Абай атындағы республикалық мамандандырылға дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернаты



жүктеу 2,38 Mb.
Pdf просмотр
бет36/83
Дата12.09.2022
өлшемі2,38 Mb.
#39215
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   83
Қазақ әдебиеті 9-сынып

 
ЖОҢҒАРИЯ ОЧЕРКТЕРІ 
 
Шығарманың толық нұсқасын төмендегі сілтемеден тыңдай аласыздар: 
https://kitap.kz/audio-book/engbekteri
 


Құрсатырған: Орынбаева Д., Оспан Д. 
87028435334 
ҚАЗАҚТЫҢ ХАЛЫҚ ПОЭЗИЯСЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ 
...Жырдың мағынасы сазды шығарма. Жырламақ етістігінің мағынасы әуендетіп 
айту. Барлық дала жырлары қобыздың сүйемелдеуімен әуендетіп айтылады. Әдетте, 
жырдың арқауы өмір немесе ертедегі белгілі бір батырдың ерліктері болып табылады. 
Айта кететін жай, батырдың өмірі, ерлігі, бір сөзбен, баяндау қара сөзбен, проза тілімен 
айтылады, ал жыр жолдары тек басты кейіпкер немесе кейіпкерлер сөйлеген кезде 
қолданылады. 
Қырғыздардың арасында маған белгілі тағы екі жыр бар, біреуі: «Ер Көкше - Ер 
Қосай» деп аталады. Онда уақ руынан шыққан Ер Көкше мен оның ұлы Ер Қосайдың 
қыпшақ тайпасымен соғыстағы ерліктері баяндалады. Бұл жырдың ешқандай тарихи 
маңызы жоқ, ондағы батырлардың есімдер де бізге белгісіз, алайда жыр өте екпінді және 
жарқын. Жырдың өне бойы қызықты, ең тамашасы, жырдың бірінші бөлімінің бас 
кейіпкері жеңіліс тауып, тұла бойы жарақаттан қайтыс болады. Оның ұлы Ер Қосай 
кейіннен қыпшақтардан кек алады. Бұл жырда ертедегі дала сарбаздарының соғыс 
тактикасы мен стратегиясы егжей-тегжейлі бяндалғанының өзімен ғана жыр 
қызығушылық туғызады. 
Қазіргі күні бұл жырды тек бір адам - Көкшетау округінің Қойлы Атығай болысы 
қырғызы Арсланбай біледі. Өкінішке орай, мен бұл қызықты жырды жазып ала алмадым. 
Екінші жыр Орақ батыр деп аталады. Онда қарауыл Орақ батырдың Ресейге 
жорыққа аттанып, орыстарға тұтқынға түсіп, түрмеде 10 жыл болғаны, кейіннен Ресейде 
үйленіп, балалы шағалы болып, артынын елін сағынып, қырға қайта оралып, сол жерде 
қалғаны жайлы баяндалады. 
Бізде Орақовтар отбасы бар. Орақ секілді батыр жырын қырғыздардың көбі біледі, 
бірақ толық емес. Ал толық жырды мен бірде Кіші жүзде Нұрымбай2 деген жыршы-дан 
естідім. Ол - алшын, бірақ ылғи дерлік Ахмет Жантөриннің3 қол астында қыпшақтармен 
бірге көшіп қонып жүреді. 
Жырда айтылатын өлең жолдарының өлшемдерін көрсету үшін мысал келтіре 
кетейін. Тоқтамыстың тоғыз батыры Едігені қуып жетіп, Кенжанбай оған былай дейді: 
Ай, Едіге енді сен қайт сана*, 
Қайтып Еділ өт сана. 
Еңсесі биік боз орда, 
Еңкейіп сәлем бер сана. 
Ерні жұқа сары аяқ
Ер сарқытын іш сана. 
Жауырындары жақталы, 
Түйме бауы тарпалы, 
Ақ қара кіс үстіңе, 
Тон береді ки сана. 
Көк ала жорға ат мініп, 
Көн дауылпаз байланып, 
Тұтам бауы сом алтын 
Ақ сұңқар құс береді,- 
Көл айнала шүй сана! және т.б.. 
Едіге жырының оқиғасы XIV ғасырдың аяғына жатады, бірақ XV ғасырда құрылған 
болуы керек. Бұған қазір тілімізде қолданылмайтын көптеген көнерген сөздер мен 
оралымдар дәлел, сонымен қатар бүкіл жырда бірде-бір парсы, араб сөздері кездеспейтінін 
атап өту қажет, ал қазір Ислам дінінің тарауына байланысты, тіпті қарапайым халық 
ауызында, сол тілдердің сөздері көптеп қолданыста жүр. 
Мен қырда соңғы болғанымда жыр поэзияның ескірген түрі саналатын болған. 
Жыр формасы, қобыз секілді бақсының еншісіне қалған. Олар жыр мұндай түрлерін 


