Құрсатырған: Орынбаева Д., Оспан Д.
87028435334
Кавказда, Анадолы күрдтерінде бұл сөз жақсы жампоз, ер жігіт деген ұғым берсе,
Константинопольде атты әскердің әскери ептілігі мен шеберлігі сөз болғанда осы
мағынада қолданады. Орта Азияның көшпенді татар тайпаларында жігіт деген бозбала,
жас деген мағынаға ие. Жігіт деп нақты бір жастағы адамды айтпайды, себебі далада 80 ге
келгенше бала (لااب) болып саналуы да мүмкін. Жігіт сөзін отырықшы Қазан және Тобыл
татарлары қолданбайды, оның орнына малай (یلاام) малой сөзі жүреді, жартылай
шабарман, жартылай құл деген мағына береді.
2) Азаматтар, шоралар (راتـتامازا رلااروچ) деген сөздер көне қырғыз жырларында жиі
қолданылады. Азамат деп азат, үйленген және туған-туыстарына тәуелсіз, кәмелеттік
жасқа жетіп, әкесінен еншісін алған адамды айтады. Шора - азаматтың синонимі, бірақ
азамат сөзі қосылмай жеке қолданылғанда бұл сөз біршама кең мағынаға ие. Шора азамат
- таза әскери сөз, жолдас, қарулас деуге болады.
3) Қозы Көрпеш-Баян сұлу туралы жыр Орта Азияның барлық татар және монғол
тайпаларында бар, бірақ, әрине, оқиғаның өткен жері мен кезеңі әртүрлі айтылады.
Профессор Эрдманн Қозы Көрпешті түсініктемелерімен парсы тілінде жариялапты, бірақ
мен оны оқыған жоқпын, сесебі парсы тілін білмеймін. Кейін Қозы Көрпешті Орынборда
біреу башқұрт тілінен аударып және шығарма аздаған данамен жарық көрген.
Қырғыз даласында жыр ауыздан-ауызға тарап айтылады.
Қырғыз поэзиясы мынадай: өлең - жаңа шыққан немесе танымал әнші шығарып,
домбыра, қобыз немесе ишарамен бастапқы түріне мейлінше жақындатылып айтылатын
ән. Әнші туындыға өз бетінше кіріспе немесе соңын қосуға ерікті. Осы
аудармадағы15 бастапқы төрт шумақ қаракесек руының қамбар елінен шыққан Жанақ
ақынға тиесілі, қалғандары - көне дәуірдің беймәлім ақынының шығармасы.
****
Қырғыздардың ең тамаша тарихи жыры - Едіге هکدا, дәл сол Тоқтамыстың
жарлығында айтылатын Идиге немесе Эдеку, Едігей. Ворсклде Витовты жеңіп, төрт хан
тұсында орданы өзі билеген бек mangab*6 түменбасы. Орақ, Ер Көкше*7 және Ер
Қосай*8 - өзге эпикалық туындылардың қаһармандары, олар да ноғай халқына жатады,
бірақ олардың жырлары тайпалық қақтығыстар, хандардың соғысы мен жорығы және
Тоқтамыстан кейінгі кезеңіндегі ордадағы шиеленістерді бейнелеуімен ерекшеленеді.
Қазақтардың поэтикалық туындылары: эпостар, мадақ одалар, жоқтау*9 - дүние салған
күйеуіне арнаған әйелдің өлеңі немесе баласына арнаған ананың16 жыры солай аталады.
Тіпті суырып салма ақындардың өлеңдері өлшемге бағынып, ауыздан ауызға, ұрпақтан
ұрпаққа жыршы ахундар17арқылы көне Грекиядағы Гомердің рапсодиялары сияқты
көшіп отырады. Бұл ақындар халық арасында ерекше құрметке ие және бай сұлтан
билерді мадақтап, танымал болып, дәулет жияды. Қазіргі таңда қазақ даласында
ақындар18 (немесе یچنلاوا) көп болғанымен, олар көбіне суырып салма ақындар . Көне
жырлар жаңа буынға түсініксіздеу болғандықтан, жыл өткен сайын ұмтылып барады және
оны жақсы білетін жыршылар да аз қалды. Оларды жинау да өте қиын. Қанша
тырысқаныммен, Қозы Көрпештің толық мәтінін, Едіге мен Орақ туралы жырдың шағын
үзіндісін ғана таптым, дегенмен жақында танысқан бір ақыннан олардың барлық көне
жырларды табармын деп үміттенемін...
*****
Достарыңызбен бөлісу: