттер деп түсінсек,
онда дарын-
дылық дегенді адамның ерекше қабілетінің жиынтыгының бірлігі
деуге болады»,- деп түжырымынан дарындылық қабілеттіктің жиын-
тығы екенін, іс-эрекет саласында ерекше жетістікке жеткізетін адам
қабілетінің дамуының жоғары деңгейі дара ерекшелік деп бағалауға
болады.
Талант (гр. Іаіапіоп — бастапқыда салмақ, өлшем, кейіннен
ауыспалы мағынада — қабілетгер денгейі) — қабілеттердің ең
алдымен, арнайы қабілеттердің дамуынын биік деңгейі.
Балалардың психофизиологиялық эркелкі дамуы олардың тем-
пераментіне, қабілетіне,
дарындылығына, талантына т.б. тікелей
байланысты болады.
113