Құрсатырған: Орынбаева Д., Оспан Д. 
87028435334 
сақтай отырып, жындарды аластауда пайдаланады. Жыр мен қобыз атақты суырып салма 
әнші Жанақтың өліміне кейін қолданыстан шықты деп сеніммен айтуға болады. Ол қазіргі 
Қарқаралы округіне жататын қамбар елінен, қаракесек руынан шыққан. 
Қазіргі әншілер оның әуенін, өлеңдерін сөзбе сөз қайталап қолданса да, сүйемелдеу үшін 
көбіне қос ішекті балалайканы* пайдаланады. 
Қобыз екі ішекті альттің бір түрі, оның ішектері жылқының қылынан жасалады 
және оны қияқпен ойнайды. Қобыздың басқа сазды аспаптарға қарағанда жоғарғы декасы 
жоқ, шанағы дөңгелек, мойыны жоғары керілген, ішектерін оған қысуға келмейді, 
флажолеттің* әртүрлі тондары алынады. Негізі, сазды болмаса да, өте қиын және 
жағымды аспап. 
Домбыра мен қазіргі әндер жыр мен қобызды мүлдем ығыстырды. Қазір қазақ 
даласында төмендегі жыр түрлері бар: 
1. Жыр, жоғарыда түсінік беріп өттім. 
2. Жоқтау - қайтыс болған адамға арнау. Оны әдетте әйел адамдар шығарады және 
көбінесе жанынан шығарылады. Өлшемі жырдағы сияқты. Белгілі жоқтаулардың ішінде 
ең атақтысы және қайғылысы - Орта жүзде ханша Айғаным Уәлиеваның 1833 жылы 
шешектен қайтыс болған ұлын жоқтауы және 14 жастағы, кейіннен суырып 
салмалығымен6 атағы шыққан әйелдің күйеуінің асында шығарған жоқтауы. 
3. Қайым - үйлену тойларында айтылатын, сұрақ пен жауаптан құрылған жастар 
арасындағы өлең. Ол төрт жолдан тұрады, алғашқы екі жолы төртінші жолмен ұйқасады. 
Бұл өлеңдер әртүрлі жұмбақтар, эпиграммалар, шектен шығып кететін бәдік қалжыңдарды 
қамтиды. 
4. Қара өлең - қарапайым өлең, төрт шумақтан құралады, шумақ-тардың әрқайсысы 
жеке тақырыпты сөз етеді. Бұл өлеңдер негізінен ашық дауысқа арналған. Көп жағдайда 
шумақтардың мағынасы болмайды. 
5. Өлең. Бұл форманы қазір барлық жаңа ақындар табан асты тауып айту үшін де 
терме-жыр үшін де қолданады. Көбіне қарауыл руынан, атеке-жібірден шыққан әнші 
Орынбай және үнемі Әбілқайыр Ғаббасов сұлтанның жанында болатын, атығай, жаңа-
қырғыз соқыр жырау Шөже жырларында көптеп кездеседі. Бұл өлеңдердің арқауы 
көбінесе діни қисса. Қазір олар Сейітбаттал қожаның* ерліктері, Жүсіп пен Зылиханың 
махаббаты, Ибрагимнің өмірін жырлайды. Олардың бәрі идеясының фанатизмі, 
баяндаудың солғындығынан тез жалықтырып жібереді. 
Өлең формасына қазір ақындар барынша төселіп алған, оны өте ыңғайлы 
болғандықтан, бірден құрастыру үшін қолданады. Атақты Қозы Көрпеш-Баян сұлу жырын 
маған Жанақ ақын өлең түрінде айтып берген. 
Өлең қырғыз даласына 50 жыл бұрын Тобыл және Қазан татарлары келіп жатқан 
кезде тарады. Бұрын қашқындар мен татардан шыққандарды қырғыздар қой тәрізді 
Қытайға, Бұхараға, Ташкентке сататын, алайда мұсылман діні таралған сайын татарлар 
қырда ой-пікір және діні үшін жанқияр саналып, ешкім тимейтін болды. Татар 
поэзиясының түрі сазды, мағыналы келіп, қырғыз батырлар жырынан үстем түсе бастады. 
Өлең төрт жолдан тұрады, алғашқы екі жолы мен төртінші жол ұйқасып келген, 
буын саны тұрақты, үшінші жол ұйқаспайды. Шығыс поэзиясы үшін араб өлшемі әрдайым 
лайық келе бермейтінін дәлелдеу үшін, мен шығыстанушыларға мысал ретінде Қозы 
Көрпештен алғашқы төрт жол өлеңді келтіріп отырмын: 
نيكيم زا باد راتـتـكج ليك يلاتيك 
هدنساتروا كوك هبوت كليب
ي يلاتيا 
راتتامازا يابنيرا زكناسلاكنـت 
وزوق چاپروك یدناياب یلاتابريت.* 
1) Татар тілінен немесе ғалымдар айтқандай негізі түркілік барлық тілдерде «игит» 
- жігіт تگج сөзі бар, бірақ әр тілде әртүрлі айтылуымен қоса, түрліше мағынаға ие. 


Құрсатырған: Орынбаева Д., Оспан Д. 
87028435334 
Кавказда, Анадолы күрдтерінде бұл сөз жақсы жампоз, ер жігіт деген ұғым берсе, 
Константинопольде атты әскердің әскери ептілігі мен шеберлігі сөз болғанда осы 
мағынада қолданады. Орта Азияның көшпенді татар тайпаларында жігіт деген бозбала, 
жас деген мағынаға ие. Жігіт деп нақты бір жастағы адамды айтпайды, себебі далада 80 ге 
келгенше бала (لااب) болып саналуы да мүмкін. Жігіт сөзін отырықшы Қазан және Тобыл 
татарлары қолданбайды, оның орнына малай (یلاام) малой сөзі жүреді, жартылай 
шабарман, жартылай құл деген мағына береді. 
2) Азаматтар, шоралар (راتـتامازا رلااروچ) деген сөздер көне қырғыз жырларында жиі 
қолданылады. Азамат деп азат, үйленген және туған-туыстарына тәуелсіз, кәмелеттік 
жасқа жетіп, әкесінен еншісін алған адамды айтады. Шора - азаматтың синонимі, бірақ 
азамат сөзі қосылмай жеке қолданылғанда бұл сөз біршама кең мағынаға ие. Шора азамат 
- таза әскери сөз, жолдас, қарулас деуге болады. 
3) Қозы Көрпеш-Баян сұлу туралы жыр Орта Азияның барлық татар және монғол 
тайпаларында бар, бірақ, әрине, оқиғаның өткен жері мен кезеңі әртүрлі айтылады. 
Профессор Эрдманн Қозы Көрпешті түсініктемелерімен парсы тілінде жариялапты, бірақ 
мен оны оқыған жоқпын, сесебі парсы тілін білмеймін. Кейін Қозы Көрпешті Орынборда 
біреу башқұрт тілінен аударып және шығарма аздаған данамен жарық көрген. 
Қырғыз даласында жыр ауыздан-ауызға тарап айтылады. 
Қырғыз поэзиясы мынадай: өлең - жаңа шыққан немесе танымал әнші шығарып, 
домбыра, қобыз немесе ишарамен бастапқы түріне мейлінше жақындатылып айтылатын 
ән. Әнші туындыға өз бетінше кіріспе немесе соңын қосуға ерікті. Осы 
аудармадағы15 бастапқы төрт шумақ қаракесек руының қамбар елінен шыққан Жанақ 
ақынға тиесілі, қалғандары - көне дәуірдің беймәлім ақынының шығармасы. 
**** 
Қырғыздардың ең тамаша тарихи жыры - Едіге هکدا, дәл сол Тоқтамыстың 
жарлығында айтылатын Идиге немесе Эдеку, Едігей. Ворсклде Витовты жеңіп, төрт хан 
тұсында орданы өзі билеген бек mangab*6 түменбасы. Орақ, Ер Көкше*7 және Ер 
Қосай*8 - өзге эпикалық туындылардың қаһармандары, олар да ноғай халқына жатады, 
бірақ олардың жырлары тайпалық қақтығыстар, хандардың соғысы мен жорығы және 
Тоқтамыстан кейінгі кезеңіндегі ордадағы шиеленістерді бейнелеуімен ерекшеленеді. 
Қазақтардың поэтикалық туындылары: эпостар, мадақ одалар, жоқтау*9 - дүние салған 
күйеуіне арнаған әйелдің өлеңі немесе баласына арнаған ананың16 жыры солай аталады. 
Тіпті суырып салма ақындардың өлеңдері өлшемге бағынып, ауыздан ауызға, ұрпақтан 
ұрпаққа жыршы ахундар17арқылы көне Грекиядағы Гомердің рапсодиялары сияқты 
көшіп отырады. Бұл ақындар халық арасында ерекше құрметке ие және бай сұлтан 
билерді мадақтап, танымал болып, дәулет жияды. Қазіргі таңда қазақ даласында 
ақындар18 (немесе یچنلاوا) көп болғанымен, олар көбіне суырып салма ақындар . Көне 
жырлар жаңа буынға түсініксіздеу болғандықтан, жыл өткен сайын ұмтылып барады және 
оны жақсы білетін жыршылар да аз қалды. Оларды жинау да өте қиын. Қанша 
тырысқаныммен, Қозы Көрпештің толық мәтінін, Едіге мен Орақ туралы жырдың шағын 
үзіндісін ғана таптым, дегенмен жақында танысқан бір ақыннан олардың барлық көне 
жырларды табармын деп үміттенемін... 
***** 

жүктеу 2,38 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   83




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау